Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде ) 2-сынып


Бөлімше 3.3 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды



бет36/39
Дата15.06.2022
өлшемі10,88 Mb.
#36925
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Бөлімше 3.3 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды
материалдар бойынша жазба жұмыстар жазу



Оқу мақсаты

2.3.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құру және тірек сөздерді пайдалана отырып мазмұндама жазу





Бағалау критерийі

Білім алушы

Ойлау дағдыларының деңгейі



Қолдану

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.

Астананы көру Гүлзаттың арманы болатын. Ата-анасы жазда Астанаға апаруды жоспарлап та қойған. Міне, жазғы демалыс та басталды. Шілде айының ортасында олар отбасымен бас қалаға жол тартты. Астанаға пойызбен келді.


Жазғы Астана өте әдемі екен. Көшелері түрлі гүлдерге толы. Биік ағаштар жайқалып тұр. Қаланың көшелері таза, кең. Әдемі ғимараттар көп. Қаланың ортасын Есіл өзені бөліп жатыр. Астана үлкен әрі көрікті қала екен.
Гүлзатқа Астана қаласы қатты ұнады. Ол жақсы демалып қайтты.



  • Сұрақтардың көмегімен мәтін бойынша жоспар құр.




Сұрақтар

Жоспар

1. Гүлзат нені армандайтын?
2. Ол қайда келді?
3. Астана қандай қала?

1._______________________
2._______________________
3._______________________






  • Тірек сөздерді қолданып, мәтіннің мазмұнын жаз.



Тірек сөздер: жазғы демалыс, арман, Астана, үлкен, әдемі,таза, кең, ғимараттар,өзен,жақсы демалу.

Дескриптор



Білім алушы
- мәтінге жоспар құрады;
- мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес жазады;
- мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;
-орфографиялық нормаларды сақтап жазады (3 қатеден артық емес);
-пунктуациялық нормаларды сақтап жазады (3 белгіден артық емес).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет