Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі мен әдебиеті



бет44/54
Дата02.12.2023
өлшемі3,65 Mb.
#132634
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   54

4-тоқсан


Оқу мақсаты

5.1.2.1 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау



Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгей

Білім алушы

Қолдану






1-тапсырма

Мәтінді мұқият 1 рет тыңдап, кестедегі ақпараттардың дұрыс немесе бұрыс екенін белгілеңіз.


Қазақстан халықтарының ынтымақтастығы күні мейрамы елімізде 1996 жылдан бастап тойлана бастады. Бүгінде 17 миллионға жуық халқы бар Қазақстанды 130-дан аса ұлт өкілдері мекен етеді.
Бұл мерекенің тарихы туралы не білеміз?
1886 жылы халықаралық жұмысшылардың ынтымақтастығы күні чикаголық жұмысшылар көтеріліс ұйымдастырып, 8 сағаттық жұмыс күнін талап етіп, демонстрацияға шықты. Алайда көтеріліс соңы полиция мен көтерілісшілердің арасындағы қақтығысқа айналды. Ал үш жылдан соң париждік ІІ интернационал конгресі 1 мамырды әлем жұмысшыларының ынтымақтастығы күні деп атап, жыл сайын осы күні демонстрацияға шығып, талап қоюға шақырды.
Ресей империясында бұл мереке алғаш рет 1890 жылы аталып өтілді. Ал 1917 жылы 1 мамыр мерекесі ашық тойланды. 1 мамыр ұзақ уақыт бойы Халықаралық барлық елдер жұмысшыларының ынтымақтастығы күні болып тойланып келді. Бірақ уақыт өте келе мереке саяси сипатынан айырылды.
Қазір Қазақстанда 1 мамырды Қазақстан халықтарының ынтымақтастығы күні деп атап, еліміздегі барлық ұлт өкілдері мереке күні салтанатты шеруге шығып, түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырып тойлайды. (146 сөз)

Ақпараттар

+ дұрыс

  • бұрыс

Чикаголық жұмысшылар көтеріліске шығып, 8 сағаттық жұмыс күнін сұраған.

+




Францияда 1 мамыр ұлттар татулығының мерекесі ретінде тойланады.




-

Мереке жұмысшылардың ынтымақтастығы күні болып тойланып келеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет