Қалыпты физиология (дәрістер жинағы)


 2. Талдағыштың бөлімдері: шеткі, аралық және орталық



Pdf көрінісі
бет101/118
Дата05.05.2023
өлшемі1,01 Mb.
#90236
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   118
15. 2. Талдағыштың бөлімдері: шеткі, аралық және орталық.
Талдағыштың шеткі бөлімі 
Қабылдағыштар (рецепторлар) сыртқы әсерлер мен организмнің ішкі 
өзгерістерін қабылдайтын, оларды ерекше сезетін, алғашқы талдаудан 
өткізіп, қозу толқынын тудыратын (рецепторлық потенциал) және оларды 
әрі қарай өткізуге икемделген, эволюциялық дамуда толық бейімделген 
организмнің арнайы құрылымдары. Әрбір рецептор тітіркендірістің белгілі 
бір түрлерін ерекше сезеді, яғни қозғыштығы өте жоғары, сондықтан 
үйреншікті тітіркендірудің аз мөлшеріне өте сезімтал болады.
Талдағыштың өткізгіш бөлімі 
Өткізгіш бөлімі - қабылдағыштардан келетін ақпаратты өңдеуде 
өткізгіш жолдарының мәні зор. Барлық талдағыштардың өткізгіш бөліміне 
орталыққа тебетін жолдар мен олар байланысатын орталық ядролар жатады. 
Мысалы, жұлынның өткізгіш жолдары, таламустың әртүрлі ядролары мен ми 
қыртысының белгілі аймақтары. Сонымен қатар торлы құрылым, лимбиялық 
жүйе және мишық қатысады. Сезім жүйесінің афференттік жолдары 
арнамалы және бейарнамалы болып екіге бөлінеді. Арнамалы жүйеге тек бір 
ғана сезімді жеткізетін (сипап сезу, көру, есту) құрылымдар жатады.
Бейарнамалы жүйе – бірнеше сезімдерді қабылдап өткізетін жолдар (торлы 
құрылым, таламус ядролары). Бұл жүйе ми қыртысының барлық 
аймақтарымен шашыраңқы байланыс жасайды.


Талдағыштың орталық бөлімі 
Орталық бөлімі - өткізгіш жолдары арқылы сезім ақпараттары ми 
қыртысының проекциялық (жобаланыс) және ұласқан (ассоциативтік) 
аймақтарына жетеді. Ми қыртысында әрбір талдағыштың белгілі орталығы 
бар. Бұл орталықтарда жоғарғы анализ және синтез жасалады. Мысалы, көру 
талдағышы ми қыртысының шүйде, есту - самай, қимыл – төбе 
аймақтарында орналасады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет