қарай азаптайды.
82. ﱡﻮُﻔَﻌﻟا Əл-Ғафуу – Аса кешірімді, Ғафу етуші. Адамдар жалбарынып кешірім сұрағанда
күнəларын жойып, сауап істерін қалдырады. Бұл есіммен Алла Тағалаға жалбарынып артынан
«Аллаһумма иннəкə ғафуун карим, тухиббуль ғафуа, фағфу ғаннə» десе, оның күнəлары
кешіріледі.
83. ُفُوءﱠﺮﻟا Ар-Раууф – Қамқоршы. Алла Тағала Өз құлдарына жақсылық пен қамқорлық жасайды.
84. ِﻚْﻠُﻤﻟا ُﻚِﻟﺎَﻣ Мəликул Мүлк – Мүліктердің Патшасы. Иелігі өте зор. Байлық қазынаның барлығы,
күллі мүлік – Оның қолында. Кім осыны көп қайталап жүрсе, Алла Тағала Өз байлығынан төгіп
береді.
85. ِماَﺮْﻛ ِﻹا َو ِلَﻼَﺠﻟا وُذ Зүл-Жəлəли уəл Икрам – Құдірет жəне құрмет Иесі. Өзінің ұлы сипаттары
үшін құрметті жəне атақты болады.
86. ُﻂِﺴْﻘُﻤﻟا Əл-Муқсит – Əділ. Шешімдерінде өте Əділ. Əрбір қиянат жасаған мен зиянға
ұшырағанды о дүниеде сұрайды жəне істеген амалдарына қарай жəннат немесе тозаққа
жібереді.
87. ُﻊِﻣﺎَﺠﻟا Əл-Жəмиғ – Жинаушы. Қиямет күні «Махшарда» бүкіл адамдарды жинайды. Ол біреуін
де қалдырмайды.
88. ﱡﻰِﻨَﻐﻟا Əл-Ғани – Өте бай. Оған ештеңе керек емес. Барша мақұлық Алла Тағаладан қажеттерін
сұрайды жəне Оған тəуелді.
89. ﻰِﻨْﻐُﻤﻟا Əл-Муғни – Байытушы. Өзінің қай құлын байытқысы келсе, шексіз ризық беріп
байытады. Осы арқылы сынайды. Байлықтың барлығы Оған қайтарылады.
90. ُﻊِﻧﺎَﻤﻟا Əл-Мəниғ – Харам етуші, рұқсат бермеуші. Ол Өз құлдарына кейбір нəрсені харам етеді.
Өзінің сүйікті құлдарын залымдардан қорғайды.
91. ﱡرﺎﱠﻀﻟا Əд-Дзарр – Қалағанын зиянға душар етуші. Азап ретінде кейбір құлдарына күнəлары
үшін зиян келтіреді.
92. ُﻊِﻓﺎﱠﻨﻟا Əн-Нафиғ – Пайда беруші. Өз жаратқан мақұлықтарына пайда береді. Кейбір
құлдарының пайдасын көбейтеді.
93. ُرﻮﱡﻨﻟا Əн-Нуру – Нұрландырушы, Нұр беруші. Əртүрлі жетіспеушіліктерден пəк. Бұл дүниені Өз
нұрымен нұрландырып тұрады. Соқырға нұрды көру үшін көз нұрын, жанар береді.
Адасқандарды тура жолға салады. Осы керемет есімді қайталап жүрген адам қайғыға
салынбайды.
94. ىِدﺎَﮫﻟا Əл-Һəди – Апарушы, Жүргізуші, Ілестіруші. Мустақим жолға салушы. Жүректерді
хақты табу үшін бағыттайды. Дінде немесе дүнияуи амалда пайда беретін нəрсеге
жолықтырады.
95. ُﻊﻳِﺪَﺒﻟا Əл-Бəдиғ – Жаратушы. Ешбір нұсқа, мысалсыз жаратады. Оның биік сипаттарына ешкім
жете алмайды.
96. ﻰِﻗﺎَﺒﻟا Əл-Бақи – Бақи, Мəңгі. Ол мəңгілік жасайды. Ол тірілмейді де, өлмейді. Егер бұл есімді
күніне 1000 рет қайталап жүрсе, Алла Тағала қасіреттен аман сақтайды.
97. ُثِراَﻮﻟا Əл-Уарис – Мұра Иесі. Барлық мұра Алла Тағалада.
98. ُﺪﯿِﺷﱠﺮﻟا Əр-Рашид – Салушы. Ол Өз құлдарын пайда беретін жолға салады. Өз даналығымен
билік жүргізеді.
99. ُرﻮُﺒﱠﺼﻟا Əс-Сабур – Сабыр иесі. Ол сабырмен құлдарының күнəларын кешіріп, азабын
тездетпейді. Кім осыны меңгеріп, 100 рет Алланы еске алып зікір етсе, сол күннің
бəле-жаласынан аман жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |