Қалыпты физиология (дәрістер жинағы)



Pdf көрінісі
бет18/118
Дата05.05.2023
өлшемі1,01 Mb.
#90236
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   118
поляризациялық жағдай деп аталады. Иондар қозғалысы мембрана 
бетіндегі потенциал айырмашылығы теңдескенше жалғаса береді, яғни 
электрохимиялық тепе-теңдік болғанша. Бұл тепе -теңдік екі күшке тәуелді: 
1) диффузия күшіне;
2) электростатикалық өзара әрекеттестік күшіне; 
Электрохимиялық тепе - теңдіктің маңызы: 


1) иондық теңсіздікті (асимметрия) ұстап тұру (қолдау);
2) мембраналық потенциал шамасын тұрақты деңгейде ұстап тұру. 
Мембраналық потенциалдың пайда болуында диффузия күші (иондар 
концентрациясының айырмашылығы) және электростатикалық өзара 
әрекеттестік күші қатынасады, сондықтан МП – концентрациялы-
электрохимиялық потенциал дел аталады. Иондық теңсіздікті (асимметрия) 
ұстап тұру үшін электрохимиялық тепе-теңдік жеткіліксіз болады. Жасушада 
басқа да механизм бар, ол натрий – калий тартқышы (Na
+
/ K
+
- насосы). 
Натрий – калий тартқышы – иондарды белсенді тасымалдау механизмі болып 
есептеледі. Белсенді тасымал аденозинүшфосфат қышқылы (АҮФ) 
ыдырауынан бөлінген энергиясымен қамтамасыз етіледі. Жасуша 
мембранасында арнаулы тасушы жүйесі (белоктан тұратын) бар: Na
+
/ K
+

АҮФаза, Ca
2+
- АҮФаза және т.б. Мембранаға ішкі жағынан Na
+
иондары, 
АҮФ, ал сыртынан K
+
иондары келеді. Жасушаға өтетін екі К
+
иондарына үш 
Na
+
иондары шығарылады. Сөйтіп, жасушаның іші теріс, ал сырты оң 
зарядты болып, мембрананың екі жағында потенциал айырмашылығы туады. 
Натрий – калий тартқышы жұмысының нәтижесінде қамтамасыз етіледі: 
1) жасуша ішіндегі К
+
иондарының жоғары концентрациясы, яғни тыныштық 
потенциалдың тұрақты шамасы; 
2) жасуша ішіндегі Na
+
иондарының төмен концентрациясы, яғни қалыпты 
жасуша көлемі мен осмостық жағдайы сақталып, әрекет потенциалының 
дамуына келтіреді
3) 
Na
+
иондарының концентрациялық градиентінің тұрақтылығы, 
аминқышқылдары мен қанттардың тасымалын қолдайды. 
МП тіркеу осциллографиялық әдіспен жасушаға микроэлектрод енгізу 
арқылы жасалады. Микроэлектрод жасуша мембранасын тесіп, ішіне енген 
кезде осцилографтың сәулесі күрт төмен түседі де, теріс заряд көрсетеді. 
МП-дың деңгейі шамамен -30-90 мВ арасында болады (қаңқа ет 
талшықтарында -60-90 мВ, жүйке жасушаларында -50-80 мВ, бірыңғай 
салалы еттерде -30-70 мВ, жүрек етінде -80-90 мВ). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет