Қалыпты физиология (дәрістер жинағы)


Мембраналық потенциал (МП) пайда болуының физико-химиялық



Pdf көрінісі
бет17/118
Дата05.05.2023
өлшемі1,01 Mb.
#90236
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   118
3.1. Мембраналық потенциал (МП) пайда болуының физико-химиялық 
механизмдері. 
Мембраналық потенциал (немесе тыныштық потенциал) дегеніміз – 
салыстырмалы физиологиялық тыныштық жағдайдағы мембрананың ішкі 
және сыртқы беттері арасындағы потенциалдар айырмашылығы.
МП екі түрлі себептер нәтижесінде байқалады: 
1) мембрананың екі жақ бетіндегі иондар таралуының бірдей болмауы. 
Жасуша ішінде, сыртымен салыстырғанда, К

иондары көп болады. Ал Na

мен CI

иондары жасуша сыртында, ішіне қарағанда, көп болады. Иондардың 
мұндай таралуын иондық теңсіздік (асимметрия) деп атайды; 
2) иондар үшін мембрананың таңдамалы өткізгіштігі. Тыныштық жағдайда 
әртүрлі иондар үшін мембрананың өткізгіштігі бірдей болмайды. Жасуша 
мембранасы К
+
иондарын жақсы өткізеді, Na
+
иондарын аздап өткізеді, ал 
органикалық заттарды тіпті өткізбейді.
Осы екі себептің есебінде иондар қозғалысына жағдай жасалады. Бұл 
қозғалыс иондар концентрациясының айырмашылығы нәтижесінде
ешқандай энергия жұмсамай, селқос тасымал – диффузия арқылы жүреді.
К
+
иондары жасушадан шығып, мембрананың сыртқы бетіндегі оң 
зарядтарды көбейтеді, ал CI
-
иондары жасушалар ішіне қарай селқос тасымал 
арқылы кіреді, осының салдарынан мембрана сыртындағы оң зарядтар одан 
сайын көбейеді. Мембрана бетіндегі оң зарядтардың көбеюіне, оның 
сыртында жинақталған Na
+
иондары да үлесін қосады. Ал органикалық 
қосындылар жасуша ішінде болады.
Сонымен мембраналық-иондық теория (Ю. Бернштейн,1902; А. Хаксли, 
А. Ходжкин, Б. Кац, 1940-1952) бойынша МП пайда болуы протоплазма мен 
жасушааралық сүйықтықтағы иондық өлшемдестікке байланысты.Осы 
себепті мембрананың екі беті (ішкі, сыртқы) әртүрлі: сыртқы беті «оң», ішкі 
беті «теріс» зарядты болады. Жасуша мембранасының мұндай жағдайы – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет