Алма Қыраубаева шығыстық Қисса-дастандар



Pdf көрінісі
бет31/65
Дата06.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#15931
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   65
***
Ғапыл болып бəлеге неғып түстің,
Қасыңа бір ағаң да келмеді ме?» 
(Ғашық наме. 1976-384).
Жүсіптің  жоғарыда  суреттелген  қасиеттерінің  бəрі  оны 
кемел  билеуші  рөліне  дайындап  əкеледі.  Ол  Зылихаға  көн-
бегендіктен,  Зылиханың  күйеуі  зынданға  салған  жерінде 
көп  жыл  отырып,  ақыры,  патшаның  екі  түсін  шешкен  соң, 
зынданнан  шығады.  Құранда  патшаға  жақын  адам  болып 


137
136
жүреді,  ал  парсы  қиссаларында,  əуелі,  Зылиханың  күйеуінің 
орнына  уəзір  болады,  онан  соң  сұлтанның  орнына  таққа 
отырады екен. 
Жүсіп өзі патша болғанға дейін талай қайғыға түсіп, талай 
жапа  шегеді.  Өмірдің  қиыншылығын  көруі  де  əділ  патша 
болуына  əсер  етті  деген  ой  туады.  Зынданнан  шыққан  Жү-
сіпті Египеттің барышасы қуана қарсы алады:
Мысыр аһлы жұмласы қарсы келді,
Иүсүфнің йүзін көріб лəзиз болды.
Алтын-күміш, інжу-маржан назар қылды,
Хас уа хамлар арзу қылыб иүкірер емді.
Аудармасы:
Мысыр халқы қарсы алып келді бəрі,
Жүсіптің жүзін көріп, лəззат алды.
Алтын-күміс, інжу-маржан шашып,
Қас жақсы мен қаралар жүгірді енді.
Бұл тұсын Жүсіпбек былай келтіреді:
Мысыр халқы Жүсіпке келді бəрі,
Ұлы-кіші шаһарда жас пен кəрі.
Басына дүррі, маржан, інжу шашып,
Тағзымдап қатар тұрды баршалары.
***
Риянның (патшаның А.Қ.) қадір Алла мейірін салды,
Жүсіптің жүзін көріп қайран қалды.
Жүсіпке тақтан түсіп, орын беріп,
Мəлік-Риян тағзым ғып қолын алды.
Жүсіпбекте Мысыр патшасы бірден тағынан түсіп береді. 
Барлық  қиыншылықты  басынан  өткізген  Жүсіп,  халқына 
қайырымды  патша  болып,  жеті  жыл  ашаршылықта  елді 
аздырмай  ұстайды.  Сəйф  Сараи  «Гүлстанда»: «Жүсіп  патша 
Мысырда  аштық  болған  жылы  аштарды  ұмытпас  үшін  та-
мақ жемепті» деген қанатты сөзді келтіреді. 
Жүсіп  патшалығында  елі  мен  билеушісі  үйлесім  тапқан 
бақытты  халық  өмір  сүреді.  Жүсіпті  Əли: «һеч  кімсеге  чор 
жафа қылмаз емді», – дейді. Жүсіпбек оны:
Өзі ғалым, данышпан, ақылы кəміл,
Қақ жарған қара қылды болды əділ.
Аузынан шыққан сөзі шекер-балдай,
Адамның ешбіріне қылмас жəбір, – 
деп жазады.
Жəбірейілден: «Алдыңнан  кездескен  бірінші  адамды  уə-
зір  қылып  ал», – деген  соң,  атқа  мініп  жолға  шыққанда,  ал-
дынан  жыртық  шапаны  бар  біреу  шығады,  сөйтсе,  ол  баяғы 
бесікте  жатып  куəлік  беретін  бала  екен.  Баласағұни: «Тауып 
ал сенер үш кісіңді: бірі – қазы, екіншісі – халифе, үшіншісі 
–  уəзір», – дегендей,  кемел  елдің  уəзірі  де  патшасына  сай 
болып шыққанын қалайды. 
Жүсіп патша бетіне перде жауып, базарды аралайды, хал-
қының халі не болып жатқанын содан біледі. Сонымен, Əли 
Жүсіп  бейнесіндегі  мінсіз,  кемел  əкімді  жасау  арқылы  Пла-
тон  мен  əл-Фараби,  Баласағұнидің  «қайырлы  мемлекет» 
идеясын жалғастырды демекшіміз.
Əлиде  «хəкім  мен  əкім»  мəселесі  бір  тұлғаның  басына 
жинақталу арқылы шешіледі. «Қисса Жүсіптегі» Жүсіп – əрі 
хакім  (дана),  əрі  əкім.  Хакім  мен  əкімнің  даралануы  «əкім-
нің  хакім  болуы  шарт  емес»  деген  тұжырымға  келген  кез-
дерде  басталса  керек.  Бұл  мəселе  ежелгі  мифтерде  «Мұса 


139
138
мен  Перғауын»  оқиғасында  түйінделген  болатын.  Оны  Ақ-
молла ақын (ХХ ғ. басы) өлеңмен былай өрнектеген:
Білуші ем мен де біраз сөз толғауын,
Дұшпанның жаласына жоқ қой дауым.
Біз түгіл пайғамбарлар қуғындалған,
Тұсында əр Мұсаның бір Перғауын.
«Хакім  мен  əкім»  желісінің  бір  тармағы  əдебиетте  «əкім 
мен  ақын»  мəселесіне  ұласқан.  Бұлар – өз  алдына  салмақты 
зерттеуін күтетін тақырыптардың бірі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет