Алма Қыраубаева шығыстық Қисса-дастандар



Pdf көрінісі
бет36/65
Дата06.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#15931
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   65
***
Мусаннифні ұнұтма, қылғыл дұға,
Кəтиб уа мүсанниф-мұғаннан маға.
Тарих йеті йүз йыл сексен бешінде,
Сафар айының йығырмы бешінде. 
Иол үзре не болса бітідім кітаб,
Хатымны зағиф теб қылмағыл ғитаб.
Аудармасы:
Жар берді жаратушым, түгестім жазып,
Йеме бұрынырақ түгел айтып.
Йем көмек берді, содан тамам қылдым,
Менен саған жəдігерлік қойдым.
Мұхаммед Расулға мың-мың сəлем,
Рухыңа жеткіз менен бір сыйлық.
Тағы төрт досыңа сəлем жеткіз.
Сəлемім үзіліссіз ұласа берсін! 
Алтынбұғы еді оның есімі,
Өзі ғалым, парасатты, һəм тілі тəтті.
Оның қасына еріп, осы жерге келдім,
Мені оның құлы деп айтар.
Ескендірияға соғыспаққа келіп едік,
Кəпірден алайын деп мұсылманның өшін.
Беріде келдім ізгі ниетпен,
Кітапты осында жазып түгестім...
Мені қолдаса əзиз жақын кісім,
Бірге келіп еді болып жолдасым.
Ол əзиз кісі тапсырды,
Соған арнап жаздым бұл кітапты.
Оған арнап жаздым күшім жеткенше,
Оның қадіріне жетуге тырыстым.
Бастан-аяқ назар салдым,
Сақтықпен қате жібермеуге тырыстым.
Кітапты жаздым, қате жібермедім,
Қанша бейнет шеккенімді оқып білгейсің.
Берке Факих деген атағым бар,
Өзім – мұсылманмын, асылым – қыпшақ,
Мені ертіп алып келген кісі,
Маған жазып-оқуын берді,
Содан Мысырға мəшһүр болдым:
Факих деген ат берді.
Алтынбұғы атты бір бектің қасындамын,
Оның əрдайым қызметіндемін.
Қызметімде əркез жазу жаздым,
Сөзімнен кемшілік іздей көрме.
Қызметте жүріп жазуды қалай жазарсың?
Ізгі ниетпен күні-түні ат үстінде жүресің.
Бірақ жаратушым мүмкіндік берді,
Көріңдер, бұл сағатта жазып бітірдім.
Бұл заманда Факихтың тілеуін ешкім тілемейді,
Бұл кісі Факих екен деп ешкім құрмет қылмас.
Күшімнің жеткенінше қызмет қылып жүрмін,
Не болмаспын, не болармын бұл дүниеде.
Құдайға арнармын көп мақтауымды.
Бір уыс топырақтан жаратқан ол мені.
Күйім жақсы сияқты, сырт көзден жасырын,
Өмірімнің қиынына жаным күйінер.


183
182
Илаһи құтқара гөр бұл жұмыстан мені,
Жаратушым, ризық беруші деп білермін сені.
Разы қыл, маған жеңілдік бере гөр,
Соны ғана өзіме қанағат қылайын.
Разы қыл, көрсетпе тарлық,
Мені құл болсын деп қылма жарлық.
***
Жазушыны ұмытпа, дұға қыл,
Жазушы мен көшіруші бір-бірінен айырғысыз.
Тарихтың жеті жүз сексен бесінде 
(Жаңаша1333 жыл. – А.Қ.).
Сафар айының жиырма бесінде 
(Мұсылманда екінші ай),
Жазып бітірдім кітабымды,
Жазғанымды жаратпай, ғайбаттама.
Қыпшақ  ақыны  Берке  Факих – «Хұсрау-Шырынды»  кө-
шіруші ғана емес, өз өлеңімен де аты қалуға лайықты туын-
дыгер. 
Құтб  дастанының  басқа  да  нəзиралық  нұсқалары  бар. 
Мысалы,  Жəми  (ХV  ғ.) «Хұсрау-Шырын»  сюжеттерінің  тек 
кейіпкерлерін  алғанда, «Парвиз  бен  балықшы»  атты  оқиға-
ны  өте  қызықты  суреттеген («Ескендірдің  даналық  кіта-
бында»):
Хұсрау Парвиз өзінің айдан анық, күннен жарық сұлу əйе-
лі  Шырынмен  отырса,  бір  балықшы  келіп  патшаға  таңғажа-
йып  балық  сыйлайды:  қанаты  қызғылт  күлгін,  теңіз  маржа-
нындай құлпырған, қабыршағы алтындай жарқыраған, күміс-
тей  көз  тартқан,  Алланың  бір  айрықша  жаратқан  мақұлығы 
еді.
Парвиз  қызыққанынан  алақанында  жатқан  балықты  қыса 
қойды  да,  қазынашысын  шақырды.  Балықшының  алдына 
мың дирхем күміс қойғызды. Сонда Шырын Парвизге:
«О,  теңіздей  терең  ақылдым,  мына  кішкентай  балыққа 
осынша  сыйлық  бергенің  тым  көп  емес  пе?  Бұдан  былайғы 
сый-сияпатыңның мұның қасында аз көрініп, жұрт: «Патша-
мыз сараң болып кетіпті», – демей ме?» – дейді. 
Ойланып  қалған  Парвиз  балықшыға  беріп  қойған  мың 
дирхемін  қалай  қайтып  аларын  білмейді.  Шырын  тағы  ақыл 
айтады: «Балықшыны  шақырып: «Мына  балығың  еркек 
пе  ұрғашы  ма?» – деп  сұра.  Қайсысын  айтса  да, «Мен  оны 
жемеуші едім», – дерсің», – дейді.
Парвиздың  қайта  шақырғанынан  балықшы  бірден  секем 
алады.  Балықтың  еркек-ұрғашысын  сұраған  Парвизға: «Ба-
лығым  еркек  те  емес,  ұрғашы  да  емес,  гермафродит», – 
дейді.  Оны  естіген  патша  күліп  жібереді  де,  екі  есе  сыйлық 
бергізіпті.
Балықшы  теңгелер  салған  қапшықты  көтере  бергенде, 
бір  дирхемі  жерге  түсіп  қалады.  Қапшығын  қойып,  бір  дир-
хемін  іздеп  жүріп  тауып  алады.  Ол  кеткен  соң  Шырын: «Не 
деген  сараң  еді,  сараңдығы  үшін  бар  ақшасын  тартып  алу 
керек», – дейді. 
Патша  балықшыны  қайта  шақырып  алып,  сараңдығын 
бетіне басады. Балықшы: «О, патшам, мен үшін теңге құнды 
болып  тұрған  жоқ,  теңгенің  бетіндегі  сенің  суретің  қым-
бат, сурет аяқ асты болмасын дедім», – дейді. 
Балықшының  бұл  сөзіне  таң  қалған  патша  əуелден  үш 
есе ақша беріп қайтарады. 
Ал,  Науаи  болса  (ХV  ғ.), «Хұсрау-Шырынға» – «Фархад 
–  Шырын»  деген  ат  беріп  өз  алдындағы  ақындардан  өзгеше 


185
184
құрағаны мəлім. Ол Хұсрау патшаны мадақтамайды, ке рісін-
ше, бұрынғы кітəби дəстүрдегі шарттылыққа өзгерту енгізіп, 
осы оқиғадан басқа бір өзек шығарады, өмірге жақындатады. 
Еңбек,  адамдық,  парасат  мəселесін  алға  шығарып,  Фархад 
арқылы əдебиетті жаңа бір қырынан байытты. Сөйтіп, «Хұс-
рау-Шырынның»  мүлде  жаңа  нұсқасын  жасайды  (Науаи., 
1978).
Науаиде  «Хұсрау-Шырынның»  белгілі  оқиғасына  қосыл-
ған негізгі өзгеріс сол, Фархад қаза тапқаннан кейін, Шырын 
əуелі  Фархадты  жерлетеді  де,  Фархадты  салған  лахатқа  өзі 
де келіп жатып, жан тапсырады.
Фархадтың  қайғылы  оқиғасын  естіген  досы  Бахрам  ке-
ліп,  қаскөй  Шируяны  жеңіп,  Арменияға  өзінің  заңды  мұра-
герін  қояды.  Сөйтіп,  өзі  Фархадтың  денесі  (сүйегі)  жатқан 
жерде диуаналықпен күн кешіп жүреді. 
Дастанда,  сонымен  бірге,  патшаның  қаталдығын,  мейі-
рімсіздігін  де  сынайды.  Бұл  үрдіс  “Хұсрау-Шырын”  оқиға-
ларының  бұрынғы  нұсқаларында  айтылмаған.  Бұрынғы 
шарттылықтарға  бұл  жағы  кірмеген.  Хұсрау  бейнесін  жа-
ғымсыз  үлгіде  суреттеген,  ғашықтық  мəселесін  алдыңғы 
жиекке шығарған. 
Қорыта  келе,  Құтб  та,  Жəми  де,  Науаи  да  Низамидің 
шекпенінен  шыққан,  оның  поэзиялық  мектебінен  үлгі  ал-
ған  ақындар  екенін  айтуымыз  керек  (Алиев  Г.Ю., 1985-4). 
Құтбтың  «Хұсрау-Шырыны»  түрік  тілді  əдебиетте  ғашық -
тық қиссаларға жол салды. 
Бұл  тарауда  айтылған  мəселелерді  түйіндей  келсек,  қис-
са-дастандар  əдебиетіміздің  тарихында  нəзира  дəстүрімен 
бірге  туып,  Х-ХІV  ғасырлардағы  түрік  Оянушылығының 
əдебиеттегі  көрінісі  ретінде  пайда  болды.  Түрік  тілінің  мəр-
тебесін  көтеріп,  сол  тілде  шығарма  жазу,  ана  тілі  мен  төл 
тарихына үңілу қажеттілігін өтеді.
ХІІІ–ХІV  ғасырларда  дүниеге  келген  қисса-дастандардан 
ежелгі  мифтік  бейненің  көркем  шығарма  қаһарманына  айна-
луын («Қисса  Жүсіп»);  Ғашықтық  тақырыбының  көтерілуін 
(«Хұсрау  уа  Шырын»);  Діни  ағартушылықтың  туа  бастауын 
(«Жұмжұма»)  көреміз.  Кемел  патша,  мінсіз  əйел  бейнесін 
жасаған  Əлидің  «Қисса  Жүсібі»  өзіне  дейінгі  мифтік  же-
лілер,  Құран  сюжеттері,  парсы  дастаншыларының  үрдісін 
жалғастыра  отырып,  қазақ  əдебиетіндегі  дастандық  қайнар-
лардың  бірі  болды.  Оның  кейбір  мысалдарын  жолма-жол 
ұқсастықтарынан  табамыз.  Əли  қиссасының  нақты  сюжет-
тік,  құрылымдық  жүйесін  толық  сақтай  отырып  жазылған 
ХХ  ғасыр  басындағы  туынды  «Жүсіп-Зылиха»  дастаны  да 
бар.
О  дүние  туралы  ежелгі  мифтер  мен  діни  ұғымдарды 
жаңғыртқан  «Жұмжұма»  дастанының  имандылық  пен  адам-
гершілік  мұраттарға  үндейтін  тұтас  бір  сюжеттік  сала  туын-
дайды.  Бұл  шығарма  өз  құндылығын  жоймаған,  қазіргі  күн-
нің  де  қажетіне  жарайтын,  мəңгілік  тақырыпқа  жазылған 
мұра. 
Орта ғасыр қиссалары діни, ғашықтық, батырлық, т.б. та-
қырыптарға жазылған дастандарға негіз болып, жол салды. 


187
186


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет