Қалыпты физиология (дәрістер жинағы)



Pdf көрінісі
бет35/118
Дата05.05.2023
өлшемі1,01 Mb.
#90236
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   118
Байланысты:
Дәрістер жинағы

Шеткергі түйіспелердің бірнеше түрін ажыратады: 
1) ет-жүйкелік (мионевральдық), мотонейрон аксоны мен бұлшықет
жасушасының арасындағы ұласу (контакт); 
2) жүйкелік-эпителийлік, нейрон аксоны мен сөл бөлетін (секреторлық)
жасушалар арасындағы ұласу (контакт). 
2. Түйіспелердің функциялық жіктелуі: 
1) қоздырушы түйіспелер; 
2) тежеуші түйіспелер. 
3. Қозуды өткізу механизмдері бойынша түйіспелер: 
1) химиялық
2) электрлік (эфапстық). 
Химиялық түйіспелердің ерекшелігі сол, мұнда қозуды өткізу ерекше 
химиялық заттар тобы – медиаторлар көмегімен жасалады. 
Химиялық түйіспелердің бірнеше түрлерін ажыратады: 
1) холинергиялық, бұларда қозуды өткізу ацетилхолиннің көмегімен жүреді; 
2) адренергиялық, қозуды өткізу катехоламиндердің көмегімен жүреді; 
3) дофаминергиялық, қозуды өткізу дофамин арқылы жүреді; 
4) гистаминергиялық, қозуды өткізу гистамин көмегімен жүреді; 
5) ГАМҚергиялық, бұларда қозуды өткізу гамма-амин-май қышқылымен 
жүреді де, ол тежеу үдерісін тудырады. 
Электрлік (эфапстық) түйіспелердің ерекшелігі сол, бұларда қозуды 
өткізу электрлік жолмен аса жоғары жылдамдықпен жүреді. Организмде 
мұндай түйіспелер сирек болады (мысалы, жүректе). Кейде аралас электрлік-
химиялық түйіспелер де кездеседі. 
Түйіспелердің бірқатар физиологиялық ерекшеліктері бар: 
1) түйіспелердің қақпақша (клапан) тәрізді қасиетіне байланысты, олар 
арқылы қозу тек бір бағытта таралады, пресинапстық мембранадан 
постсинапстық мембранаға қарай
2) түйіспелік кідіріс (0,2-0,5 мс) қасиетіне байланысты, қозуды өткізу 
жылдамдығы едәуір төмендейді, қозу баяу өтеді; 


3) потенциациялау қасиеті (әрбір келесі импульстің өтуінде постсинапстық 
кідіріс азаяды). Оның себебі, пресинапстық және постсинапстық 
мембранада, бастапқы импульстер өткенде із қалдырады, шамалы
мөлшерде медиатор қалады да, келесі импульстер жеңілдеу өтеді; 
4) түйіспенің лабильдік (тұрақсыыздық) қасиеті төмен (100-150 имп/с).
Лабильдік – түрлі тіндердің қозғыштық дәрежесін көрсететін 
өлшемдердің 
бірі. 
Жүйке, 
бұлшықет 
тіндерімен 
салыстырғанда, 
түйіспелердің лабильдігі ең төмен болады. Осымен байланысты түйіспелер 
тез қажиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет