Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
Тапсырма
Өлеңді көркем етіп көшіріп жаз.
Оқу, білім – жанған шырақ, ойласаң,
Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң.
Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал,
Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң.
(Жүсіпбек Аймауытов)
|
Дескриптор
|
Білім алушы
|
Бөлімше 3.5 Қатені табу және түзету
|
Оқу мақсаты
|
2.3.5.1 Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық және әріптік қателерді мұғалімнің көмегімен тауып түзету және құраған сөйлемін толықтыру
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді түзетіп жазады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
Тапсырма
Есте сақтау диктанты
Берілген жұмбақты түсініп оқып, жаттап ал. Жұмбақтың шешуін тап.
Дала тегіс сарғайды,
Шаруа қысқа қамданды.
Күн қысқара бастады,
Тауға тұңғыш қар жауды.
(___________)
Өлеңді жатқа жаз.
Жазба жұмысыңды жұмбақтың бастапқы нұсқасымен салыстыр. Қателері болса тауып, түзет.
Қате жіберілген сөзді есте сақтай отырып, қайталап жаз.
Сол сөзді қатыстырып сөйлем құрастыр.
|
Дескриптор
|
Білім алушы
-жұмбақтың шешуін табады;
-жұмбақты жатқа жазады;
-жіберілген қателерді тауып, түзетеді;
-қате жіберілген сөзді қайталап жазуда сауаттылықты сақтайды;
-берілген сөзбен сөйлем құрастырады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |