Қалыпты физиология (дәрістер жинағы)


 Дене температурасы және организмнің жағдайы



Pdf көрінісі
бет96/118
Дата05.05.2023
өлшемі1,01 Mb.
#90236
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   118
Байланысты:
Дәрістер жинағы

14.1. Дене температурасы және организмнің жағдайы 
Адам денесінің сырты мен ішкі бөлімдерінің температурасы әр түрлі 
болады. Дененің ішкі бөліміне ми мен ішкі ағзалар жатады, оны дене 
«ядросы» деп айтады, шамамен ол салмақтың 50% құрады. Оның 
температурасы салыстырмалы тұрақты болады. Клиникалық практикада дене 
температурасы дененің белгілі бір жерлерінде өлшенеді, бұл дененің 
«ядросы» температурасына сәйкес болады. Оған тік ішек, ауыз қуысы, 
қолтық асты бөлімдері қарайды. 
Адам денесіндегі әртүрлі ағзалар мен олардың жеке бөліктерінің 
температурасы зат алмасуының деңгейіне байланысты өзгереді. Бауырда 
37,8-38ºС; тері сыртында 29,5-33,9ºС, тік шекте 37,2-37,5ºС, қолтықта 36,0-
36,9ºС. Тәулік ішінде адамның дене температурасы 0,3 – 1,5 ºС арасында 
тербелісте болады, бірақ 1ºС –тан аспайды. 
Дене температурасының тұрақтылығы жылу өндірілу және жылу 
шығарылу үдерістерінің ара қатынасымен анықталады. Егер олар бір біріне
сәйкес болмаса және дене температурасының өзгеруіне қауіп туса, арнайы 
реттеуші әрекеттік жүйе іске қосылады да, жылу реттейтін процестерді 
бейімделген өзгерістерге келтіреді. 
14.2. Жылу өндіру және жылу шығару 


Жылу реттелуі физикалық (жылу шығару) және химиялық (жылу өндіру) 
реттелу болып екіге бөлінеді. Физикалық реттелу - жылу шығару деңгейін 
өзгерту арқылы, ал химиялық – жылу өндіру үдерісін күшейту не әлсірету 
арқылы, яғни зат алмасу қарқынын өзгерту арқылы іске асырылады. 
Жылу өндіру түрлері. Адам организмінде суықтың әсерінен жылудың 
өндірілуі 3-5 рет жоғарылайды, ол зат алмасу қарқыны мен жылу өндіретін 
реакциялардың күшеюі есебінен болады. Аса қарқынды жылу өндіру 
үдерістері бұлшықетте, бауырда, өкпеде және бүйректе жүреді. Дене 
салқындағанда бұлшықеттерде 30-50%-ға дейін жылу өндіріледі. Жылу 
өндірудің жиырылғыштық және жиырылғыштық емес түрлері бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет