Бөлімше 4.1 Орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты
2.4.1.4 Дауыссыз л, р, ң дыбыстарының емлесін сақтап жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Жазу барысында л, р, ң дыбыстарының емлесін дұрыс қолданады.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма Бос орынға жақшадағы сөздердің дұрыс нұсқасын қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Даладағы от ( лаулап, ылаулап) ________________________ жанды
Қармаққа балық ____________________ (ілінді, лінді).
Балалардың табиғатқа деген қамқорлығына үлкендер ( ыриза, риза) ________ болды.
Балалар (рет-ретімен, ірет-іретімен) ____________________сапқа тұрды.
Жолдасыңды (ренжітуге, іренжітуге) ___________________ болмайды.
Дескриптор
Білім алушы - дауыссыз л дыбысының емлесін сақтап жазады;
- дауыссыз р дыбысының емлесін сақтап жазады;
- әріптерді дұрыс байланыстырып жазады;
- сөздерді сауатты жазады.
Бөлімше 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты
2.4.2.1 Мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны ажырату
Бағалау критерийі
Білім алушы
Сөз құрамына (түбір мен қосымша) талдайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма Сөз құрамының шартты белгілерін қолдана отырып, берілген сөздерді сөз құрамына талда.
Білім алушы - сөздердің түбірі мен жалғауын ажыратады;
- сөздердің түбірі мен жұрнағын ажыратады;
- сөздің бөліктерін тиісті белгілермен таңбалайды.
Бөлімше 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты
2.4.2.5 Дара және күрделі зат есім/сын есім/сан есім/ етістікті анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Күрделі сөз таптарын (зат есім/ сын есім/ сан есім/етістік) бір- бірінен ажыратады.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма Берілген сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіре отырып, күрделі сөз таптарын құрастыр. Оларды кестеге жаз.
ауыл
айтып
қырық
қызыл
жиырма
балалар
оқып
көк
бақшасы
берді
шаруашылығы
ала
сары
тоғызыншы
отыр
жеті
Күрделі зат есім
Күрделі етістік
Күрделі сын есім
Күрделі сан есім
Дескриптор
Білім алушы - тиісті cөздерді сәйкестендіре отырып, күрделі зат есімді анықтайды;
- күрделі етістіктерді анықтайды;
- күрделі сын есімдерді анықтайды;
- күрделі сан есімдерді анықтайды.