ешбір зат болған емес. 74. ُﺮِﺧﻵا Əл-Ахир – Соңғы, Ақырғы. Барша мақұлық қиямет күні қайтыс болғанда, Алла Тағала тірі болады. Оның соңы жоқ. Кім күніне осы көркем есімді 1000 рет зікір етсе, Алла Тағаланың махаббаты баурап алады, сол адам нəпсіқұмарлықтан арылып, көз жұмғанда иманмен қайтады. 75. ُﺮِھﺎﱠﻈﻟا Əз-Заһир – Анық, Көзге көрініп тұрушы. Ол Өзін аяттары (күн, ай, жұлдыз т.б.) арқылы бар екенін анық көрсетіп тұрады. 76. ُﻦِطﺎَﺒﻟا Əл-Батин – Көрінбей тұрушы, Ішкі. Ол мақұлықтардың көзіне көрінбейді. Ол мақұлықтардың не ойлап, не қоятынын біледі жəне олар не нəрсеге ұшырайтындарын меңгеріп тұрады. 77. ﻰِﻟاَﻮﻟا Əл-Уали – Басқарушы, Уəлі. Ол əр нəрсенің басқарушысы. Ол не бұйрық берсе, сол мезетте бұлжытпай орындалады. Ол Өз қалауымен жəне даналығымен билік жүргізеді. Үкімдерін іске асырады. 78. ِلﺎَﻌَﺘُﻤﻟا Əл-Мутаəли – Биікке көтерілуші (Самғаушы). Мақұлықтардың сипаттары Оған тəн емес. Пайғамбарлардың сипаттарын биік дəрежеге көтереді. 79. ﱡﺮَﺒﻟا Əл-Бəрр – Ізгілік істеуші. Ол ешуақыт жаманшылық істемейді. Құлдарға ізгілік жəне қамқорлық етеді. 80. ُباﱠﻮﱠﺘﻟا Əт-Таууəб – Тəубені қабылдаушы. Ол əрдайым адамдардың шынайы жасаған тəубесін қабыл етеді. Тəубе етушілерге ғафу етіп, оларға рахым-мейірімін төгеді. Кім залымның зұлымдығына қарсы Алланың бұл есімін 10 рет айтса, зұлымдығына ұшырамайды. 81. ُﻢِﻘَﺘْﻨُﻤﻟا Əл-Мунтақим – Есе əперуші. Ол Өзіне мойынсұнбайтын құлдарын істеген амалына