Қалыпты физиология (дәрістер жинағы)


 Дене температурасының реттелуі



Pdf көрінісі
бет99/118
Дата05.05.2023
өлшемі1,01 Mb.
#90236
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   118
14.3. Дене температурасының реттелуі. 
Адамның дене температурасының реттелуі негізінде рефлекстік жолмен
жүйке жүйесінің қатысуымен, жасалады.
Терморецепция. Температуралық өзгерістерді қабылдайтын рецепторлар 
екіге бөлінеді: шеткі терморецепторлар (теріде, тері астындағы тіндерде
қаңқа еттерінде және ішкі ағзаларда орналасады) және орталық
терморецепторлар (орталық жүйке жүйесінде орналасады).
Шеткі терморецепторлар.Терідегі жылу қабылдағыштары орта мен дене 
температурасының өзгерістерін қабылдап оны ОЖЖ-не қарай өткізеді. 
Оларға суық сезімін қабылдайтын Краузе сауытшалары, жылу тітіркеністі 
қабылдайтын Руффини шашақтары және сезгіш жүйке ұштары (А және С 


талшықтары) жатады. Тері мен ішкі ағзаларда, жылу қабылдағыштарына 
қарағанда, суық қабылдайтын рецепторлары көп болады. 
Орталық терморецепторлар. Бұл жылу қабылдағыштарын физиологтар 
көбіне термосенсорлар (жылу сезгіштер) деп атайды. Бұл нейрондар тікелей 
жылытқанда немесе суытқанда қозады және сезімталдығы өте жоғары (тіпті 
0,011ºС өзгерісті қабылдай алады). Олар жұлында, ортаңғы мида және 
гипоталамус 
аймақтарында 
табылған. 
Мысалы, 
гипоталамустың 
преоптикалық облысын қыздырғанда шұғыл тердің шығуы күшейеді, тері 
тамырлары кеңейеді, бұл кезде жылу өндірілуі азаяды. Артқы гипоталамус 
ядроларымен ртаңғы ми мен жұлын құрылымдары байланысты. 
Жылу реттеу орталығы. Бұл орталықтың басты бөлігі гипоталамуста 
орналасады. Гипоталамустың алдыңғы ядроларын зақымдаса, тыныс жолы 
мен тері қан тамырларының әсерленісі арқылы жылу шығару тетіктер 
бұзылады, осыған байланысты жануар температурасы көтеріліп, өліп қалады. 
Химиялық жылу реттелу, жылу шығарудың күшеюі, еттің дірілдеуі, жылу 
шығару орталығы болып есептелетін құрылымдар – гипоталамустың артқы 
және ортаңғы ядроларының бақылауында. 
Жылу реттелу әсерленістері ми қыртысы нейрондарының қатысуымен де 
жүзеге асулары мүмкін (шартты рефлекс түрінде). 
Жылу 
өндіру реттелуі (әсіресе жиырылғыштық жылу өндіру) 
соматикалық жүйке жүйесінің қатысуымен реттеледі, ал жиырылғыштық
емес – cимпатикалық жүйке жүйесінің реттеу қызметіне байланысты болады. 
Тердің шығуы да симпатикалық жүйке жүйесінің холинергиялық 
нейрондарына бағынышты – дене температурасы көтерілгенде тердің шығуы 
күшейеді. Қоршаған орта температурасы төмендегенде, симпато-адреналдық 
жүйе мен қалқанша без гормондары әртүрлі мүшелер мен тіндердегі зат 
алмасуды күшейтеді (жылу өндіріледі) және керісінше әсер етеді. 
Осы 
келтірілген 
механизмдердің 
жиынтығы 
организмдегі 
температуралық гомеостазды қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет