Қалыпты физиология (дәрістер жинағы)


 Рефлекстік доға, оның құрамбөліктері, түрлері мен қызметтері



Pdf көрінісі
бет41/118
Дата05.05.2023
өлшемі1,01 Mb.
#90236
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   118
7.3. Рефлекстік доға, оның құрамбөліктері, түрлері мен қызметтері 
Организмнің қызметі – тітіркендіріске (стимулға) міндетті түрде 
рефлекстік 
жауап 
қайтару. 
Рефлекс 
дегеніміз 
организмдегі 
қабылдағыштарды 
тітіркендіргенде, 
ОЖЖ-нің 
қатысуымен 
жүзеге 
асырылатын реакциясы (жауабы). Рефлекстің құрылымдық негізі – 
рефлекстік доға. 
Рефлекстік доға дегеніміз тітіркендіруге организмнің жауабы мен 
реакциясының жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін жүйелі біріккен 
жүйкелік жасушалар тізбегі. 
Рефлекстік доға бес құрамбөліктерден тұрады: қабылдағыштар, сезімтал 
(афференттік) жолдары, рефлекстік орталық, қозғағыш (эфференттік) 
жолдары, жұмысшы мүше (эффектор). Рефлекстік доғалардың екі түрі 
болады: 


1) қарапайым – 2 нейроннан (рецепторлық (афференттік) және эфференттік) 
тұратын, арасында 1 түйіспе бар моносинапстық рефлекстік доғалар 
(мысалы, сіңір рефлекстерінің доғалары); 
2) күрделі – полисинапстық рефлекстік доғалар. Олардың құрамына 3 нейрон 
(оданда көп болуы мүмкін) кіреді – рецепторлық, бір немесе бірнеше 
қондырғы және эфференттік нейрондар. 
Қазіргі уақытта рефлексік доға туралы түсінікті, организмнің мақсатына 
сай жауабын іске асыратын құрылым болуына байланысты, тағы бір 
қосымша бөлікпен толықтырады, ол қайта (кері) байланыс. Бұл бөлік 
рефлекстік әрекеттің орындалған нәтижесі мен атқарылатын бұйрық беруші 
жүйке орталығын байланыстырады. Қайта байланыстың көмегімен ашық 
рефлекстік доға жабық түріне өзгереді. 
Қарапайым моносинапстық рефлекстік доғаның ерекшеліктері: 
1) рецептор мен эффектордың арасы жақын орналасқан; 
2) рефлекстік доғасы екі нейронды, моносинапсты; 
3) жүйке талшықтары Аα – тобына қарайды (70-120 м/с); 
4) рефлекс уақыты қысқа; 
5) бұлшықеттің жеке жиырылуына келтіреді. 
Күрделі полисинапстық рефлекстік доғаның ерекшеліктері: 
1) рецептор мен эффекторды арасы алшақтау болады; 
2) рефлекстік доға үш нейронды (одан да көп болуы мүмкін); 
3) В және С топтарына жататын жүйке талшықтары бар; 
4) бұлшықеттерді тетанустық (сіресіп) жиырылуға келтіреді.
Вегетативтік рефлекстік доғаның ерекшеліктері: 
1) қондырғы нейрон жұлынның бүйір ашасында орналасқан; 
2) жұлынның бүйір ашасынан преганглийлық жүйке талшығы басталады, ал 
ганглийден кейін – постганглийлік жүйке өтеді; 
3) вегетативтік рефлекс доғасының эфференттік жолы вегетативтік түйінде
үзіліске түседі, мұнда эфференттік нейрон жатады.
Симпатикалық 
рефлекстік 
доғаның 
парасимпатикалық 
доғадан 
айырмашылығы: симпатикалық доғаның прегангийлік жолы қысқа, себебі 
вегетативтік түйін жұлынға жақын орналасқан, ал постгангийлық жолы ұзын. 
Парасимпатикалық доғада барлығы керісінше: преганглийлік жолы ұзын, 
себебі түйін мүшеге жақын немесе ішінде жатады, ал постгангийлық жолы 
қысқа болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет