Тағала расында жалғыз, сондықтан Аллаға ғибадат етіледі. 68. ُﺪَﻤﱠﺼﻟا Əс-Самад – Ешнəрсеге мұқтаж емес. Адамдардың қажеттерін өтеп беруші Алла Тағала, сол үшін құлдары Оған бұл көркем атымен жалбарынады. Ол – аса Құдіретті, Қуатты. 69. ُرِدﺎَﻘﻟا Əл-Қадир – Мықты, Қадірлі. Оны мақұлықтар қадірлейді. Оған ешкімнің көмегі керек емес. Оның əр нəрсеге шамасы жетеді. 70. ُرِﺪَﺘْﻘُﻤﻟا Əл-Муқтадир – Құдіретті. Не істегісі келсе, соны істеуге қуаты жетеді. Оның істей алмайтын ісі жоқ. 71. ُمِّﺪَﻘُﻤﻟا Əл-Муқаддим – Алға шығарушы. Өз пайғамбарларын алға шығарады. Өзіне инабатты құлдарын тура жолға салады. Оларды ұлық дəрежелерге көтереді. 72. ُﺮِّﺧَﺆُﻤﻟا Əл-Муаххир – Артқа тартушы. Өз жауларын артта қалдырады. Ол Өзі мен кəпірлердің арасына бөгет перде салады. 73. ُلﱠوَﻷا Əл-Əууəл – Бірінші, Алғашқы. Баршаның алдында. Ол мəңгі тұрады. Оның алдында