татпау үшін Алла Тағаланың осы атын көбірек қайталап, зікір етіп жүру керек. 63. ﱡﻰَﺤﻟا Əл-Хай – Тірі. Ол мəңгі өмір сүреді, мəңгі болды жəне мəңгі болады. Оның тірі болуының басы да, соңы да жоқ. 64. ُمﻮﱡﯿَﻘﻟا Əл-Қайюм – Бəрінің үстінде тұрушы. Əрбір заттың үстінен қарайласып оған Қамқоршы болып тұрады. Əр нəрсе тек Алла Тағаланың қалауымен тұрады. Өздігінен мықты тұрушы. 65. ُﺪِﺟاَﻮﻟا Əл-Уəжид – Бай, Табушы. Нені тапқысы келсе, сəтінде-ақ табады, өйткені бүкіл жаратылыс оның құзырында. Ол ештеңені жоғалтушы емес.
66. ُﺪِﺟﺎَﻤﻟا Əл-Мəжид – Құрметті, Сыйлы. Ол жақсы қасиеттерді иемденеді. Құрмет пен сый оған тəн. 67. ُﺪِﺣاَﻮﻟا Əл-Уахид – Жалғыз. Барлық Құдайлық сипаттар Оған тəн. Одан басқа Құдай жоқ. Алла