Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі мен әдебиеті



бет19/54
Дата02.12.2023
өлшемі3,65 Mb.
#132634
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   54
Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтін мазмұнына сай жоспар құрады

  • Жоспарға сай мәтінді баяндайды



Ойлау дағдыларының
деңгейі



Қолдану


Тапсырма

Мәтінді оқып, азат жолдар бойынша жоспар құрыңыз. Жоспарыңыз бойынша мәтін мазмұнын жұбыңызға баяндаңыз.

1-оқушыға мәтін


Су - тіршілік көзі. Жер бетінің 70 пайызын су алып жатыр. Бірақ оның тек 3 пайызы ғана ішуге жарамды екен. Ауыз судың 2 пайызы мұздықтарда сақталғандықтан, ғаламшар тұрғындары тек бір пайыз суды ғана пайдалана алады. Сондықтан жер бетіндегі халық саны көбейген сайын тұщы су да жетіспейді. Әсіресе, Африка елдері ауыз суға зәру.
Судың адам денсаулығына пайдасы өте көп. Жапондық психолог-ғалым Масару Эмото: «Судағы таза энергия көп ауруларға ем болады», - деп жазады. Мәселен, су дене температурасын тұрақтандырады, ағзаға қажетті азық пен оттегіні тасымалдайды, стресс пен депрессияны басады, ұйқыны ретке келтіреді, көздің көруін жақсартады, иммунитетті күшейтеді. Қанды сұйылтып, бүйрек және бауырдағы қалдықтарды тазалап, ағзаға дәрумендер мен минералдардың таралуын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, су - мидың жұмысын жақсарту үшін күш және электрлік энергия көзі. Ішіп жүрген суымыз денені жарақаттанудан қорғайтын, теріні ылғалдандырып, емдейтін қасиеттерге де ие екен.
Жалпы, ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Денеде 20 пайыз су жетіспеушілігі болса, адам денсаулығына үлкен қауіп төнеді екен.
(169 сөз)
2-оқушыға мәтін
Сұрауы бар судың біз білмейтін құпиясы жетерлік. Ғалымдар су салқындағанда оның қысымы неге күшейіп, жылығанда неге азаятынын анықтай алмауда. Ертеде құрылысшылар тасты таудан ойып алу үшін бұлақ суын пайдаланған. Ағаш тығынын тастың ойық жеріне қағып, үстіне су құяды. Ағашқа сіңген су тау-тасты қопаруға ыңғайлы. Суды сіңіріп өсетін өсімдік те осыған дәлел.
Судың ақпарат сақтайтын және тасымалдайтын қасиеті бар. Оған дәлел 1956 жылы болған тарихи жағдай. Атом бомбасының құрамын анықтайтын әлемдегі нөмірі бірінші зертханада ғалымдар бір минутта күллі әлемді улаудың жолын іздейді. Алайда, жиын соңына дейін бармайды. Ғалымдар аяқ астынан тамақтан уланды деген диагнозбен ауруханаға жеткізіледі. Үстелдің үстінде судан басқа ештеңе болмаған еді. Судың құрамынан да улы заттар табылмаған. Анықтай келгенде, бас қосуда айтылған ақпаратты су молекулалары бойына сіңіреді. Жаман ақпаратпен бүлінген суды ішкен ғалымдар жаппай уланады.
Судың ақпаратты қабылдайтыны туралы ғылыми тұрғыдан дәлелдеген жапондық ғалым - Эмото Масару. Ғалымның зерттеулеріне сәйкес, «Рақмет», «Кешір», «Жек көремін» деген сөздерді айтқан кезде су молекулалары өзгеріске ұшырайды екен. Ақпаратты қабылдаған судың құрылысы ғана өзгереді, ал құрамы сол күйінде қалады.
(164 сөз)
Жоспар
1. ___________________________
2. ___________________________
3. ___________________________


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет