Қалыпты физиология (дәрістер жинағы)



Pdf көрінісі
бет105/118
Дата05.05.2023
өлшемі1,01 Mb.
#90236
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   118
Байланысты:
Дәрістер жинағы

Түрлі түсті сезу. 
Адамның көптеген түрлі түстерді ажырата алатын қабілеттілігі бар. Түрлі 
түсті сезіну механизмі, бұрынғыдан белгілі, бірақ қазіргі заманда аздап 
ескірген үшкомпонентті қағида бойынша (М.В.Ломоносов-Гельмгольц), көру 
жүйесінде негізгі үш түске сезімтал (қызыл, сары және көк түстерге) үш 
құрылғы (датчик) болуына байланысты. Сондықтан түстерді қалыпты 
ажырату (немесе сезу) – трихромазия деп аталады. Белгілі бір жағдайда 
негізгі үш түсті бір-бірімен араластырғанда ақ түсті сезіну пайда болады. 
Негізгі түстердің бір немесе екі құрылғысының (датчиктерінің) қызметі 
бұзылса, түстердің дұрыс араласуы болмайды, яғни түрлі түсті сезіну 
бұзылады.
Түрлі түсті сезудің туа біткен және жүре пайда болған ауытқулары 
(аномалия) кездеседі. Туа біткен кемістігінде көк түсті сезіну төмендейді, ал 
жүре пайда болған ауытқуында – жасыл түске төмендейді. Кейбір түсті 
айыру кемістігі немесе жартылап түсті танымауды – тұңғыш рет осыдан 
зардап шеккен ағылшын физигі Д. Дальтон сипаттап жазды. Сондықтан аса 
көп таралған түсті түйсіну ауытқушылығы (аномалиясы) осы ғалымның 
есімімен «дальтонизм» деп аталған. Мұндай аномалия ерлердің 10%-да, 
әйелдердің 0,5%-да кездеседі. 
Қарашық рефлексі. Қарашық деп нұрлы қабықтың ортасында 
орналасқан тесікті айтады. Ол арқылы тек орталық жарықтың сәулесі 
бұзылмай өтіп, торлы қабықта заттардың айқын бейнесі жасалады. Нұрлы 
қабықшаның бұлшықеттері көз қарашығының көлемін өзгертеді және 
онымен қатар көздің ішіне түсетін жарықтың мөлшерін реттейді. Күндізгі 
жарықта көз қарашығының тиімді диаметрі 2,4 мм болады. Қараңғыда көздің 
қарашығы ұлғаяды (7,5 мм). Егер көзді жарықта жұмып,содан кейін қайтадан 
ашса, қараңғыда үлкейген көз қарашығы тез тарылады. Бұл қарашық 
рефлексі деп аталады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет