Есті күшік Кішкене күшігімді ертіп автобус аялдамасына келдім де, өзім қатарлы балалардың қатарына қосылдым. Осы кезде ауа райы бұзылып, қатты жел тұрды. Автобус келді. Автобустың алдыңғы есігінен бір қария түсті. Гуілдеген жел қарияның қалпағын ұшырып әкетті. Қария не істерін білмей тұрып қалды.
Міне, қызық. Менің кішкентай күшігім жүгіріп барып, қалпақты тістеп әкеп, иесіне ұсынды. Қария бұған риза болды. Ал аялдамада тұрған балалар болса бір түрлі ыңғайсызданып қалды.
Білім алушы -мәтінге жоспар құрады;
- мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес жазады;
- мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;
-орфографиялық нормаларды сақтап жазады (3 қатеден артық емес);
-пунктуациялық нормаларды сақтап жазады (3 белгіден артық емес).