Алма Қыраубаева шығыстық Қисса-дастандар



Pdf көрінісі
бет41/65
Дата06.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#15931
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   65
«Қожағафан уа Садуақас» қиссасының бұрындары Əріп 
ақын  жазды  деген  пікір  болатын  (профессор  Б.Кенжебаев). 
Бірақ  Қазан  баспасынан  шыққан  біз  оқыған  қисса  қазақ 
тілінің майын тамыза жазатын Əріптің стиліне келмейтін се-
кілді,  əрі  Ақылбектің  «Таһир – Зуһраның»  соңында  өзі  бас-
тырып  шығарған  қиссаларының  тізімінде  жүргенін  оқып, 
Ақылбектікі  деп  шамалауға  болады.  Сондай-ақ,  Байжұма 
Тəуекелұлы  деген  кісінің  де  «Қожа  Ғафан»  мен  «Қабанбай 
батырды»  жазғандығы  туралы  дерек  бар  (Жиреншин  Ə., 
1971-151).  Біздің  қолымыздағы  қиссада  аты-жөні  жазылмай 
қалған. 
Баяғыда  Бағдатта  Қожағафан  деген  бай  балаға  зарығып 
жүріп,  əйелі  жүкті  болғанда,  кедейленіп  қалады.  Бұған  кү-
йінген ол, безіп кетеді. Əйелі екеуі ғана қалып, туған балаға 
əкесінің  ғарыптығын  ескеріп,  Ғаріп  деп  ат  қояды.  Күйеуінің 
досынан жүз ділда ақша, тамақ алады. Кесте тігіп сатып, күн 
көреді. Баланы молдаға оқуға береді.
Адам беті көрінер жанарынан,
Ішкен асы көрінер тамағынан.
Қызыл алма секілді иегі бар,
Гүл төгіліп тұрады қабағынан.
Бұл  тұста  Жүсіп  сұлулығына  ұқсас  жерлері  бар.  Жұрт 
баланың түріне таң-тамаша қалып, соңынан еріп жүреді екен. 
Бір ділда беріп көреді. 
Қожа Ғария патша балаға қызығып, өз қолына алады, жет-
піс  екі  тіл  үйретеді.  Қала  дүкеншілері  таразының  бір  басы-
на  баланы,  екінші  басына  астық  салып  беріп  көреді.  Оқиға-
ның бұл жері де «Қисса Жүсіпті» қайталайды. 
Қожағафан ел кезіп Мысырға қайтып келіп, əйел-баласы-
мен  табысады.  Бұдан  соң  «Қамұрұззамандай»,  екі  шайтан 
келіп,  ұйқыдағы  Ғаріпті  көріп: «Бұл  жігіттің  сұлулығына 
Шын-Машындағы  бір  қыз  тура  келеді,  қайсысы  сұлу?» – 
деп таласады. Ары қарай «Қамұрұззаман» ізімен кетеді. 
Жалпы  алғанда,  бұл  қисса  «Қисса  Жүсіп»  пен  «Қамұ-
рұззаманнан»  біріктірген  қоспа  болып  шыққан.  Қиын  оқы-
лады, қызықсыздау баяндалған. 
«Мың  бір  түн»  желілеріне  аралас  жазылған  дастанның 


227
226
бірі – «Мəлік Хасан». Бұл қисса 1883-1916 жылдар арасында 
он шақты рет Қазаннан кітап болып басылып шыққан. 
«Мəлік  Хасанның»  негізгі  тақырыбын  дастанның  соңын-
да белгісіз туындыгер:
Екі дүние жүзінде қор болмайсың,
Жаһанда разы болсын ата-анаң, – 
деп көрсетеді (Батырлық... 1995-367).
Қиссада  Сұлтан  Махмұд  патшаның («Мың  бір  түнде» 
жиі кездесетін есім) түсіне Нұрғазарұн деген құс кіріп, соны 
бір көрмек-ке арман қылады. Тіпті, тақ пен тəжін тəрік етіп, 
моншаның  күліне  көміліп,  жатып  алады.  Бұл  жері  балала-
рының  соншалық  қияметқайым  сапарға  шығуының  дəлелі 
ретінде  алынады.  Əкесінің  тілегін  орындау  үшін,  балалары 
Асан-Үсен  жəне  шешесі  бөлек  Хасан  жолға  шығады.  Үшеуі 
жол  айрығына  келгенде  үш  жол  бөлінеді:  бірі – «барса-
келер»,  екіншісі – «келер-келмес,  Құдай  білер»,  үшінші  жол 
– «барса-келмес». Хасан осы жолға түсіп, келе жатып, жаман 
бір  зəңгі  əйелге  (кемпір)  жолығады.  Зəңгі  кемпірдің  келбеті 
«Сейфүлмəліктен» Зəңгі қызына ұқсас суреттеледі:
Көрінді аузы ордай, мұрны көрдей,
Келеді ашуланып, жауап бермей.
***
Көзі бар шаңырақтай, басы күмбез,
Шаһзада қайран қалды қолын сермей.
Жалғыз көз маңдайында жарқылдайды,
Аузы жау кемпірдің сартылдайды.
Төсінде екі емшегі сүйретпедей,
Кіндігіне соққылап салпылдайды.
(Батырлық. 1995-326). 
Кемпір  Хасанды  киікке  айналдырып  жіберген  жерінен 
–  Ахмарпері  қызы  Гүлбаһрам  қайтадан  адамдық  қалыпқа 
түсіреді («Сұрмерген»  дастанына  ұқсас).  Сол  қызды  неке-
леніп,  бірақ  ол  қызыққа  да  алданып  қалмай,  əке  тілегін 
орындау  үшін  қайта  жолға  шығады.  Бұдан  соң, «Шаһнама-
дағы» «Самұрық құс» оқиғасына кездесіп, Сам палуан сияқ-
ты,  оның  балаларын  жемекші  болған  айдаһарды  өлтіреді. 
Ол Нұрғазардың тұрған жері – жар мен көктің арасында еке-
нін,  анасы – Ғайнижамал,  дию  патша  туралы  айтып,  кейін 
қайтуға  кеңес  береді.  Сонда  да  Хасанды  арқасына  мінгізіп, 
отыз  күн  ұшады  (Самұрық – симургтың  түбірі – «си» – 
парсыша – отыз).  Жеті  от  дариясынан  өтеді.  Ол  жеті  тамұқ-
тың  нысаны  ретінде  алынған.  Ең  соңғы  Зұлмат  дариясынан 
өткен соң, алпыс күн ұшып келіп, жерге түседі. Хасан өзінің 
қоң етінен Самұрыққа кесіп береді.
Осы диюлар шаһарынан Нұрғазарұн құсты табады. Ол:
– Қапасым менің тұрған шын зүбəржат,
Қол созба мені алам деп, ей, адамзат.
Ашулансам сайраймын ащы қылып,
Оянар дию-пері қылсам фарияд, – дейді. 
Хасан əкесінің түсінде көргенін айтып, жалынғанда құс:
Адамзат – өзі топырақ, опасыз халық,
Бармаймын үмітіңді енді үз менен, – 
дейді  (бұл  жерде  Алла  Тағаланың  адамды  топырақтан  жа-
ратқанын, «жеме», – деген бидайды жеп қойғанын айтады).
Ақыры,  Хасанның  өтінішіне  құлақ  асып,  ақыл  айтады: 
«Менің  ием – Ғайнижамал  ұйықтап  жатқанда,  қолындағы 
жүзігін білдірмей алып, өз жүзігіңді сал, хат жазып қалдыр», 


229
228
–  деген  дейді.  Хасан  Нұрғазарұн  құстың  айтқанын  істеп, 
оны  алып,  Самұрыққа  келеді,  қанатына  мініп,  Гүлбаһрамға 
келіп,  одан  Зəңгі  кемпірдің  ажалы – «бір  оғын»  алып,  еліне 
қайтады.  Жолда  қырық  мың  адамды  киікке  айналдырған 
кемпірді  Сүлеймен  пайғамбар  «оғымен»  өлтіріп,  Гүлбаһрам 
оның бəрін адамдық қалпына келтіреді. 
Үш  айыр  жол  бойынан  ағаларын  тауып,  көріседі.  Олар 
қызға-нышпен өлтірмекші болады. Құдыққа тастап, «дарияның 
жайыны  жұтты», – деп,  атасына  айтып  келеді. (Жүсіптің 
ағалары да құдыққа тастайды («Қисса Жүсіп»). Құсты өздері 
тапқандай  болып  көрінеді.  Алтын  терек  астына  қондырған 
соң,  құстың  ышқына  сайрауымен  жын-дию  бəрі  келеді.  Ғай-
нижамал  Асан – Үсенге: «Қолыңда  менен  алған  белгің  бар 
ма?» – дейді. Патша екі ұлын кезек-кезек оңашалап сұрағанда 
екеуі  құсты  қалай  алғанын  екі  түрлі  суреттейді.  Нұрға-
зарұн  олардың  өтірігін  шығарады.  Хасан  Ғайнижамалды  да 
алады. 
Соңында: 
Кітаптан қисса қылған мұның бəрін,
Білген адам түзетер қателерін, – дейді.
Бұл  сюжетті  «Нұрғазарұн»  деген  атпен  Əріп  Тəңірбер-
генов те жазған деген дерек бар (Кенжебаев Б., 1976-198).
«Мың  бір  түннің»  қиссаға  айналған  сюжеттерінің  бірі – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет