Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Геометрия 7-сынып Құрметті мұғалім!



бет12/16
Дата11.03.2022
өлшемі0,79 Mb.
#27574
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Бағалау критерийі Білім алушы
• Түзулердің параллельдігін дәлелдейді
• Түзулердің параллельдік белгілерін қолданып, есептер

шығарады
Ойлау дағдыларының Қолдану



деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма

Есепті шығарыңыз:




  1. Суретте AB=BC, EC=ED болса, AB мен ED түзулерінің параллельдігін дәлелдеңіз.




Дескриптор Білім алушы


    • тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттерін пайдаланады;

    • вертикаль бұрыштардың теңдігін қолданады;

    • ішкі айқыш бұрыштардың теңдігін пайдаланады;

    • түзулердің параллельдігін дәлелдейді.




  1. КР түзуі АВ түзуін К нүктесінде, ал СD түзуін Р нүктесінде қияды. Егер ∠AKP = 900 және ∠KPC = 900 болса, онда АВ мен СD түзулері параллель бола ма? Жауабыңызды негіздеңіз.


Дескриптор Білім алушы


  • есеп шарты бойынша сызбасын салады;

  • түзулердің параллельдік белгілерін қолданады;

  • түзулердің параллельдігін анықтайды;

  • өз жауабын түсіндіреді.


2-тапсырма

  1. Екі параллель түзуді қиюшымен қиғанда шыққан бұрыштардың бірі 770. Қалған бұрыштарды табыңыз. (Сызбасын салып көрсетіңіз).


Дескриптор Білім алушы


  • сызбасын салады;

  • түзулердің параллельдік белгілерін қолданады;

  • қалған бұрыштардың мәндерін табады.

29


  1. Екі параллель түзуді қиюшымен қиғандағы ішкі тұстас бұрыштарының айырмасы 400.

Осы бұрыштарды табыңыз.
Дескриптор Білім алушы

    • ішкі тұстас бұрыштардың қосындысы 1800 екенін пайдаланады;

    • теңдеулер жүйесін құрады;

    • теңдеулер жүйесін шешеді;

    • бұрыштардың мәндерін табады.



  1. Суреттегі e және d түзулері параллель бола ма? Жауабыңызды негіздеңіз.




Дескриптор Білім алушы


  • вертикаль / айқыш / тұстас бұрыштардың қасиетін пайдаланады;

  • сыбайлас / вертикаль бұрыштардың қасиетін қолданады;

  • параллель түзулерді көрсетеді;

  • өз жауабын түсіндіреді.

30


Бөлім: «Түзулердің өзара орналасуы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет