Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет122/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 97 
Жүргіншілер келе жатқан қабат-қабат 
биіктің арасында жатқан жіңішке өзен кейде 
тарауланып көп салаға бөлініп, кейде иін 
тіркескен биіктік жартастардың арасынан 
жалғыз аяқ жолдай болып жіңішкеріп, 
жыланша иіріледі. Отағасы қозғала отырып 
сөйледі (М.Әуезов). Сіз қазір пәтеріңізге ба-
рып жуынып, тамақтанып, ұйықтап алыңыз 
(Х.Ерғалиев). 
- Болымды, болымсыз етістіктер: 
Нанарын да, нанбасын да білмей, аңырып 
қалды бәрі (Ғ.Мұстафин). астыңғы үйдегі бап-
ты аспазшы пісірген ыстық самсаны да же-
ген жоқ (Парасат). 
- Етістіктің райлары: 
Көп кешікпе, еркем, тамақ піскен кезде кел 
(С.Мұқанов). Менімен сөйлесіп, осында алып 
келіңіздер (М.Әуезов). Тағы бір соның лебізін 
естісек екен. Бірақ алыс жүрсе де, со Абайда 
ақыл мен қайрат, тіл мен тәлімнің мол екенін 
әкесі танитын (М.Әуезов). Осында етістік-
тердің құрамы жағынан дара, күрделі түрлері, 
ал етістіктің морфологиялық құрамы жағынан 
салт, сабақты етістіктер, етістер, болымды, 
болымсыз, рай түрлері т.б. жай сөйлемнің 
баяндауышы мен құрмалас сөйлемдердің ба-
ғыныңқы сыңарлары қызметінде жұмсалған. 
Осындағы: отыр екен, тартып кетті, бұрылды, 
жүре берді, бөлініп, иіріледі, ұйықтап алыңыз, 
білмей, жеген жоқ, естісек екен т.б. етістіктері 
тек сөйлемнің соңында ғана жұмсалуға бейім. 
Сонда олар сөйлем мүшесі жағынан баян-
дауыш, ал сөз тіркесінде тек етістікті сөз тір-
кесінің басыңқы сыңары қызметінде жұмсала 
алады. Осы жағынан келгенде, бұл топтағы 
етістіктер тек етістік мағынасынан әрі сөйлем 
мүшесі, әрі сөз тіркесінің басыңқы сыңары 
жағынан да нақтылай түседі. Етістіктің баян-
дауыш болу қызметі мен сөз тіркесіндегі ба-
сыңқы сыңары сөйлемнің соңында ғана жұм-
сала ма? Деген мәселеге тоқталатын болсақ, 
мұның өзі етістіктердің әрбір түрінің ішкі 
ерекшеліктеріне байланысты демекпіз. Жоға-
рыда аталған етістіктердің сөйлемнің соңында 
ғана жұмсалуы етістіктердің негізгі қасиеті. 
Сол сияқты кейбір етістіктер сөйлемнің со-
ңында баяндауыш бола отырып, енді сөйлем-
нің ішінде де жұмсалуы көбінесе барлық етіс-
тіктердің ішінде тек есімше түріне қатысты. 
Сондықтан да есімшелерде бірде етістік, бірде 
есімдерше түрленетін деп, олардың өзін осын-
дай ерекшеліктеріне қарай екі жақтан қарас-
тыру үнемі айтылып келеді. 
Қазіргі тілімізде семантикалық ерекшелігі 
жағынан да грамматикалық сыр-сипаты жағы-
нан да, фонетикалық-морфологиялық құры-
лымы жағынан да, өзге сөз таптарынан оқшау-
ланып тұратын, соған сәйкес, өз алдына дер-
бес сөз табы ретінде қаралатын бір алуан сөз-
дер-еліктеуіш сөздер. Еліктеу сөздердің син-
таксистік қызметін сөз еткенде, екі түрлі мә-
селе баяндалуға тиіс; бірі - еліктеу сөздердің 
өздерінен басқа қандай сөздермен тіркесетін-
дігі, екіншісі - еліктеу сөздердің сөйлемде 
қандай мүше болып қызмет атқаратындығы. 
Синтаксис туралы еңбектерде еліктеуіштерді 
синтаксистік жағынан онша елей бермейді. 
Сондықтан да сөз тіркесі тұрғысынан да, сөй-
лем мүшесі тұрғысынан да еліктеуіш сөздер-
дің не тіркесімдік қабілеті, не сөйлем мүшесі 
болуы айтыла бермейді. Жалпы алғанда, елік-
теуіш сөздер қимылға онда да өзі мағыналас 
етістіктермен тіркесте жұмсала алатын сөздер. 
Сондықтан олар етістіктермен тіркесіп, оның 
түрлі қимылдық қасиетін нақтылай түсетін 
болуы тиіс. Есімшелі оралым басыңқы сөзде 
тек есімше болуы керек. Есімшенің жұрнағы 
көбіне дербес мағынасы бар етістіктерге жал-
ғанатыны белгілі. Дегенмен, есімшенің жұр-
нағы кейде де көмеші етістігіне жалғанып ба-
рып басыңқы сыңарда жұмсалып күрделі анық-
тауыш жасалуы күмән тудырмаса керек. Ал 
енді сол толық мағынасы бар етістктер сияқты 
есімше тұлғалы да көмекші етістікті де күр-
делі анықтауыштар да кездеседі. Мысалы, 
Әлде бұл қазақтар орысша да жақсы түсінеді, 
оған уақытты кетіріп қажеті па? (Егемен Қа-
зақстан). Осында: Уақытты кетіріп қажеті 
қанша деген топта анықтауыш пен анықта-
лушы сөз бар. Осындағы күрделі анықтауыш: 
уақытты-табыс жалғаулы зат емес 
кетіріп-көсемше тұлғалы етістік 
қажеті-тәуелдік жалғаулы модель сөз 
қанша-сұрау есімдігі- барлығы да, бірінші-
ден, әр түрлі сөз таптары, соған сәйкес бәрі де 
әр түрлі сұрауларға жауап береді, бірақ со-
лардың бәрінің басын қосып, “әрқайсысының 
әр түрлі сұрауы болғанымен деген көмекші 
етістігі арқылы сол топтың барлығы енді қан-
дай сұрауына жауап беріп, немқұрайлылық 
абстрактілі зат есіміне анықтауыштық қыз-
метте жұмсалған. Егер уақытты кетіріп қажеті 
қанша- тобына дербес мағынасы бар есімше 
басыңқылық жасаса, онда оның есімшелі 
оралым екені дау туғызбауы айқын. Ал енді 
мынадай көмекші етістік тұлғалы топты да 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет