Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі мен әдебиеті



бет40/54
Дата02.12.2023
өлшемі3,65 Mb.
#132634
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   54
Байланысты:
!12 ОШ ҚБ Қазақ тілі Т2 5-сын

Бағалау критерийі



Білім алушы

  • Жаңа сөздерді тақырыпқа қатысты қолданады

  • Көтерілген мәселеге өз көзқарасын жеткізеді




Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану





Тапсырма

Мәтінді түсініп оқыңыз. Төменде берілген сұрақтардың ішінен 2 сұраққа таңдау жасаңыз. Жаңа сұрақтарға өз көзқарасыңызды білдіріп, жазбаша жауап жазыңыз.
Күн жүйесінде адам баласы барып, қоныстануға үміттенген ғаламшарлар — Ай, Марс, Шолпан, Ганимед пен Ио. Соның ішінде Жерге ең жақыны — Ай. Ай — Жердің жалғыз табиғи серігі. Ғылымға жүгінсек, ай қараңғы, суық шар. 1969 жылы адамзат тұңғыш рет Айға сапар шекті. Ал не суы, не атмосферасы жоқ Ай бетінде адамдар қалай өмір сүрмек?
Ай бетіне ел орнатуды көздеген ғалымдардың ғылыми дәйектемелеріндегі қызықты деректер мынадай:
Айдың ешқашан Күн сәулесі түспейтін полярлық бүйіріндегі қат-қат мұзды тазалап, ауыз суға айналдыратын құралдарды пайдалансақ, су алуға болады-мыс.
Айдың сарғыш-қоңыр құмды көзге елестететін топырағы таптырмайтын құрылыс материалы болатынын дәлелдепті.
Айдың бір күні біздің бір аптамызға, бір түні жеті күнге созылады екен. Таңертең Ай температурасы минус 200 градусқа, түсте плюс 150 градусқа жететін көрінеді. Мұнда жел соғу, жаңбыр жауу, найзағай ойнау деген болмайды.
Айда травматолог дәрігердің қажеті шамалы. Өйткені қанша құласаңыз да, еш жеріңіз ауырмайды-мыс. Мұнда ауыр көтеру де аса үлкен проблема емес. Өйткені Жердегі 70 килограмм салмақ Айда небәрі 11,5 килограмм тартады. Яғни, Айда жүк тасу ешқандай қиындық келтірмейді екен…
(162 сөз)



Сұрақ

Жауап

Сіздің ойыңызша, Айда өмір сүру мүмкін бе?




Айдағы мұздарды ауыз су ретінде пайдалануға бола ма?




Айдағы күннің ұзақтығының адам денсаулығына кері әсері болуы мүмкін бе?






Дескриптор Білім алушы

  • сұрақтармен танысады;

  • 2 сұраққа таңдау жасайды;

  • сұрақтарға өз көзқарасы бойынша жауап жазады;

  • тақырыпқа байланысты алдыңғы сабақтарда өткен жаңа сөздерді қажетінше қолданады.







Оқу мақсаты

5.4.3.1 Жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазу





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет