Көздiң құрамына оптикалық жүйе мен торлы қабатындағы тұрған
рецепторлық аппарат кiредi. Көздің оптикалық жүйесіне мүйiздi қабықтың
артқы және алдыңғы беттері, көз бұршағы және шыны тәрізді дене жатады.
Заттарды айқын көру үшiн оның барлық нүктелерінің
сәулесі торлы
қабықтың бетіне түсу керек. Әр түрлі қашықтықтағы заттарды айқын көруге
көздің бейімделуі
аккомодация деп аталады. Аккомодация кезінде көз
бұршағының
қисықтығы өзгереді, сондықтан оның сәуле сындыру қабілеті
де өзгереді. Аккомодация көз бұршағының дөңестігін өзгертетін
кірпікшелі
бұлшықеттердің жиырылуымен байланысты.
Оларды аккомодациялық
бұлшықеттер деп айтуға болады.
Көздiң оптикалық орталарында жарықтың сынуы –
рефракция деп
айтылады. Көздің сәулені сындыру ауытқуының (кемістігі) негізгі екі түрі
кездеседі:
алыстан көргіштік (гиперметропия) және
жақыннан көргіштік
(миопия).
Достарыңызбен бөлісу: