Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде ) 2-сынып



бет17/39
Дата15.06.2022
өлшемі10,88 Mb.
#36925
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39
Байланысты:
b aza-tl-t1 -2-synyp

Бөлім: Жазылым





Бөлімше 3.3 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар
бойынша жазба жұмыстар жазу



Оқу мақсаты

2.3.3.1 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құру және тірек сөздерді пайдалана отырып мазмұндама жазу



Бағалау критерийі

Білім алушы




Ойлау дағдыларының
деңгейі



Қолдану

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.


Есті күшік
Кішкене күшігімді ертіп автобус аялдамасына келдім де, өзім қатарлы балалардың қатарына қосылдым. Осы кезде ауа райы бұзылып, қатты жел тұрды. Автобус келді. Автобустың алдыңғы есігінен бір қария түсті. Гуілдеген жел қарияның қалпағын ұшырып әкетті. Қария не істерін білмей тұрып қалды.
Міне, қызық. Менің кішкентай күшігім жүгіріп барып, қалпақты тістеп әкеп, иесіне ұсынды. Қария бұған риза болды. Ал аялдамада тұрған балалар болса бір түрлі ыңғайсызданып қалды.



  • Сұрақтарға сүйене отырып, мәтінге жоспар құр.




Сұрақтар

Жоспар




  1. Бала қайда келді?

  2. Ауа райы қалай өзгерді?

  3. Қарияның қалпағына не болды?

  4. Күшік не істеді?







  1. ____________________________

  2. ____________________________

  3. ____________________________

  4. ____________________________






Тірек сөздер: күшік, автобус аялдамасы, қария, ауа райы, гуілдеген жел, қарияның
қалпағы, иесіне ұсыну, риза болу, ыңғайсыздану.



Дескриптор

Білім алушы
-мәтінге жоспар құрады;
- мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес жазады;
- мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;
-орфографиялық нормаларды сақтап жазады (3 қатеден артық емес);
-пунктуациялық нормаларды сақтап жазады (3 белгіден артық емес).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет