Қалыпты физиология (дәрістер жинағы)


Дәріс №14. Жылу реттелуі (терморегуляция)



Pdf көрінісі
бет95/118
Дата05.05.2023
өлшемі1,01 Mb.
#90236
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   118
Байланысты:
Дәрістер жинағы

 
Дәріс №14. Жылу реттелуі (терморегуляция). 
Дәрістің жоспары: 
14.1. Дене температурасы және организмнің жағдайы. 
14.2. Жылу өндіру және жылу шығару. 
14.3. Дене температурасының реттелуі. 
Дене температурасының тұрақтылығы «еркін, тәуелсіз өмір» негізіне 
жататын маңызды артықшылығы (Клод Бернар). Адам мен жылы қанды 
жануарлар денесінің тұрақты температурасы (изотермия), яғни ішкі ортаның 
тұрақтылығы (гомеостаздың) көрнекті көрсеткіштерінің бірі. Тіршілік 
жағдайында адам ауа райының құбылыстарына (50-70ºС аязға немесе 50-60ºС 
ыстыққа) төзе алады. Бірақ сыртқы температура қаншама құбылмалы болса 
да адамның дене температурасы өзгермейді, ылғида – 36-37ºС шамасында 
сақталады.
Дене температурасының мұндай тұрақтылығы, жылу өндіру және 
жылуды сыртқа шығару сияқты үдерістерге қатысатын бірқатар ағзалар мен 
жүйелер жүйесі қызметінің жүйкелік және гуморалдық реттелуіне 
байланысты. Сөйтіп, жылу реттелуі (терморегуляция) дегеніміз сырттағы 
температура өзгерсе де дененің ішкі, өз температурасын қалыпты тұрақты 
күйінде сақтауы. 


Жылу реттеу механизмдерінің даму дәрежесіне байланысты, барлық 
жанаурларды пойкилотермді, гетеротермді және гомойотермді деп 3 топқа 
бөледі. 
Пойкилотермді (салқын қанды) организмдер (грек. poikilos – өзгермелі) 
дене температурасын тұрақты қалыпта ұстай алмайды, өйткені олар жылуды 
аз өндіреді. Бұл жануарлардың дене температурасы құбылмалы, сыртқы 
ортаның температурасына тәуелді. Мысалы, қыс пен жаз аралығында 
олардың температурасы 10º-тан 40-50º-қа дейін өзгереді. Кейбір 
физиологтардың айтуы бойынша, табиғатта нағыз пойкилотермді жануарлар 
жоқ: кез келген пойкилотермді жануардың дене қызуы сырттағы 
температурадан 1-2 градус жоғары. 
Гомойотермді (жылы қанды) организмдер (грек. homeo – ұқсас, бірдей), 
оған адамдар да жатады, дене температурасы салыстырмалы тұрақты, себебі 
олар жылуды көп мөлшерде өндіре алады, сыртқы ортаның температурасына 
тәуелсіз болады. Бұлардың жылуды реттеу механизмдері өте жақсы дамыған. 
Дене температурасының тұрақтылығы, қоршаған орта температурасына 
тәуелсіз болып, белгілі дәрежеде жоғары тіршілік деңгейін қамтамасыз етеді. 
Бірақ адам денесінің тек ішкі бөлімдерінің (ол «ядро» деп те аталады) 
температурасы тұрақты, 37ºС шамасында. Қоршаған ортаның комфортты 
жағдайында жалаңаш адам терісінің температурасы 33-34ºС, қолтық астында 
– 36-36,9ºС болады. 
Гетеротермді организмдер (грек. heteros – өзге, басқа) жылықанды және 
салқын қанды жануарлар арасында орын алады. Олардың дене 
температурасының тербелістері бірталай болады. Көбіне бұл қыста 
ұйықтайтын жануарларға тән қасиет (аю, бурундук). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет