Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет66/102
Дата15.05.2023
өлшемі1,7 Mb.
#93224
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   102
Байланысты:
алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
130 
бастаған Бахтияр-баһадурдан кейінгі ханның ең сенімді адамы, қара аюдай алпақ-
салпақ мол денесі мен бойына біткен алып күші үшін, руының атын өз атына 
айналдырып «Қарашың» деп аталған әскер қолбасшысы Дарвиш-Хұсайын батыр, 
көшкен елдің соңынан қуып жетсе де, ештеңе істей алмады. Отыз мың сойылды 
әскерімен көш соңынан қорған боп келе жатқан Жәнібек сұлтан да бұларға назар 
аударып кейін бұрылмады. Қыр бөктерлей жортқан көкжал қасқырға тап беруге 
бата алмаса да, кейін қалып қоюға намыстанған ауыл төбеттері тәрізді, Әбілқайыр 
ханның лашкарлары алыстан садақ атып құр мазасын алып, соңдарынан жүріп 
отырды. Қарашыңның бұл тәсіліне Жәнібек таң қалды. «Сірә, менің әскерімнің 
аттан түсіп, бір жайбарақат қалар кезін күте ме? Олай болса...» Жәнібек кенет 
отыз мың әскерінің атының басын кейін бұрдырып алды да, Қарашыңның 
лашкарларына лап қойды. Арқаның жазық даласында бауырын жаза шапқан кілең 
тоқпақ жал, қамыс құлақ, бөрте мінген қалың қол заматта жау жасақтарын жан-
жағынан қоршап алды. Бұл Қыпшақ шабуылшыларының ежелгі тәсілі. Алдында 
жайбарақат келе жатқан қалың қолдан мұндай жылдамдықты күтпеген Қарашың 
баһадур кенет туған қауіпті көріп жаман састы. Отыз мың сыпай отыз мың 
садағын бір рет қана тартса орталарында қотандағы қойдай қоршалған он мың 
лашкардан не қалады? Бір адамға үш жебеден. Батырға да жан керек, Қарашың 
бітім сұрады. Бұл оқиға Даираяқтың тақыры, Шотшөт көлінің тұсында болған. 
Кешегі бауырлас рулардың қанын төгуді Жәнібек лайық көрмей бітімге келген. 
Бітім біреу-ақ; «бізге қосылғысы келген лашкарлар бізге қосылсын, ал бізге 
қосылғысы келмегендері екеу ара бір ат мініп, қалған аттарын тастап елдеріне 
қайт- 
сын. Босаған аттардың бәрі бізге қалсын». Қарашың лашкарларының үштен бірі 
Жәнібек жағына шықты. Қалғандарының елдеріне қайтқысы келді. Бірақ екінің 
бірі аттарынан айырылды. Сөйтіп алты мыңдай адам екі-екіден атқа мінгесе мініп 
кейін жүрді. Телікөл-тата тасығанда барып құятын Сегізсай Сарыаланың 
жанындағы сол кезде «Атмінгескен» деп аталатын қия жол содан қалған. 
Әскерінің қалай жеңілгенін естіген Әбілқайыр, бір кезде бүкіл Дәшті Қыпшақты, 
Мауреннахр, Қорасанды бағындырған лашкарларының енді масқара боп, мінгесіп 
қайтқанына жаман қорланды. Ашудан бір орнында отыра алмады. «Тірі жүрсем, 
Жәнібек сұлтан, осы істегеніңді алдыңа келтірмесем, Әбілқайыр атым құрысын» 
деп ант берді. Бірақ антын орындай алмай өтті. Қарашыңның қолын жеңуі — жас 
арыстан қазақ елінің жауына айбарын алғашқы көрсетуі еді. Енді ол жылдан 
жылға есейе түсті. Тағы үш жылдан кейін Керей қайтыс болып, Жәнібекті хан етіп 
ақ кигізге көтергенде, қазақ рулары бастары бірігіп, Шу, Талас, Сарысу, бүкіл 
Көкше теңіз бойын, Дәшті Қыпшақтың солтүстігіндегі Есіл, Нұра, Тобыл 
өзендеріне дейін тегіс алып болған еді. Осы жердің оңтүстігін қыстауы, 
солтүстігін жайлауы етті. Елдің елдігін, ердің ерлігін көрсететін заман енді туды. 
Тек осы шағын жерде көшіп жүре берсе, бір күні өзінен күшті Әбілқайыр секілді 
бір ханның қалың қол шығарып, қайтадан басып алатынын Жәнібек жақсы ұқты. 
Өзің күшті болсаң, өзгемен көшің қатарлассын. Ал күшті болу үшін, енді қазақ 
біржолата руға бөлініп бытырап жүруді тыйып, айбынды мемлекетке айналуы 
керек. Ұшы-қиыры жоқ далада малының әуенімен әр руы өз алдына көшіп, тарап 
жүрген қазақтың, Иран, Үндістан, тіпті қала берді тұрғын ел Мауреннахрдай 
тастай берік мемлекет болуының қиын екенін Жәнібек бұрыннан да жақсы 
түсінетін. Әйтсе де кәсібі бір, нәсілі бір, тілі бір бүкіл қазақ руының басын бір 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
131 
жерге қоса алмаса да, сол өзінің мал шаруашылығына тән көшпелі тіршілігіне 
ыңғайлы хандық құруға болатынына ол сенетін. Бұл, қазақтың тарам-тарам боп әр 
ханның қолында құрып кетпеуі үшін керек еді. Тіршілік тартысы, халықтың өзін 
сақтап қалу күресі — бәрі де бір ел болмай мүмкін емес-ті. Бұл арман халықты 
алысуға мәжбүр етті. Ал жеке мемлекет болу үшін, ел бірлігінен басқа, жауың 
сескенетін әскерің мен халқыңның мұң-мұқтажын, керегін қамтамасыз ететін, өзге 
жұртпен байланыс жасайтын кәсіпорындары, сауда-саттық жүргізетін шаһарлар 
керек. Бұл шаһарлар Дәшті Қыпшақ жерімен шекаралас Түркістан өлкесінде. Ал 
Түркістан Әбілқайыр ханның қолында. Бір кезде бұл шаһарлар қазақтың алғашқы 
ханының бірі Орысханның қарамағында болған. Орысхан Ақ Орданың туын 
көтергенде, Шыңғысхан мүлдем құртып жіберген Сығанақ, Сайрам, Яссыны 
қайтадан тұрғызған. Сығанаққа астанасын көшірген. Қазақ руларына керек шай, 
қант, мата, ыдыс-аяқ, қазан-ошақ — бәрін Үндістан, Қытай, Иран саудагерлерінен 
алып, Шығыспен сауда жүргізе бастаған. Бұның бәрі Ақ Орданың құлауымен бірге 
біткен. Ал бұл жағдайға жету үшін, құлап қалған Ақ Орданы қайта тұрғызу керек. 
Әрине Ақ Орданы қайта тұрғызу деген сөз, бүкіл Дәшті Қыпшақ жерін, Түркістан 
уәлиетін өзіне қарату деген сөз. Бұнсыз қазақ күшті ел бола алмайды, бұнсыз қазақ 
өз басын сыртқы жауынан қорғай алмайды. Осы ойдың бәрін — ел бірлігін 
күшейтіп, ру-ру боп жүрген ағайындас жұртты қазақ деген бір ел етті, сол елді, 
жан-жағындағы қанды көз жаулары бесігінде жатқанда қыршынынан қиып құртып 
кетпес үшін, айбарлы атты әскер құруды Жәнібек көп ойлады. Әрине, ондай басы 
біріккен, мол әскерлі елді мемлекетке айналдыру үшін, Ақ Орданы қайта 
тұрғызып, бүкіл Дәшті Қыпшақ жері мен Түркістанды өз қарамағына алу өте 
қажет. Алғашқы екеуі қазақ руларының берекесімен, ауыз бірлігімен байланысты 
болса, үшіншісі ұзақ тартыссыз, әсіресе Дәшті Қыпшақ ханы Әбілқайырмен қан 
майданда кездесіп, аянбай қан төгіспей шешілмейтін тілек еді. 
Түркістан Әбілқайырға да, Ақсақ Темір әмірлеріне де керек. Ал бастары жаңа 
қосылып келе жатқан қазақ руларына Түркістан уәлиетіне жататын Сырдария 
жағасындағы кенттердің маңызы ерекше зор болатын. 
Бұл ерекшелік ең алдымен Сырдария шаһарларының шаруашылық 
жағдайымен байланысты себептерден туған. 
Дәшті Қыпшақтың көшпелі еліне қаланың өнеркәсіп заттары, отырықшы 
жұрттың егісінен өнетін азық-түлігі қандай қажет болса, отырықшы елдер де 
көшпелі жұрттың өсіріп отырған малының еті, жүні, терісіне сондай мұқтаж еді. 
Ал Сырдария шаһарлары Орта Азия мен Дәшті Қыпшақтың ортасындағы сауда-
саттық бекеті ғана болып қалмады. Өздері де сол Дәшті Қыпшақ ауылдарына 
керек өнеркәсіп заттарын молынан өндіріп, екі жақтың сауда-саттық ісіне қызу 
араласты. Мұндай жағдай бұл шаһарлардың қаулап өркендеулеріне себеп болды. 
Әрине, бұл қалаларды қолына түсіру — Дәшті Қыпшақ хандарының да, 
Мауреннахр әмірлерінің де көкейтесті арманы екені даусыз еді. Қазақ хандарының 
Сырдария шаһарларына телміре қарауының екінші себебі қарамағындағы мал 
шаруашылығымен шұғылданатын елді жайылыммен қамтамасыз етуден туған. 
Қары аз, қысы жылы Сырдария жағасы көшпелі ауылдарға қысқы жағдайда 
таптырмайтын қоныс. Күннен күнге мал басы өсіп, өркендеп келе жатқан көшпелі 
жұртқа Шу, Сарысу, Талас өзендерінің бойы енді жеткіліксіз бола бастаған. Амал 
жоқ, қазақ еліне тағы жаңа қысқы қоныс іздеуге тура келді. Ал бұл жағынан 
құйқалы Сырдария қойнауларынан артық жер табу қиын-ды. Жаз малын Арқада 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет