Алмас Қылыш (Көшпенділер-1)



бет3/3
Дата09.09.2022
өлшемі1,26 Mb.
#38765
1   2   3
Эпилог

Қазақ хандары Түркістан өлкесі үшін сексен жылдай соғысты. Ақырында, осы Хақназар хан болған кезінде ғана тегіс өз жерін өзіне қайтарып алды. Хан астанасын Яссыға көшірді. Содан кейін барып оны Түркістан деп атап кетті. Және осы Хақназар хан кезінде үш жүз жылдан көп әңгіме болып келген жай — бүкіл қазақтың Үш жүзге бөлінуі аяқталды. Қасым хан осы баласын көргенде өзінің алғашқы жорыққа аттанғаны есіне түсіп, ішінен баласына «бақытты бол!» деп күбірледі. Иә, Сар даласында, сонау ұзақ тарихында қазақ халқы не көрмеді. Суға да батты, отқа да жанды, бірақ тірі қалды, құрып кетпеді. Осының бәріне айғақ халықтың ерлігі, тағдыры үшін күреседі.


Бағанадан бері әскерінен көзін алмай тұрған Қасым хан осыншама жауынгер ұл берген халқына риза болып кетті.
— Мына сұрапыл күшке қарап тұрып бір ойға келдім, — деді ол қайтадан жақында ғана майсары болған Оңай батырға, — қазақ елі нағыз бір алмас қылыш қой, қарашы, алмас қылыштан айни ма? Ол — жарқ-жұрқ етіп, байтақ даланы дүбірлеткен қалың әскерді көрсетті.
— Кәп осы алмас қылыш кімнің қолында болады, сонда ғой, — деді Оңай батыр ханға сәл бұрылып, — кім оны қалай ұстайды, қандай арман үшін жауына салады.
— Жөн айтасың, — деді Қасым, — бабын таппасаң қыран құс қасқыр ала алмайды, — сөйтті де ол қалың қол аттанып бара жатқан күншығыс пен оңтүстікке қобалжи қарады. — Ел шетіне жау келді, алмас қылыш тағы қынабынан суырылды... Арты немен тынбақ?

1 І р б і з — ескі түркі тілі — леопард.

2 Е р а т — ескі түркі тілі — әскер деген мағынада.

3 П а н д н а м а — хандарға, ел басқаратын сұлтандарға арналған насихат кітабы (ескі түркі тілі).

1 Н а с р а н и д і н і — несториан діні.

1 Ж е й х ұ н — Амудария.

2 С е й х ұ н — Сырдария.

1 И м п р а м — көне түркі тілі, тобыр.

1 Орыс пен Дәшті Қыпшақ жауынгерлерінен құрылған «әлен асы» атты әскер құрамасы.

1 Б і р с а н а д а — жүз адам.

2 И н а л — көне түркі тілі, шешесі хан тұқымынан, әкесі қара қазақтан шыққан кісі. Бұның да хан тұқымынан шыққан ақсүйек адам екенін білдіріп, арнаулы «инал» деген ат берген.

1 Мамлюк мемлекет құлы деген сөз. Шығыс адамдары мемлекет сатып алып гвардия құрғандықтан солай аталған.

1 Асат, әсет — июнь, июль айлары.

2 Есірей — қолға түскен тұтқын деген мағынада (ескі қыпшақ термині).

1 Қытай руы ол кездегі Жетісу маңындағы қазақ руларының бірі.

1 П а с б а н — (көне түркі тілі) күзетші деген сөз.

1 Ч и н г а Т ұ р а — қазіргі Тюмень қаласы.

2 А т а л ы қ, а т е к е — әке орнына әке болып, баланы тәрбиелейтін адам.

1 Х ұ н у — гунндардың қазақша аты.

1 А - л у н ь — Арғын деген сөздің қытай транскрипциясы.

2 Оңтүстік Венгрияда қазылып жатқан әтильдің астанасы Полонния қаласынан табылған өрнек, ескі мұра үлгілері қазақ, әсіресе Арғын руының үлгілерімен іспеттес. Қайсысы қайсысынан алды — белгісіз. Тек екі елдің бір мезгілде өмір сүргенін дәлелдейді.

1 Е т р а т — көне түркі тілі, жауынгер деген мағынада.

1 Қ о л а м а н — Комнин — Византия патшасы.

1 Б а с ы м е л і — «қырық ру» Арғынның арғы атасы.

2 Т а н — Қытайдың Тан династиясы (VІ—VІІ—VІІІ ғ.ғ)

3 А р ғ ы н (көне түркі тілінде Арғұн) — ұлы, көп санды деген сөз.

1 Т а - т а (қытай тілі) — Монғолия мен Манчжурияның күншығыс жағындағы жауынгер ел. Нағашы жұрты болса да Шыңғысхан жаулап алған, әйгілі татар деген сөз осыдан шыққан.

1 Қотан хан — орыс тарихында Котаян хан деп аталады.

1 К ө р е н — монғолша, бекінген әскер, лагерь.

1 К ө р е г е н — Күрен деген сөзден алынған Шыңғыс титулы, қазақ бөтен мағына берген.

1 Б а т п а н — салмақ өлшемі. Бір батпанда 200—300 грамм ауырлық бар.

1 Т ұ н ш ы қ п а — астма.

1 К ө к і л т а ш — бірге туыспаса да, хан шешімі бойынша жас балаға аға болып саналу. Кей көкілташтар өзіне іні еткен хан баласына туған ағасындай болып кеткен.

1 Х и в а с  т е ң і з і — Каспий теңізінің аты.

1 К ө н е  ж е р  ө л ш е у  м ө л ш е р і — бір тепеде екі шаршы шақырымдай.

1 Х а н б а л ы қ — осы күнгі Пекин.

1 Жағатайды қазақтар Шағатай деп те атайды.

1 Б а с м а л ы — кейде Басым елі деп аталады.

1 Ж е т е,  я ғ н и  ш е т е — қарақшы деген мағынада. Моғолдарды шағатайлықтар осылай атаған.

2 Қ а р б а н а с — қырық рудан жаратылған деген мағынада, моғолдықтар шағатайлықты осылай атаған.

3 Е с к і  ш а ғ а т а й  т і л і — уәзір деген мағынада.

1 П а р у а — көне түркі тілі, хан соңындағы адамдар.

1 М ү н ә з а р а — көне түркі тілі, талас, өзара шешім табу.

1 Т ұ т ғ ақ — көне түркі тілі, түнгі күзетші тобы.

1 М ұ з а л и м — көне түркі тілі, қызмет дәрежесі деген мағынада.

1 С і н і ш  қ ұ с ы — шөл құсы.

1 Б а с а р — көне түркі тілі, тау жуасы.

1 Қарбас — көне түркі тілі, мата деген мағынада (сәтен).

1 М а й с а р ы,  М а й м е н е — ханның оң жағында және сол жағында отыратын кеңесшілері. Ұрыс кезінде әскердің оң қолы, сол қолы.

1 Алтын хан деп көне заманда Қытайдың солтүстігіндегі негізгі көшпелі елдерден құрылған хандықты айтқан.

1 Қ а р и — құранды жатқа білетін діни адам.

2 Шыңғысханды бертін келгенше, Шыңғыс ұрпақтарының қазақтан алған әйелдері, қазақ дәстүрі бойынша, Шыңғысхан деп атын атамай, Тыңболат деп келген.

1 Е т р а қ — сары етрақ дала, сары дала деген мағынада. (Ескі түркі тілі).

1 А ғ р ұ қ — көне түркі тілі, әскер соңындағы көш. Азық-түлік артқан керуен, кейде жорыққа бірге ала жүретін гарем, хан қызметкерлері.

1 К е с т а м — көне түркі елі дайындаған ішімдік.

1 А р б а б — қаланың белгілі адамдары деген мағынада.

2 Д и й а р — облыc (Парсы тілінде).

1 Д и в а н (фарсыша) — бұл арада хан кеңесі деген мағынада.


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 www.kazakhstanets.narod.ru


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет