Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы Cтуденттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік өндеу Пән: физиология Пән коды


Әдістемелік өндеу №2. Модуль№ 4, 5, 6



бет17/28
Дата03.11.2022
өлшемі405 Kb.
#47219
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28
Әдістемелік өндеу №2. Модуль№ 4, 5, 6.
1.Тақырыбы: Аралық бақылау. Модуль №6
2. Мақсаты: №4,5,6 модуль бойынша теориялық және тәжірибелік материалдарды игеру бойынша қорытынды шығару.
3. Тапсырма: тест тапсырмаларын шешу және практикалық машықтарын көрсету.
4. Орындау түрі: тест тапсырмаларына жазбаша жауап беру және практикалық машықтары бойынша сұрақтарға ауызша жауап беру.
5. Орындау және бағалау критерийлері (тапсырманы орындау талаптары): № 1 қосымшаны қараңыз.
6. Тапсыру мерзімі: 15-ші аптада.
7. Әдебиет: № 2 қосымшаны қараңыз.
8. Бақылау
Сұрақтар:

1. Жүректің қан айдау қызметі неге байланысты?


2. Жүрек бұлшықетінің қандай физиологиялық қасиеттері мен ерекшеліктері бар?
3. Кардиомиоциттер, олардың құрылысы қандай?
4.Жүректің систоласы және диастоласы дегеніміз не?
5.Жүректік цикл дегеніміз не? Жүрек оралымының фазалық құрылымы қандай?
6.Жүрек қызметінің реттелуі қалай іске асады?
7.Жүрек қызметінің жүйкелік реттелуі қалай іске асады?
8. ВЖЖ симпатикалық бөлімінің жүрек қызметіне әсері қандай?
9. ВЖЖ парасимпатикалық бөлімінің жүрек қызметіне әсері қандай?
10. Жүрек қызметінің реттелудің интракардиалды механизмдерінің мәні неде?
11. Жүрек қызметінің гуморалдық реттелуі қалай жүреді?
12. Гемодинамика нені оқытады?
13. Гемодинамиканың қандай ерекшеліктерін атауға болады?
14. Қан тамырлар арнасының құрлысы қандай?
15. Артериялық және веноздық қан тамырларының айырмашылығы қандай?
16. Артериямен қанның ағуын не қамтамасыз етеді?
17. Венамен қанның ағуы қалай жүреді?
18. Ағзадағы қанның қозғалысын реттейтін артериолалардың маңызы қандай?
19. Микроциркуляторлық арнадағы қан тамырлардың морфологиялық және функционалдық жіктелуі қандай?
20. Артериовенозды анастамоздар дегеніміз не?
21. Транскапиллярлы зат алмасу қалай іске асады?
22. Микроциркуляторлық арнадағы қанайналым қалай іске асады?
23. Көлемі әртүрлі қантамырларындағы қан ағысын қандай факторлар қаматамасыз етеді?
24. Қанның минуттық көлемі қанша?
25. Қанның сызықтық жылдамдығы дегеніміз не?
26. Қан айналымының көлемдік жылдамдығы дегеніміз не?
27. Артериялық қысымды өлшейтін қандай әдісті білесіз?
28. Коротков әдісі бойынша артериялық қысымды өлшеу кезінде қандай ережелерді сақтау керек?
29. Систолалық қысым дегеніміз не, ол көрсеткіш қалыпты жағдайда қаншаға тең?
30. Диастолалық қысым дегеніміз не, ол көрсеткіш қалпты жағдайда қаншаға тең?
31. Пульстік қысым дегеніміз не, ол көрсеткіш қалыпты жағдайда нешеге тең?
32. Артериялық пульс және оның параметрлері, қалыпты жағдайда?
33. Қандай шығару ағзаларын білесіз?
34. Бүйректің құрылымдық-функционалдық бірлігі қалай аталады?
35. Несеп түзілу қалай жүреді? Ол қандай үрдістерден тұрады?
36.Фильтрация үдерісі қай жерде өтеді?
37. Алғашқы несеп дегеніміз не? Тәулігіне қанша түзіледі? Құрамы қандай?
38. Реабсорбция үдерісі қай жерде өтеді?
39. Өзекшелік секреция үдерісі немен байланысты?
40. Соңғы несеп дегеніміз не? Тәулігіне қанша түзіледі?
41. Соңғы несептің құрамы қандай?
42. Несеп түзілуді реттеудің қандай жолдары бар?
43. Шумақтық ультрафильтрация үрдісін жүйкелік реттелуі қалай іске асырылады?
44. Шумақтық ультрафильтрация үрдісін жүйкелік реттелуі қалай іске асырылады?
45. Өзекшелік реабсорбция үрдісін жүйкелік реттелуі қалай іске асырылады?
46. Өзекшелік реабсорбция үрдісін гуморалды реттеу қалай іске асырылады?
47. Өзекшелік секреция үрдісін реттеудің жүйкелік реттелуі қалай іске асырылады?
48. Өзекшелік секреция үрдісін реттеудің гуморалдық реттелуі қалай іске асырылады?
49. Несеп шығару үрдісін реттейтін орталық қайда орналасқан?
50. Еріксіз несеп шығару үрдісі қалай іске асады?
51. Ерікті несеп шығару үрдісі қалай іске асады?
52. Сіз бүйрек қызметін зерттеудің қандай клинико-физиологиялық әдістерін білесіз?
53. Өрбу дегеніміз не?
54. Жыныстық өрбу дегеніміз не?
55. Адамның репродуктивті қызметі дегеніміз не?
56. Адамның жыныстық құлқы қалай көрінеді?
57. Жыныстық жетілу қалай іске асады?
58. Алғашқы жыныстық белгілер дегеніміз не?
59. Екіншілік жыныстық белгіліер дегеніміз не?
60. Еркек жыныс ағзалары қандай қызмет атқарады?
61. Әйел жыныс ағзалары қандай қызмет атқарады?
62. Жыныстық циклдің фазалары (гипоталамустық-гипофизарлық-жұмыртқалық) дегеніміз не?
63. Жыныстық қызметтерді реттеу қалай іске асырылады?
64. Гипоталамустық-гипофизарлық-жұмыртқалық цикл дегеніміз не?
65. Етеккір циклі дегеніміз не?
66. Рефлекторлы теория және оның принциптері қандай?
67. Рефлекс деген не?
68.Рефлекстің құрылымдық негізін не түзеді?
69.Соматикалық рефлекстің рефлекторлы доғасы қандай бөлімдерден тұрады?
70.Вегетативті рефлекстің рефлекторлы доғасы қандай бөлімдерден тұрады?
71.Жұлынның құрылымы қандай?
72.Жұлын қандай қызметтер атқарады?
73.Жұлын ОЖЖ басқа бөлімдерімен қандай байланыстар құрады?
74.Артқы мидың құрылымы қандай?
75. Артқы мидың қызметтері қандай?
76. Артқы ми ОЖЖ басқа бөлімдерімен қандай байланыстар құрады?
77. Ортаңғы мидың құрылымы қандай?
78. Ортаңғы мидың қызметтері қандай?
79. Ортаңғы ми ОЖЖ басқа бөлімдерімен қандай байланыстар құрады?
80. Аралық мидың құрылымы қандай?
81. Аралық мидың атқаратын қызметтері қандай?
82. Аралық ми ОЖЖ басқа бөлімдерімен қандай байланыстар құрады?
83. Үлкен жарты шарлар қыртысының құрылымы қандай?
84. Үлкен жарты шарлар қыртысының қызметтері қандай?
85. Үлкен жарты шарлар қыртысы ОЖЖ басқа бөлімдерімен қандай байланыстар құрады?
86. Жұлын қызметтерін зерттеудің қандай әдістерін білесіз?
87. Ми қыртысының қызметтерін зерттейтін қандай әдістерді білесіз?
88. ВЖЖ симпатикалық бөлімінің құрылысы қандай? Функционалды сипаттамасы.
89. ВЖЖ парасимпатиқалық бөлімінің құрылысы қандай? Функционалды сипаттамасы.
90. ВЖЖ метасимпатикалық бөлімінің құрылысы қандай?
91. ВЖЖ қызметтерін зерттейтін қандай әдістер белгілі?
92. Көру анализаторының құрлысы қандай? Оның қызметтері.
93. Көру өткірлігі дегеніміз не? Оны зерттейтін қандай әдістері бар?
94. Көру алаңы дегеніміз не? Оны зерттейтін қандай әдістері бар?
95. Жанасып сезу анализаторларының құрлысы қандай? Оның қызметтері.
96. Дәм сезу анализаторының құрлысы қандай? Оның қызметтері.
97. Есту анализаторының құрлысы қандай? Оның қызметтері.
98. Вестибулярлы анализатордың құрлысы қандай? Оның қызметтері.
99. Сезу анализаторы құрлысы қандай? Оның қызметтері.
100. Соматосенсорлы анализатордың құрлысы қандай? Оның қызметтері.
101. Қимыл анализаторларының құрлысы қандай? Оның қызметтері.
102. Жылу сезу анализаторының құрлысы қандай? Оның қызметтері.
103. Эндокринді жүйенің жалпы сипаттамасы қандай?
104. Гормондар дегеніміз не, олардың жіктелуі және қасиеттері?
105. Гипоталамустың құрылымдық-функциялық ұйымдастырылуының мәні неде?
106. Гипофиздің құрылымдық-функциялық ұйымдастырылуы қандай?
107. Гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесінің құрылымдық-функциялық ұйымдастырылуы қандай?
108. Эпифиздің құрылымдық-функциялық ұйымдастырылуы?
109 Қалқанша безінің құрылымдық-функциялық ұйымдастырылуы?
110. Қалқанша маңы безінің құрылымдық-функциялық ұйымдастырылуы?
111. Айырша безінің құрылымдық-функциялық ұйымдастырылуы?
112. Ерлердің жыныс бездерінің құрылымдық-функциялық ұйымдастырылуы?
113. Әйелдердің жыныс бездерінің құрылымдық-функциялық ұйымдастырылуы?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет