Бөлімше 2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру
Оқу мақсаты
2.2.3.1 Мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады
және жауап береді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма Мәтінді түсініп оқы.
Футбол
«Футбол» сөзі ағылшыннан аударғанда «табан доп» деген мағынада қолданылады. 1863 жылы қазан айында Лондонда алғаш рет футболшылардың одағы құрылды. Қазіргі футбол тарихы сол оқиғадан басталады. 1934 жылдан соң Ресейде тұңғыш футбол командасы пайда болды.
Біздің елімізде футбол ойыны кеңінен тараған. Футбол – ұжымдық ойын. Футбол ойнау үшін өте төзімді болу керек.
Қазақстанның «Қайрат» футбол командасы 1959 жылы құрылды. Сол кезден бастап «Қайрат» ел намысын қорғап келеді.
Мәтіннің мазмұны бойынша жұпта бір-біріңе 2 сұрақтан қой. Мәтіннен сұрақтың жауабын тауып, астын сыз.
Дескриптор
Білім алушы - мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қояды;
- мәтіннен сұрақтардың жауабын тауып, астын сызады;
- сөйлемдердің құрылымын сақтайды.