Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде ) 2-сынып



бет11/39
Дата15.06.2022
өлшемі10,88 Mb.
#36925
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39
Байланысты:
b aza-tl-t1 -2-synyp

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтіннің мазмұнына қатысты өз ойын айтады және негіздейді.




Ойлау дағдыларының
деңгейі



Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары



Тапсырма

Мәтінді тыңда.


Ата насихаты
Әкесі балаларына «тату тұрыңдар» деп талай рет айтыпты. Балалары тілін алмай, бір-бірімен араздаса беріпті. Бір күні әкесі бір бума шыбық алып келіп, балаларына беріп:

  • Сындырыңдар!- дейді.

Балалары бірінен соң бірі алып, сындырайын десе, шыбықтар сынбайды.
Әкесі шыбықтарды шешеді де:

  • Бір-бірлеп сындырыңдар – дейді.

Балалары шыбықтарды оп–оңай сындырады.Сонда әкесі айтады:
- Араздасып араларың ашылса, сендер де осы шыбықтар сияқты боласыңдар. Ұйымшыл болсаңдар, жаудың сендерді жеңуі қиын болар!
Тіршілік күші – бірлікте.
(Ахмет Байтұрсынов)



  • Балалар бумадағы шыбықтарды неліктен сындыра алмады?

  • Әкесінің балаларына айтқан өсиетін қалай түсінесің?

  • Мәтіннің мазмұнына қатысты ойыңды (ұнайды/ұнамайды, пайдалы/пайдасыз, себебі ... ) айт.

  • Мәтіннен қандай ой түйдің?

____________________________________________________________________



Дескриптор Білім алушы

  • мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді;

  • мәтіннің мазмұнына қатысты пікір білдіреді;

  • мәтіннің негізгі ойын түйіндеп айтады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет