Қалыпты физиология (дәрістер жинағы)


Энергия шығынын анықтау әдістері



Pdf көрінісі
бет93/118
Дата05.05.2023
өлшемі1,01 Mb.
#90236
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   118
Байланысты:
Дәрістер жинағы

Энергия шығынын анықтау әдістері.
Организмдегі қоректік заттар (белок, май, көмірсу) тотыққанда бөлінетін 
энергия мен сол заттарды сыртқы ортада өртегенде (Бертло калориметрінде) 
босап шығатын энергия жылуы бірдей емес. Белгілі бір заттың 1 грамы 
тотыққан (немесе өртелген) кезіндегі бөлінетін жылу мөлшері сол заттың 
калориялық коэффициенті деп аталады. Организмде белок толық 
тотықпайды, себебі оның тотығу барысында мочевина, несеп қышқылы және 
т.б. жылу шығаратын заттар пайда болады. Сондықтан ағзадағы белоктың 
калориялық коэффициенті 4,1 ккал (17,17 кДж); май үшін – 9,3 ккал (38,39 
кДж); көмірсу үшін – 4,1 ккал (17,17 кДж). Сонымен белок пен көмірсудың 
жылу шығару қабілеті бірдей, ал тотыққан май бөліп шығаратын жылу 
мөлшері оларға қарағанда екі есе көп.
Организмнің энергия шығыны екі түрлі калориметриялық әдіспен 
анықталады. Олардың біреуі – денеден шыққан жылу энергиясын тікелей 
калориметрмен өлшеу (тікелей калориметрия), бұған Этуотер-Бенедикт және 
В.В.Пашутин әдістері жатады; екіншісі – жанама калориметрия: газдар 
алмасу арқылы өлшеу (Крог, Шатерников, Дуглас-Холден әдістері). 
Тікелей калориметриялық әдіспен энергия шығынын өлшеу үшін камера 
қолданылады. Бұл камераның қабырғасы қоршаған ортадан оқшауланған, 
жылу сақтайтын материалдан жасалған. Сыналушы адам денесінен бөлініп 
шыққан жылу камераның төбесінде өтетін сулы түтікті жылытады. Демек, 
жылынған судың температурасын белгілі бір уақыт ішінде өткен судың 


көлемі арқылы біле отырып, денеден шыққан энергия мөлшерін есептеп 
шығаруға болады. Бұл әдіс өте қымбат және қолайсыз аспаптармен 
жабдықталған, сондықтан оны арнайы ғылыми зерттеу жұмыстарында 
пайдалануға болады. 
Жанама калориметрия әдісімен энергия шығынын анықтау тыныс 
жүйесіндегі газ алмасуға негізделген, яғни денеге сіңген оттегінің мөлшерін 
не денеден шығарылған көмірқышқыл газ мөлшерін өлшеу арқылы 
анықтауға болады. Организмдегі қоректік затардың тотығуында бөлінетін 
энергия, тағам құрамындағы белок, май, көмірсу мөлшеріне байланысты 
әртүрлі болады. Сондықтан тотығу кезіндегі оттегінің әр литріне жұмсалатын 
энергия жеке тағамдық заттарда бірдей емес. Жанама калориметрия әдісімен 
энергия шығынын есептеу үшін тыныс коэффициенті (ТК) мен оттегінің 
калориялық эквиваленті (ОКЭ)деген зерттеулерді пайдалау керек.
Тыныс коэффициенті дегеніміз белгілі бір уақыт ішінде организмнен 
шығарылған көмірқышқыл газының көлемі мен ағзаға сіңірілген оттегі 
мөлшерінің аралық қатынасы. ТК-тің шамасы денедегі тотыққан ақуыздар, 
майлар және көмірсулардың ара қатынастарына тәуелді: ақуыздар 
тотыққанда 0,8; майларда – 0,7; көмірсуларда - 1,0 тең болады. 
Оттегінің калориялық эквиваленті дегеніміз организмдегі 1л оттегін 
пайдаланғанда бөлінетін энергия мөлшері. Оның шамасы ақуыздар үшін 4,48 
ккал (18,8 кДж); майлар үшін – 4,69 ккал (19,6 кДж); көмірсулар үшін – 5,05 
ккал (21,1 кДж).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет