Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru
78
әке балаға сыншы, бұ жағынан Әбілқайыр Маңғыт руынан алған бәйбішесінен
туған Шах-Будақтың балалары Мұхамед-Шайбани, Махмуд-Сұлтан мен Рабиу-
Сұлтан-Бегімнен туған Сүйіншік оғыланнан зор үмітті. Түбі Көк Ордаға осылар ие
болар деп қатты сенеді. Үшеуі де болайын деп тұр,
құр қол ұстай алмайсың,
жыланның баласы тәрізді әлден-ақ ысқырына қалған. Үшеуінің жастары шамалас,
тек
Сүйіншік
қана
ана
екеуінен
төрт
жас
үлкен.
Әттең
жас-
тықтары ғана ханға бөгет, әйтпесе ауыр да, қызғылықты да хан істеріне
қатынастыра бастар еді, амал жоқ, тағы бір жеті-сегіз жыл күтуге тура келеді.
Асылдан асыл туады. Әсіресе нағашысы Ақсақ Темір тұқымы Сүйіншіктен көп
жақсылық күткен. Бақты-Қожа уәзірі келіп, «Сүйіншік сұлтанда жастығына
қарамай хан ұлына керек қасиет бар екен, айтқан сөзді ұға қойды. Рабиу-Сұлтан-
Бегім анасы болса да, істеген күнәсі үшін өлім жазасына қиятыны даусыз»
дегеннен бері бұл баласына мерейін көбірек аудара түсті. «Тамырында
Шыңғысхан мен нағашысы Ақсақ Темірдің қаны бар екен, Көк Ордаға осы ие
болуы мүмкін» деп ойлады.
Бірақ кеше әбдіразақ дәруіш келіп:
— Тақсыр хан, Сүйіншік оғылан кеселге шалдыққан, тезірек емдету керек, —
деген.
— Қандай кеселге ұшырапты? — деп Әбілқайыр дәруішке сезіктене қараған.
— Бұл ауруды өзі таппаған, біреу жұқтырған. Он үш жасар баланың мұндай
кеселге шалдығуы қауіпті іс. Кеше сөйлесіп көріп едім, есі-дерті Сайын тағы...
«Шешем менің күнәкар, оны таспен шөкелетіп өлтіртем,
мені құр жақсы көрген
болады, ал бар ойы әкем тағын Күшкінші ағама алып беру» дейді.
Хан Сүйіншіктің шешесін неге таспен шөкелетіп өлтіртем деуінің себебінің
қайда жатқанын біле тұрса да, кенет арманы әке тағы бола қалғанына таң қалды...
Дәруіш: «Алтын тақты үлкен баласына алып бермек болғаны үшін, бүгін
шешесін өлтіртем десе, ертең он үш жасар Сүйіншік, ер жеткен күні «тағыңды
маған бер» деп өзіңе бас салудан тайынбайды. Жоқ, Сүйіншік науқас, әлі ақыл
кірмеген жасты мұндай ауруға біреу шалдықтырып жүр, тезірек емдету керек»,
деген.
Бұл сөзден кейін хан ойланып қалған. Бақты-Қожа уәзірдің айтуынша екі-үш
күннің ішінде Рабиу-Сұлтан-Бегімге хан соты болуға тиісті. Сол сотта Бақты-
Қожа уәзір ханымның қылмысын ашып, халық атынан үкім шығартпақ. Сол үкім
бойынша Рабиу-Сұлтан-Бегім жұрт көзінше таспен шөкеленіп өлтірілу керек. Бұл
үкімді іске асыруға туған баласы Сүйіншіктің тек «дұрыс» деп басын изеуі ғана
қажет. Бақты-Қожа уәзір айтуынша Сүйіншіктің бұны істейтініне күмән келтіруге
болмайды. Бұндай қанды оқиға хан Ордасына таңсық емес.
Оған хан қинала
қоймаған-ды. Ал әбдіразақ дәруіштің мына айтып тұрғандары басқа бір қауіпті
аңғартады. «Иә, солай. Демек, ең алдымен Сүйіншік қолымен Рабиу-Сұлтан-
Бегімнен өш алу жөн. Ал содан кейін барып, егер менің көзім тірі тұрғанда әке
тағынан үміткер ойы болса онда...».
Хан ойын әбдіразақ бөліп жіберген:
— Егер Сүйіншік сұлтан өз анасына күнәкар деп пәле тағатын жағдайға жетсе,
мен араша түсем. Ауру баланың сөзіне сенуге болмайды. Ал оның нау-
қас екені даусыз.
Ақылды дәруіш бұрын анасын жанындай жақсы көретін сұлтанның кенет
«менің анам күнәкар, ол алтын таққа Күшкінші отырсын дейді»
дегенінен хан