Алма Қыраубаева шығыстық Қисса-дастандар



Pdf көрінісі
бет3/17
Дата03.03.2017
өлшемі1,39 Mb.
#7010
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

«Нұрдан жаралу» желісі шығыс сюжетіне құрылған қис-

57
56
са-дастандарда  да  кездеседі.  Көбіне  Ирамбақ  қыздарының 
кейпіне  қатысты  айтылады.  Мысалы,  Мəшһүр  Жүсіптің 
«Гүлшат-Шеризат»  қиссасында  Нұр – інжу-маржан  түрінде 
келеді.  Онда  жеті  жұртқа  патша  болған  Парақзат  елден-ерек 
түс  көреді.  Айбаты  күнбатысты  қаптаған  аждаһаға  қарсы 
інжу-маржан шығады:
Ешбір жан оған қарсы бара алмады,
Қолына қару-сайман ала алмады.
Бір інжу-маржан сонда көктен түсіп,
Алдына аждаһаның аяңдайды.
Бұл жердегі көктен түскен інжу-маржанның шешуі:
Дегенін інжу-маржан көктен түскен,
Бір сұлу ақылы кемел болар қызың.
Осы  ежелгі  мифтердегі  «нұрдан  жаралу»  желісі  адамзат-
тың  жабайылық  санасынан  емес,  даналық  санасынан  туған 
болуы керек. Шығыс пəлсафасы бойынша, ғалам нұрдан жа-
ралған.  Əл-Фараби: «Бүкіл  дүние  ғаламы  басында  бір  шапа-
ты ауданда болған нұр сəуле – жарық сəуледен жаралған», – 
дейді (Машанов А., 1994-60). Қазір өте дəл электрондық өл-
шеулер  арқылы,  алғаш  дүние  жаралғанда  пайда  болған  нұр-
сəуленің  қалдығы  табылыпты.  Сол  қалдық  сəуле,  шығыс 
ұғымында, «əлмисақ» (əлімсақ).  Қиссадағы  нұр  желісі  əуел 
басында, «əлем  күннен  жаралды»  дейтін  ұғымның  бөлшек-
тенуінен  пайда  болса  керек.  Жалпы,  тарихи  тұлғалардың 
өміріне  құпиялылық,  ерекшелік  беру  мақсатында,  олардың 
ана  құрсағына  нұрдан  дарығаны  туралы  аңыздар  айтылып, 
жазылып  келген.  Мысалы,  Заратуштра,  Будда,  Иса  пайғам-
бар мен Мұхаммед пайғамбар да нұрдан жаралған.
Нұрға  байланысты  аңыз  Шыңғысхан  əулетінен  туып, 
өсіп-өнуі жөнінен де айтылады:
«Баяғы  заманда  бір  хан  өмір  сүріпті.  Оның  жалғыз  қызы 
болыпты.  Қызын  еркек  кіндік  көрмесін  деп  елден  ерек  ұс-
тапты.  Қыз  бойжетеді.  Күннен  басқа  ешкімді  көрмеген  қыз-
дың  бойында  нұрдан  бала  бітеді.  Ол  бала  Шыңғысхан 
(Шын-қыз-хан)  атанады» (Казахский  фольклор... 1972-65). 
Тағы  бір  аңызда  Шыңғысханның  əкесі  Дүйінбаян  нұрдан 
жаралады.  Əкесінің  аруағы  үйге  нұр  болып  кіріп,  бөрі  бо-
лып  шығып  кететін.  Бұл  ежелгі  ғұндардың  күн  төтеміне, 
V  ғасыр  түріктерінің  бөрі  төтемінің  қосылғанын  аңғар-
тады.
Дүниенің  нұрдан  жаралып,  нұрмен  қауышатындығы  жө-
нінде мына бір пікірді қызықты деп есептейміз:
«Көк  өгіз  (су),  көк  өскін  (жердегі  тіршілік),  көк  аспан, 
яғни  бүкіл  болмыс  ұлы  ғаламшар  құрылымының  бір  түсі-
нігі көгілдір нұр əлемін құрайды... Адам жаны ұдайы дамып, 
жетіле  отырып,  ұлы  нұрға  қауышады» (Ақпанбек  Ғ., 1993-
35).  Яғни,  қисса  қаһармандарының  нұрдан  жаралуы  тегін 
емес екен. 
Шəді  Жəңгірұлының  «Назым  Сияр  Шариф»  дастанында 
пайғамбардың  тууы  жайындағы  оқиғалар  нұрға  қатысты 
болып отырады.
Мысалы:
«Сол күні Расул Алла дүниеге келді,
Аспаннан бір нұр шығып, сəуле келді».
«Ғабдолла əсем еді, сұлу түрі,
Бар еді маңдайында Расул нұры».
«Əуелі кездескенде Ғабдолланың,
Расулдың Əминаға жауды нұры»
(Жəңгірұлы Ш., 1995-10-11).

59
58
Ислам  дінінен  тараған  түсінік  бойынша,  адамның  жақсы 
қасиеттері он нұрдан бастау алады екен:
1. Нұр садық – адалдық пен шындық
2. Нұр сабыр – табандылық пен шыдам
3. Нұр шəкір – қадір-құрмет
4. Нұр фəкір – өз қадірін түсірмеу
5. Нұр зəкір – келбетті болу
6. Нұр намаз – Құдайға құлшылық
7. Нұр ораза – қанағатшылдық
8. Нұр иман – имандылық пен сенім
9. Нұр садақа – қайырымдылық
10. Нұр пəк жан – тазалық.
Осы  қасиеттердің  бəрі  бойына  жинақталған  адам  ұшпақ-
қа шықпақ. «Фəниден бақиға өту немесе бұл дүниеден қайту 
дегеннің өзі бір пішіннен екінші пішінге ауысу, жанның бақи 
дүниеге өтіп, нағыз нұрға айналуы» (Ақпанбек Ғ., 1993-47).
Нұр – қазақи  пəлсафада  мəңгілік  нəрсе,  оған  адамның 
ақылы жетпесе керек. Яғни, əлі танылмаған құпия. 
Күн жəне үлкен күн – от, ежелгі мифтерде космогенездегі 
ең  алғашқы  материал  ретінде  көрсетіледі.  Мысалы,  Скан-
динавия  мифтерінде  əлем  су  мен  оттан  жаралады.  Кейбір 
эсхатологиялық  мифтерде  əлемді  жоюшы  күш  ретінде  көрі-
неді. Қиссада от екі кейіпте. Бірі эсхатологиялық («Қисас-ул 
əнбиа»),  мысалы,  Жер  адамдардың  ауырлығын  көтеретінін 
айтып  мақтанса,  от  ашуланса,  жер-дүниені  өртеп  жібереті-
нін  мақтан  қылады.  Екіншісінде  от – күн  (кішкентай  от), 
жұлдыз  нышаны  ретінде,  сұлу  қыздардың  бейнесін  жасауда 
жиі қолданылады.
Ежелден  от  пен  су  тақырыбы  қарама-қарсы  күштердің 
айқасы  ретінде,  соғыс  бейнесінде  алынған  (Орхон  ескерт-
кіштері): «От – су  қылмадым» – «елімді  бірлікте  ұстады» 
(Жолдасбеков  М., 1986). Грек  аңыздарында  оттың  шығу 
тегі  туралы  да  айтылады,  оны  адамдарға  Прометей,  Əмірен 
сияқты жасампаз қаһармандар əкеліп береді.
«Қасиетті ағаш». Қазақ аңыздарының көне замандағы із-
дерінің шығу тегін ағашпен байланыстыратын рулардың бар 
екені  байқалады.  Мысалы, «Оғыз  қаған  жыры»  ХІІІ  ғасыр-
дың  аяғы  мен  ХІV  ғасырдың  басында  хатқа  түскенімен,  он-
дағы  баяндалатын  аңыздар  заманымыздан  бұрынғы  ІІІ  ға-
сырдағы  ғұн  тайпаларының  оқиғасымен – Мөде  қағанмен 
байланысты  болу  мүмкіндігін  Н.Я.Бичурин,  Ə.Марғұлан, 
Қ.Өмірəлиевтер  жазды.  Енді  бір  рауқиятта,  ІХ  ғасырдағы 
Оғыз бірлестігінің оқиғасы делінеді (Ə.Қоңыратбаев, М.Жол-
дасбеков). 
«Оғыз  қаған  жырының»  алғашқы  желісі  біздің  заманы-
мыздан  талай  ғасыр  бұрын  аңыз  түрінде  айтылуы  мүмкін. 
Өгіз төтемінің пайда болу замандарынан бұрын шығып, хат-
қа  түскенге  дейінгі  аралықтағы  оғыз  тайпаларының  тіршілі-
гіне  қатысты  көптеген  аңыздарды  жинақтау,  екшеу  сатысы-
нан  өтіп  келгенге  ұқсайды.  Толстов  С.П.  жазыпты: «Оғыз-
дардың  тайпалық  одағы  Оксқа  (Əмудария)  дейінгі  заманда 
басқа жақтан көшіп келген тайпалар емес, одақ аты да, өзен 
аты  да  ертеден  бері  жалпыға  ортақ  төтем  атынан,  жергілікті 
ел  тілінен  туған  сөз.  Ендеше  Орта  Азия  оғыздарын  ерте  за-
мандарда  сол  жерді  мекен  тұтқан  сақ  тайпаларының  заңды 
мұрагері деп қарау керек. Өгіз төтемінің аты ертедегі сақтар 
ортасында да болуға тиіс» (Толстов С.П., 1985-16).
Енді  Шəкəрімнің  «Түрік,  қырғыз-қазақ  пен  хандар  шежі-
ресінде»:  Оғыздың  хан  болған  уақыты  біздің  пайғамбар-
лардан 3400 жыл  бұрын.  Оғыз  хан  өлген  соң,  Күн  хан  бол-

61
60
ды,  онан  соң  Ай  хан  болды,  онан  соң  Жұлдыз  хан  болды, 
оның  орына  баласы  Меңлі  хан  болды», – дейді  (Құдайбер-
диев Ш., 1991-47).
Сонымен,  Шəкəрім  шежіресі  бойынша,  Оғыз  қаған  Көк 
бөрі заманынан 8-9 ата бұрын өмір сүрген болады. Яғни, Мө-
де  заманынан  бұрын.  Тағы  бір  соңғы  деректерге  назар  ауда-
райық.
Ең  соңғы  зерттеулер  Оғыз  қаған  оқиғасының  шығу  уа-
қытын тіпті б.д.д. 5000 жылдықтарға, Шумер тайпаларының 
заманына  алып  барады.  Өте  қызықты  болжалды  айтушы 
–  бүкіл  өмірін  Фараби  ойшылды  зерттеуге  арнаған  ғалым 
Ақжан  Машанов.  Ол  кісінің  ойынша,  Оғыз  хан  аңызының 
тууы  сиырдың  жыл  басы  болуына  байланысты. «Бес  мың 
жыл шамасы бұрын жыл басы қазіргідей тышқан емес, сиыр 
болған.  Өгізхан – Оғыз  хан  заманы – сол  заман», – дейді. 
Шумерлердің  тас  кітабында  мынандай  мəлімет  бар  екен: 
«Қазір жыл басы – сиыр, онан бұрын өткен замандарда жыл 
басы  Барыс  болған. «Əрбір  екі  мың  жыл  шамасында  жыл 
басы  бір  мүшелден  екінші  мүшелге  ауысып  отырады» 
(Машанов А., 1994-105).
Міне, осы шығу тегі əріде жатқан «Оғыз қаған» аңыздары 
өгізді  қасиетті  деп  санаған  Зороастр  замандарына  барып 
ұштасады. «Оғыз  қаған  жырында»  Етіл  (Еділ)  өзенінен  əрі 
өтіп,  Үрүм  қағанмен  (Византия)  соғысқан  Оғыз  оларды  же-
ңіп,  мол  олжаға  батады.  Еліне  қайтуға  бет  алғанда  өзеннен 
өте  алмайды.  Сонда  бір  Ұлық  Орда  деген  жігіт  ағаштан 
сал  жасап,  дүние-мүлкімен  аман-есен  бері  өтеді.  Ұлық  Ор-
даның  бұл  ісіне  сүйінген  Оғыз  қаған: «Сен  осы  жерге  бек 
бол, Қыпшақ бол!», – дейді. 
Əбілғазының  «Түрік  шежіресінде» «Оғыз  қағанның  əс-
керіндегі бір жігіт соғыста қаза тауып, əйелі жүкті екен, айы-
күні  жетіп,  толғағы  қысқан  соң,  бір  ағаштың  қуысына  кі-
реді.  Сол  жерде  босанып,  туған  баланы  Оғыз  қаған  өз  тəр-
биесіне  алады.  Қыпшақ  деп  ат  қояды.  Себебі,  қыпшақ – 
«ағашта  туған»  деген  мағынаны  білдіреді  екен. «Қорқыт 
ата  кітабында»  Бисат  батыр  Төбекөзге: «Анамның  атын  сұ-
расаң,  қатты  ағаш», – дейді.  Бисаттың  анасы – Қыпшақтың 
қызы болса керек. 
Осы  қызықты  аңыздарды  салыстыра  келіп,  бір  заманда 
түріктердің  қыпшақ  бұтағы  өзінің  шығу  тегін  ағашпен  бай-
ланыстырып,  оны  қасиеттеген  деген  ойға  келеміз.  Оғыз  қа-
ғанның  Көк,  Тау,  Теңіз  деген  ұлдарының  анасы  ағаштың 
қуысынан шыққан. Сонымен, қазақ тарихында өгіз, көк бөрі, 
аққу сияқты, ағаш төтемі де бар демекшіміз. 
«Қорқыт  атада»  Қазан  Солар  бектің  ауылын  жау  шауып, 
ұлы  Оразды  гəуірлер  қол-аяғын  байлап,  дар  түбіне  əкеледі. 
Ол дар ағашына қарап сөйлей бастайды:
«Атың ағаш десем, шамданба ағаш! О, Мекке мен Мəди-
ненің  есігі  болған,  Ағаш!  Құдаймен  тілдескенде  Мұсаның 
асасы  болған,  Ағаш!  Ерлердің  ері  Əлидің  дүлдүліне  ер  бол-
ған,  Ағаш!  Зұлпықарға  сап  болған,  Ағаш!  Хасан  мен  Хұ-
сайынға бесік болған, Ағаш! Ерге де, əйелге де қатар болған, 
Ағаш!  Мені  саған  асар  болса,  құлап  түс,  Ағаш!» (Қорқыт... 
1986-29).
Осы  «қасиетті  ағаш»  аңызы  бүгінге  дейін  халық  жадын-
да  сақталғанының  бір  көрінісі – Қашаған  Күржіманұлының 
(1841-1929) Есқали сопыға айтқан өлеңі. Тарихы былай:
Қашаған  ақын  Каспий  теңізінің  терістік  шығысындағы 
«Елпілдекті»  деген  аралда  отырған  ауылға  келеді.  Қонатын 
үй  іздеген  соң  ауыл  жігіттері  сараңдығымен  аты  шыққан 

63
62
Есқали  сопының  үйін  көрсетеді.  Есқали  сопы  қонақты  жақ-
тырмай,  намаз  оқуға  кіріседі.  Сопының  кішкене  немересі 
қызық  көріп,  саусағымен  домбыраның  ішегін  дың  еткізеді. 
Есқали сопы: «Бейқасиет, көргенсіз, бұл үй домбыра тартып, 
өлең  айтуға  тігілген  жын-шайтанның  үйі  ма  еді,  шайтанның 
қу ағашы бұл үйге қайдан келді?», – деп жекіреді.
Сонда  Қашаған  домбырасын  қолға  алып  жіберіп  былай 
депті. (Біз  «Қорқыт  ата»  кітабындағы  Ораз  бектің  сөзімен 
ұқсас келетін жерін ғана аламыз):
Пайғамбарлар туғанда,
Бесік болған бұл ағаш.
Ибраһим Қағба салғанда,
Есік болған бұл ағаш.
***
Жəбірейіл жəннаттан,
Алып келген төрт қылыш,
***
Қынабына солардың
Қап болған бұл ағаш,
Аруақты ерлерге,
Жақ та болған бұл ағаш.
Міне,  осыдан  мыңдаған  жылдар  бұрын  айтылған  Қорқыт 
ата сөздерінің қазіргі ақынның аузынан сол қалпында шығуы 
– дəстүрлі əдеби жалғастықтың айқын белгісі болса керек. 
Енді  «ағаш  төтемінің»  неменеге  байланысты  шыққанды-
ғына  келсек,  бір  жағынан,  Зороастр  заманынан  да  бұрынғы 
уақыттарда  шөпті  қасиеттеудің  ұлғайған  түрі  болуы  мүмкін. 
Бұрын  «Шөп  өлген  адамның  өмірге  қайта  оралуының  көрі-
нісі», – деп қабылданған.
Поляк суретшісі Бронислав Залесскийдің (1820-1880) «Қа-
зақ  сахарасына  саяхат»  атты  кітабында  туындыгердің  өз  кө-
зімен көрген мына бір жайды суреттейді:
«Киелі  ағаштың  жанынан  өткен  кезде  қазақтар  түйелерін 
шөгеріп,  аттың  жабуын  немесе  кішкене  кілемшені  жайып 
қояды да, тізелерін бүгіп немесе малдас құрып отырып дұға 
оқиды. Содан соң өздері де ағаш бұтақтарына киімнен жыр-
тып  алған  шүберек  немесе  қой  терісінің  қиындысын,  тіпті 
болмаса  ат  құйрығынан  кесіп  алған  қылды  ақтық  ретінде 
байлап кетеді. Олар киелі ағашқа ақтық байлау бақыт əкеліп, 
ауру-сырқаудан  қорғап-қоршайды,  өмір  жастарын  ұзартады 
деп ойлайды» (Залесский В., 1991-69).
Б.Залесскийдің  ойынша,  ағаштың  культке  айналу  себебі, 
қазақ  даласында  ағаштың  сирек  өсуіне  байланысты.  Мүмкін 
бұл пікірдің жаны да бар шығар. Бірақ ағаш культы қуан ай-
мақта  ғана  емес,  қазақтың  жасыл  өлкелерінде  де  бар  екенін 
ескерейік.  Воурукаша  теңізінде  өсетін  мама  ағаш  жөніндегі 
миф  зороастр  дінінде  бар.  Ол  барлық  аурудан  жазады  есеп-
телген.  Б.д.д. 5 мыңыншы  жылдықтарда  құрғақшылық  бол-
ғаны  рас  болса,  өзен-судың  жиегіне  жайқалған  үлкен  ағаш-
тың  көлеңкесі  мен  жемісінің  табиғатпен  етене  өмір  сүрген 
көне адамдар үшін құт болғаны даусыз. Осыдан барып ағаш 
культы шығуы мүмкін. 
Ағаш  төтеміне  байланысты  «Сүт  көл»  аңызын  еске 
алайық: 
Алтайдың  шыңында  Алтын  Бəйтерек  өседі.  Ол  дүниенің 
жоғарғы бейнесі – Аспан мен орта əлем – жердің кіндігі. Ал 
жер-судың нышаны ретінде алынған Қызыл көлде Кербалық 
өмір сүреді. Ол барлық жан-жануарлардың арғы тегі екен. 
Осыдан  ағашты  қасиеттеудің  терең  тамыры  арғы  прото-

65
64
түрік, тіпті ежелгі адамзаттың əлем туралы түсінігінде жатыр 
ма  деген  ойға  келеміз.  Тəңірі,  Ағаш,  қасиетті  Жер-су  бір-бі-
рінен ажырағысыз бірлікте адам санасынан орын алған. 
С.Қасқабасовтың  айтуынша,  бəйтерек  ұғымы  ертедегі 
космостық ағаштың өзгерген түрі. Тіпті бақсының аса таяғы-
ның  да  түбірі  бір. «Мəселен,  көптеген  қазақ  ертегілерінде 
зəулім  бəйтерек  суреттеледі:  Ол  кейіпкердің  өмір  жолында 
өте  маңызды  рөл  атқарады.  Бəйтерек  түбінде  айдаһарды  өл-
тірген  кейіпкер  аспан  əлеміне  көтерілуге,  немесе  жер  ас-
тынан шығуға мүмкіндік алады» (Қасқабасов С. 1984-86).
Ал  қазақ  бөркіндегі  үкі – зəулім  бəйтерек  нышаны  бол-
са,  мазарлардың  бөріктің  төбесі  секілді  күмбез,  немесе  төрт 
құлақты  болып  келуі,  көне  мифтік  ұғым  бойынша,  дүние 
жоғарыдан  төмен  қарай  құрылған  үш  əлем  ғана  емес,  гори-
зонтальды-тегістік əлемі деген түсінігі болса керек. 
Түріктің «қасиетті бəйтерек» идеясы шығыста құрма аға-
шымен  үндес  келеді.  Арыстан  баба  Алла  Тағаланың  бұй-
рығымен бір құрманы ұртында 400 жыл сақтап жүріп, Ахмет 
Иасауи шəкіртіне тап-сырған. 
«Мəлік-Хасан»  қиссасында:  Құрма  ағашының  басында 
құс Нұрғазарұн мекендейді:
Нұрғазар жер мен көктің арасында,
Құрманың ұялаған ағашында, –
дейді (Батырлық ... 1995-330).
Құрманың  шығыста  қасиетті  ағаш  саналуын  Иса  пай-
ғамбардың осы ағаштың түбінде дүниеге келіп, жас босанған 
Мəриям  анаға  бір  түйір  құрманың  күш  беруінен  көруге 
болады: 
«Сол  сəт  оның  құлағына  бір  дауыс  естілді  де,  қорқыны-
шы сейіліп, көз жасы құрғады. Дауыс аяғының астынан шы-
ғып тұр. 
–  Қамықпаңыз,  сəбиіңіз  аяғыңыздың  астынан  бұлақ  аш-
ты...  Ағаштың  діңін  өзіңізге  қарай  ырғап  тартсаңыз,  əбден 
піскен  бір  құрма  алдыңызға  түседі.  Соны  жесеңіз,  əл-қуа-
тыңыз  қалпына  келіп,  сергіп  қаласыз» (Құран  хикаялары. 
1992-151).
Қорыта  айтқанда,  табиғат  жайындағы  ескі  анимистік 
пəлсафа – ағаш  культын  туғызды.  Архаикалық  мифтер  бо-
йынша,  кей  ағашта  өлген  əулиенің  немесе  Құдайдың  рухы 
болады  (немесе  ағашқа  ауысады).  Будда  теологиясында: 
Будданың  өзі 43 рет  ағашқа  кіргенін  айтады.  Будда  дінінде 
(б.д.  І  ғасыр)  əулие  ағаш  культы  болған.  Афродитаға  арнал-
ған Гомер гимнінде ағашпен бірге өніп, қурағанда бірге өле-
тін  нимфалар  туралы  айтылады  (Тайлор  Э.Б., 1989-374). Еу-
ропа елдерінде жылайтын, қаны ағып тұрған тал туралы, не-
месе ағаш құндағында өмір сүретін қыз туралы мифтер бар. 
Əулие  Фома  күнінде  қыздардың  ағашты  үш  рет  ұрып,  маң-
дайына  қандай  күйеу  тап  келетінін  сұрау  салты  сақталған. 
Ағашты  Құдайға  айналдырудың  тамыры  көне  діндердің  кө-
біне  ортақ.  Осыдан  аурудың  жанын  (дух  болезней)  бір  затқа 
балап,  ағаштың  бұтағына  іліп  қою,  сол  ауруды  ағаштағы 
əулиенің  жойып  жіберуін  күту  салты  пайда  болған  болуы 
керек. Ш.Уəлиханов айтады: «Құлан түздегі сыңарланып өс-
кен  ағаш  болсын,  немесе  бұтақтары  таңғажайып  формадағы 
өсімдіктер  болсын,  олардың  тұрған  жері  қасиетті  деп  сана-
лады.  Ондай  қасиетті  жерлерге  түнегенде  немесе  жанынан 
өтіп  бара  жатқанда,  адамдар  шүберек,  аттың  қылын  байлай-
ды,  ыдыс-аяқ  қойып,  əулиеге  арнап  садақаға  мал  сояды» 
(Уəлиханов Ш. 1985-155). 

67
66
«Хан  қызының  жауына  болысуы».  Бұл  желі  б.д.д. 
аңыздарда  да  болған.  Мысалы, «Гүлдірсін» (Син,  Шина – 
бəрі  деген  мағына  береді)  аңызын  ХІV  ғасырда  Сəйф  Сараи 
дастан  етіп  жазған.  Сараиді  зерттеуші  кей  ғалымдар  бұл 
оқиға  Ақсақ  Темір  заманында  болған  деседі.  Негізінде,  Гүл-
дірсіннің  сақ  қызы  екенін  Ə.Қоңыратбаев  айтқан.  Тіпті  Гүл-
дірсін  шаһары  да  болған,  оны 1937 жылы  С.П.  Толстов  қаз-
ған  екен.  Одан  скиф  садағының  оғы,  тастан  салынған  əйел 
суреті  шыққан.  Қала  Төрткөлдің  маңайынан  табылған  (Қо-
ңыратбаев Ə., 1991-79). 
Аңызда  Гүлдірсін – патшаның  қызы  екен.  Елін  жау  қор-
шап  алып,  астығы  бітіп,  таусыла  бастайды.  Сонда  да  беріл-
мей,  жауға  сес  көрсету  үшін  бір  өгізді  бидаймен  жемдеп, 
қаланың  сыртына  қоя  береді.  Жау  əскерлері  ұстап  алып,  со-
йып жейді, қараса іші толған бидай екен. 
Гүлдірсін  жау  елінің  бір  жігітіне  ғашық  болған.  Оған  ха-
бар  беріп: «Кетпеңдер,  шыдаңдар», – дейді.  Қоршаған  жау 
кетпей,  ақыры  халқы  ашыққан  қаланы  басып  алады.  Бірақ, 
Гүлдірсіннің  ғашық  болған  жігіті: «Өз  еліне  опа  қылмаған 
қыз  маған  қалай  жар  болады!» – деп  ат  құйрығына  байла-
тып өлтіреді. 
Хан  қызының  жауына  болысу  желісі  «Қобыланды  ба-
тыр» жырында Қарлыға бейнесінде, Иранда «Бижан мен Ма-
жинеде»  сақталған.  Кейбір  көріністері  Зарина  аңызында  да 
бар.  Бірақ  онда  сақ  патшасының  қызы  Зарина  Мидия  хан-
задасын  сүйіп  қалса  да,  елін  сатпай: «Мен  саған  қосылам, 
елім  де  сенің  қол  астыңа  кіріп,  кіріптар  болады», – деп 
елінің  қамын  ойлап,  Мидия  ханзадасымен  некелесуден  бас 
тартады.
«Түс  көру».  Түс  көру,  оны  жору  өнері  көне  замандардан 
келіп  жеткен.  Антика  əдебиетінде  Артемидордың  «Түс  жо-
рығыш»  атты  кітабы  жазылыпты.  Антикалық  дəуірде  түс-
ті  былай  жорыған:  түсінде  қол  жуса – уайымнан  құтылады, 
жыласа – өңінде  қуанады,  қабырғасын  суырса – əйелі  өледі, 
араны қуса – байлыққа кенеледі, үйленсе – туыстарының бірі 
өледі,  жылан  қуса – жаман  əйел  соңына  түсіп  жүр, — деп 
жорылады. 
«Жүсіп-Зылиха»  қиссаларында  Зылиха  да  Жүсіпті  түсін-
де  көріп  ғашық  болады.  Бұдан  кейінгі  ғашықтық  қиссалар-
дың  бəрінде  негізгі  кейіпкерлер  бірін-бірі  түсінде  көреді. 
Қыдыр-əулиелер де түске кіріп, аян береді:
«Ер Шеризатта» (Ə. Найманбаев):
Бір күні Қыдыр келіп түсіне енді,
Өңіндей падишаға аян берді.
«Еренғайып-шаһ  Ғаббаста» (Мұхаммедқали  Өндір  қажы-
ұлы):
Осылай болды, тақсыр, көрген түсім,
Қалмады еске түссе ақыл-хошым.
Бұл күнде өлер жерге келіп тұрмын,
Мехнаты арылмаған мұңды басым.
«Бозжігіт» қиссасында Бозжігіт ғашығын түсінде көреді:
Түсінде қыз осылай ғайып болды,
Жігіттің көкірегіне қайғы толды.
Бақсы менен балгерден дəрмен таппай,
Боп-боз жігіттің жүзі солы.
«Дəрі  шөпті  тапқан  тышқан».  Бұл  желі  «Бозжігіт» 
дастанында айтылады:

69
68
Тышқан ұстап алып бұл бишара,
Өзіндей əр жеріне салып жара,
Деп ойлап өзін немен емдер екен,
Отырды қадағалап, бəрін қарап.
Тышқанды жіпке байлап қоя берді,
Тышқан іздеп əр жерден шөпті терді.
Əр түрлі шөпті тышқан іздей-іздей,
Ақыры, шипа болар шөпті көрді. 
Бұл тышқан сол бір шөпті жұлып алды,
Шайнаңдап жарасына үгіп салды.
Шөптен үгіп жарасына салған жері,
Əп-сəтте сау кезіндей бола қалды.
Бұл  оқиға  «Қорқыт  ата  кітабында» «Дерсе  хан  ұлы  Бұ-
қаш  хан»  əңгімесінде  (Ə.Қоңыратбаев  аудармасында)  бар. 
Кейінгі Б.Ысқақов аудармасынан кездестіре алмадық.
«Дəуіт  пайғамбар  жəне  тойымсыздық».  Дəуіт  пайғам-
бар Сүлеймен пайғамбардың əкесі. Ұсталық өнердің пірі деп 
есептеледі.  Құран  сюжеттерінде  жəне  одан  тараған  қисса-
ларда («Қисас-ул  əнбиа»)  Дəуіт  пайғамбардың  бір  қателігі 
ғибрат ретінде айтылады:
Дəуіт  пайғамбар  əйелдері  бола  тұра,  əскерге  кеткен  Ғү-
рия  атты  жақын  інісінің  қалыңдығына  (Сағи  қызы  Сабиға) 
көзі түсіп, өзі пайғамбар, өзі патша болған соң, некелеп ала-
ды. Алла Тағала Дəуіттің онысын қош көрмейді.
Бір  күні  Дəуіттің  алдына  екі  кісі  келеді.  Олардың  періш-
те екенін білмейді. Бірінің тоқсан тоғыз, екіншісінің бір сау-
лығы  бар  екен.  Байы  кедейдің  жалғыз  саулығына  көз  сұғын 
қадап жүр екен. Дəуіт ашуланып:
  Өзіңнің  тоқсан  тоғыз  қойыңды  місе  тұтпай,  ініңнің 
жалғыз қойына көз алартқанша, ұялсаң етті, – дейді. 
Келген періштелер:
– Жазаға алдымен өзің тартылуға тиіссің, – депті.
Өз  үкімін  өзі  шығарған  Дəуіт  ойға  шомады.  Есін 
жиып  алладан  кешірім  сұрады. «Даңқы  мен  мəртебесі  бар 
адамның  бұл  сабағы  адамдарға  Алла  Тағаланың  ұсақ  іс-
терге  немқұрайлы  қарамайтындығын,  ірі  істердің  бəрін  ол 
салмақтап  отыратындығын  ұғындырады» (Құран  хикая-
лары. 1992-115).
Сүлеймен  пайғамбар  жəне  оның  жүзігі.  Сүлеймен  пай-
ғамбар  туралы  мұсылман  мифтерінде  оның  жүзігіне  көп 
мəн  беріп,  жүзігінің  күшімен  тіпті  патша  тағын  Иеменнен 
Иерусалимге  көшірген  делінеді.  Бір  күні  Сүлейменнің  жү-
зігі  шайтанның  қолына  түседі,  сөйтіп  ол  қырық  күн  пат-
шалық  құрады.  Шайтан  жүзікті  теңізде  жоғалтып  алған 
жерінен  Сүлеймен  пайғамбар  балықтың  ішінен  тауып 
алып,  патшалығын  өзіне  қайтарады.  Сүлейменнің  жүзігіне 
бағынған  жындар  көпір  де  салыпты  деседі.  Алты  бұрышты 
жұлдыз  бейнелі  жүзік  мұсылмандарда  қасиетті  деп  сана-
лады (Мифологический... 1991).
Құран  хикаяларында  жəне  «Қисас-ул  əнбиада»  Сүлеймен 
пайғамбардың  егінші  мен  қойшының  дауын  шешкендігі,  құ-
мырсқа  патшалығына  кездескені  жөнінде  ғибратты  əңгіме-
лері айтылады.
Сүлейменнің  жүзігі  қисса  кейіпкерлеріне  əрдайым  кө-
мекке  келіп  отырады. «Сейфүлмəлікте»  үш  ай  жүрмей  қал-
ған кемені жүргізіп жібереді:
Тілегін падишаның қабыл көрді,
Бір адам ұйқысында жетіп келді.

71
70
«Жүзігін Сүлейменнің суға салсаң,
Жүрмей ме, кемең сонда, байғұс», – деді.
Көп үміт жамағаттар үзбе деді,
Бір дəулет келді енді бізге деді.
Жүзігін дарияға ұрып еді,
Кемесі су бетіне жүзе берді.
(«Сейфүлмəлік»). 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет