Алма Қыраубаева шығыстық Қисса-дастандар



Pdf көрінісі
бет33/65
Дата06.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#15931
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   65
***
Жылан мен шаян төрт бұрышында тұрсам да,
Бірі шаншар инесімен, бірі тістер.
«Құдыретті комедияда»:
Тіршіліктің пендесіне келмейді олар қосуға,
Қараң қалған қалың тобыр тыр-жалаңаш босуда,
Арқаларын қанға бояп, маса-сона жосуда.
Беттерінен қан аралас көздің жасы ағуда,
Құжынаған жексұрын құрт құлқындарын қағуда,
Жалма-жан кеп жұтып жатыр, қоректерін табуда.
(«Тамұқ» ІІІ.64,67).
«Жұмжұма  сұлтан»  деген  атпен  ХХ  ғасырдың  бас  кезін-
дегі  қазақтар  арасына  кең  тараған.  В.В.Радлов  «Оңтүстік 
Сібір  мен  Жоңғар  даласын  мекендеген  түрік  тайпаларының 
ауыз  əдебиеті»  атты  еңбегінің  алғысөзінде  (Баспаға  əзір-
леген Б.Уахатов, С.А.Қасқабасов, К.С.Матыжановтар):
«Ғибрат  өлеңдердің  ішінде  «Жұмжұма»  мен  «Бозторғай» 
басқаларға  қарағанда  өте  кең  тараған,  оларды  тіпті  кейбір 
сауатсыз  қазақтар  да  жатқа  біледі...  Үлкен  жиындарда  айты -
латын  осы  жырды  маған  бірнеше  рет  тыңдауға  тура  келді. 
Жыршы  сөзін  бар  ынтасымен  тыңдаған  жұртшылық  тірі 
күнінде дін шарттарын орындамаған мұсылманның өлгеннен 
кейінгі  азабын  сипаттаған  кезде  қорқынышты  үрей  пайда 
болады.  Тыңдаушылардың  үнсіз  тыныштығын  тек  қана: 
«О,  құдыретті  Тəңірім!», «Қайырымы  көп  Құдайым!» 
деген  сияқты  лебіздер  ғана  бұзып  отырады.  Маған  қазақтар 
арасында  исламды  орнықтыруға  бір  «Жұмжұманың»  əсері 
даланы кезіп жүрген жүздеген молдадан артық тəрізді», – деп 
жазады (Ел қазынасы... 1994-11-12). «Жұмжұма» дастанының 
имандылыққа  ұйытудағы  рөлін  В.В.Радловтан  артық  айту 
қиын. 
«Жұмжұманың»  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақша  нұсқасы 
«Қубас» деп аталады. В.В.Радлов жариялаған дастанның (Ел 
қазынасы...)  туындыгері  аталмаған,  жазу  стиліне  қарағанда, 
Жұмашев Мəулікей нұсқасы болуы мүмкін:
Күнінде өлген де бар, туған да бар,
Өзіңнен жақсы да бар, жаман да бар,
Бұл сөзім кітап пенен Құранда бар, –
деуіне  қарағанда, «кітап»  деп  отырғаны  «Жұмжұма»  болса 
керек.
«Қубастың»  оқиғасында  «Жұмжұмадағы»  сияқты  «Адам 
пайғам-бар  қайда?  Нұх  пен  Жəмшид,  Зұлқарнайн,  Намруд, 
Фридун – бəрі дүниеден өтті:
Шыңғысхан қайда – бəрі де өлді,
Мəлік болса да, жауыз, ашкөз болса да,
Əрқайсысы бұл жаһанды биледі,
Ақырында не болды, соны есіт:
Кетті олар бір жапырақ бөзге оранып,
Тəні өз қандарына былғанып», –
дейтін  Хұсам  Кəтиб  кіріспесі  жоқ  (Ежелгі  дəуірдегі... 1992-
254). Бірден:


165
164
Жарандар, иманыңнан күдер үзбе,
Айтайын бір мəселе енді сізге.
Пайғамбар, тақсыр Ғайса бір күндерде,
Сейіл құра шығыпты мидай түзге, –
деп басталады. Сол жерде бір қубасты көргені айтылады:
Бөксесі жоқ, кеудесі жоқ қубас жатыр,
Жарымы су, жарымы құм боп жатыр.
Адамның басы екенін білгеннен соң,
Асасымен көтерді Ғайса батыр.
Хұсам Кəтибте:
Көрді ол сол жерден сахара тасын,
Жəне ол тас үстіндегі адам басын.
Не көзі қалмаған, не аузы, кеудесі – 
Денесінде қалмаған еш нəрсесі 
(Ежелгі дəуірдегі... 1992-255-256).
Ғайса пайғамбар дұға қылған соң, аспаннан дауыс келеді, 
Жəбірейіл  періштенің  көмегімен  қубас  Ғайсаның  сұрағына 
жауап  береді.  Хұсам  Кəтибтегі: «Құлсың  ба,  қожасың  ба? 
Бексің  бе,  сұлтансың  ба?  Я  кедей  ме  едің,  я  мүскін  бишара 
боларсың? – деген сұрақтар «Қубаста» қысқа қайырылады.
Хұсам Кəтиб Жұмжұманың əңгімесін сарайын суреттеуден 
бас-тайды:
Жəне бір сарайым бар еді,
Бойы мен ені он мың еді, ей, хакім,
Тыстан көрген адам: «əйбат», – дер еді.
Үстіне шыққандар жүгінер еді,
Өйтпесе басы бұлтқа тиер еді.
«Қубаста»  ол  тұсы  жоқ,  бірден: «Төрт  мың  құлым  бар 
еді, əрбірінің қолында сұңқары бар», – деп басталады. Жəне 
он  алты  мың  сатып  алған  құлы  бар,  олардың  «арыстандай 
денесі зор». Бұл жерде он мың, төрт мың деген сандар нақты 
мөлшерін  емес,  көптігін  ғана  көрсететінін  ескеруіміз  керек. 
Ал, Хұсам Кəтибте:
Тағы қырық мың уəзірім бар,
Əрбірі арыстан ұстап мінер еді.
Он сегіз мың бектердің барлығы,
Күніне екі рет келіп басын иер еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет