Қалыпты физиология (дәрістер жинағы)



Pdf көрінісі
бет57/118
Дата05.05.2023
өлшемі1,01 Mb.
#90236
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   118
 
 
Дәріс № 10. Ішкі сөлініс бездерінің физиологиясы. Ішкі сөлініс бездері
мен гормондары туралы түсінік, олардың жіктелуі 
Дәрістің жоспары: 
10.1. Ішкі сөлініс бездері туралы жалпы түсінік. 
10.2. Гормондардың қасиеттері, әсер ету механизмі. 
10.3. Ішкі сөлініс бездерін зерттеу әдістері. 
10.4. Ішкі сөлініс бездер қызметінің реттелуі. 
10.1. Ішкі сөлініс бездері туралы жалпы түсінік 
Ішкі сөлініс бездері (ІСБ) бұл өзектері жоқ, өздерінің сөлін жасуша 
аралық ортаға шығаратын бездер. Одан әрі сөл қанға, лимфаға және ми-
жұлындық сұйықтыққа түседі. ІСБ-і организмнің әртүрлі бөлімдерінде 
орналасады, олар күрделі морфологиялық құрылымы мен өте жақсы қанмен 
қамтамасыз етілуімен ерекшеленеді. Бұл бездер қабылдағыштарға өте бай 
және вегетативтік жүйке жүйесімен нервіленеді. 
Гормон (грекше «hormon» – қоздыратын) деген атауды
алғашқы рет 1905 
жылы ағылшын физиологтері Бейлис және Старлинг енгізген. Олар 12- елі 
ішектің сілемейлі қабығынан секретин деген затты бөліп алып, оның ұйқы 
безінің сөлінісін күшейтетіндігін дәлелдеген. Гормондар – аз мөлшерде өте 
жоғары биологиялық белсенділігі бар химиялық қосындылар. 
Ішкі сөлініс бездерінің екі тобы ажыратылады: 1) аралас қызмет 
атқаратын, яғни ішкі және сыртқы сөліністік бездері; 2) тек қана ішкі сөлініс 
қызметін атқаратын бездер. Бірінші топқа жыныс бездері мен ұйқы безі 
жатады, ал екіншіге – гипофиз, эпифиз, қалқанша және қалқансерік бездері, 
айырша безі және бүйрекүсті безі қарайды. ІСБ-не плацентада (бала 
жолдасы) жатады. Жүкті әйел организмінде плацента бірқатар гормондар 
бөліп шығарады – эстроген, прогестерон, гонадотропин. 
Сонымен қатар ішкі сөлініс жасушалары организмдегі көптеген мүшелер 
мен тіндерде кездеседі (бүйрек, жүрек, ішек-қарынның сілемейлі қабығы
бауыр т.б.) және олар қанға организм мүшелерінің қызметіне ерекше әсері 
бар бірқатар заттар бөліп шығарады. Атап айтқанда, ренин, гастрин, 
секретин, панкреозимин, энтерогастрин, эритропоэтин т.б. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет