Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет124/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   446
 
 
Р. К. Омирбекова 
ПРИЧАСТИЕ И ЕГО РОЛЬ В ОБРАЗОВАНИЯ СЛОВОСОЧЕТАНИИ 
В статье рассматривается причастие и его роль в образования словосочетании. 
 
R. K. Omirbekova 
COMMUNION AND ITS ROLE IN THE FORMATION OF PHRASE 
The article deals with the sacrament end its role in the phrase 
 
 
 
 
 
 
 


Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 99 
А. Ж. Жұмағұлова, 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, ф. ғ. к. 
 
ЗЕРТТЕУДІҢ ЖАҢА НЫСАНЫ – Ғ. М‡СІРЕПОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ 
 
 
Көркемсөз өнерінің небір майталмандары 
сөз өнерінің бастауын жалпы халықтық тіл 
қорынан алатындығы бәрімізге мәлім. Кез
келген жазушы ‰шін халық ауыз әдебиетінің
нұсқалары, жыраулар мен жыршылардың та- 
нымы мен тағлымы мол керемет д‰ниелері, 
ғасырлар қойнауынан бізге дейін жетіп, өз 
құндылығын жоғалтпаған жыр-дастандар – 
таптырмас мектеп. 
Жалпы халықтық тілді жаңарту, байыту, 
барынша жарқырата қолдану әрбір жазушы 
шығармашылығының жемісі. Тиесілі сөзді 
тетігін тауып пайдалану сөз өрнегін келісті 
сала білген жазушының шеберлігін танытады. 
Қандай да бір шығарманың көркемдік дең-
гейін көтеретін сол шығарманың тілі. Тілдік 
құралдардың орынды қолданылуы, қаламгер-
дің сөз саптасы, әсерлі тізілген ой өрнегі – 
барлығы да шығарманың шырайын келтіретін 
негізгі шарттар. 
«Қалың көпшілік дұрыс бағалап ж‰рген-
дей, кез келген көркем шығарма өзінше бір 
өмір деп қабылданатын болса, өмірде тіл ар-
қылы қарым-қатынастың болмағы – табиғи 
құбылыс». (1. 5.) 
Тіл – стильдің жаны. Қазіргі кезде жазушы 
да, жазғыш та көп. Бірақ сол жазушылардың 
барлығының стилі қалыптасып, орнықты де-
сек, бұл – жаңсақ пікір. Жазушы стилінің қа-
лыптасуы ұзақ жылғы шығармашылық ізде-
ністің жемісі. Осы көп жылдар бойғы шығар-
машылықтың нәтижесінде жазушының қа-
лыптасып, орныққан жазу өнері, жазу мақамы 
- оның стилі. Халыққа танымал көптеген ірі 
қаламгерлердің ‰лкенді-кішілі атақты шығар-
маларын қолға алып, ‰ңіле т‰ссең-ақ, кімнің 
шығармасы екенін айнытпай айтуға болады. 
Сұлу сөзге тұнып, ұзын сонар, әдемі шира-
тылған Әуезов сөйлемдерін, өлең жолдарын-
дай өзара ұйқасын тауып, ‰йлесіп, төгіліп 
тұратын, артық деп бір ауыз сөзін де алып 
тастауға көнбейтін Аймауытов сөйлемдерін, 
есте сақтауға ерекше икемді, әрбір кейіпкерін 
«өмірдің өзінен ойып алған» Майлин сөйлем-
дерін ешкіммен шатастыруға болмас. Өзімен 
қатар қаламдастарының ішінде, оқырман-ха-
лықтың арасында стилист-жазушы ретінде
танымал болған Ғ. М‰сіреповтің де ащы мыс-
қыл мен жеңіл әзілді езу тартқыза отырып 
жеткізетін сөйлемдерін басқаның сөйлемдері-
мен шатастыру м‰мкін емес.
Ғ. М‰сірепов әдебиет әлеміне өткен ғасыр-
дың жиырмасыншы жылдарында, шығарма-
шылық жолын шағын әңгіме жазумен бастап, 
артынша с‰белі ірі туындыларын қазақ әде-
биетінің алтын қорына қосқан классик-жа-
зушы. Жазушы қаламынан «Оянған өлке», 
«Ұлпан», «Жат қолында» сияқты романдардан 
басқа, бірнеше ірі драмалық шығармалар,
әр алуан тақырыпты қамтитын әңгімелер, 
повестер шықты. Мұнан басқа жазушының 
әдебиет туралы, қоғамдағы әр т‰рлі құбы-
лыстар туралы, тіл туралы ортаға салған ой-
лары мен толғаныстары өз алдына сарқылмас 
байлық. 
Ғ. М‰сіреповтің жазушы ретіндегі шебер-
лік шыңдау мектебі, «әсемдік әлемінің» ал-
ғашқы баспалдағы – прозаның шағын т‰рі әң-
гіме болды. «Начинать работу большими ро-
манами – это очень дурная манера. Именно ей 
мы обьязаны тем, что у нас издается множество 
словесного хлама. Учиться писать нужно на 
маленьких рассказах, как это делала почти все 
крупнейшие писатели на западе и у нас.
Рассказ приучает к экономии слов, к логи-
ческому размещению материала, к ясности 
сюжета и наглядности темы», - деп жазады 
орыс жазушысы М. Горький прозаның шағын 
т‰рі әңгіме туралы. ( 2. 220.) 
«Жиырмасыншы ғасырдың басындағы қа-
зақ әдебиетіндегі «шағын әңгіменің шебері» 
жазушы Б. Майлин болған»,- дейді зерттеуші 
ғалымдар. Ал «Ғабит Майлин ізімен, бірақ 
одан басқашалау романтикалық стильде қазақ 
әдебиетіндегі әңгіме жанрын дамытып, сол 
арқылы к‰шті, татымды образдар галереясын 
жасады». (3.) 
Әрбір пенде өмірге келген соң оның өзіне 
ғана тиесілі өмір жолы басталады. Оның өмір 
жолында жақсы да, жаман да, қуаныш та, 
қайғы да қатар ж‰руі әбден заңды. Сол се-
кілді әрбір шығармашылық адамының шығар-
машылық ұлы көшке келуі де, қызығы мен 
қиындығы, азабы мен рахаты, жеңісі мен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет