деп аталды. Неміс ғалымы Дюбау-Реймон (1848) тінді тітіркендірген жерде
пайда болған теріс заряд әрі қарай қозу түрінде тіннің бойымен тарайтынын,
және ол қозған кезде тыныштық тоғының мөлшері азаятынын байқады.
Қазіргі
кезде
техниканың
дамуына
байланысты
тіндердегі
биопотенциалдардың пайда болуы, оның негізіне
жататын мембраналық
және иондық механизмдері жөнінде көптеген жаңа және бұрыннан белгісіз
физиологиялық деректер мен негізгі заңдылықтар ашылды. Бұларға себебші
болған тіндердегі электрлік потенциалдарды микроэлектродтық тіркеу
әдістері (монополярлық, биполярлық, мультиполярлық). Оның жасушаішілік
және жасушасыртқы тіркеу түрлері болады, электродтар шыныдан немесе
металлдан (күміс, алтын, платина т.б. сымдардан) жасалған.
Достарыңызбен бөлісу: