6 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 тут алдында кезекшілер тұрады. Мәкең ішке
кірмек болса, кезекші студенттер:
– Біз академик Мәулен Балақаевты к‰тіп
тұрмыз. Ішке кіруге рұқсат жоқ деп, Мәкеңді
ішке кіргізбепті. Сонда Мәкең биязы қалпын
өзгертпестен:
– Еліміздің жас ұланы – студенттер, сен-
дердің тәртіп сақтағандарың да, ‰лкен адамды
құрметтеп к‰ткендерің де, оқытушыларыңның
тапсырмасын бұлжытпай орындағандарың да
өте дұрыс екен. Ендеше, сол к‰ткен адам-
дарың – Мәулен Балақаев деген мен боламын.
Мені ішке жібересіңдер ме? – деп, әрі қал-
жыңдай, әрі ешқандай дауыс көтермей сы-
пайы ғана жымия сөйлегенде, кезекші сту-
денттер аң-таң қалыпты.
Мәкеңнің Қызылордадағы алғашқы бірер
к‰ні институт ұжымымен, факультет тыны-
сымен танысуға арналды. Ретіне қарай бірді-
екілі кісілердің ‰йінен де дәм татуға келісім
берді. Мәселен, қазақ әдебиеті кафедрасының
меңгерушісі А.Тұрбековтің ‰йінде болды. Кең
дастарқан. Қонақтар да көп. Бірақ бәрі де
Мәкеңнің әдептілігі мен сыпайылығына елтіп
қалғандай. «Дәст‰рлі» у-ду, орынды-орынсыз
әзіл-оспақтың орнын аса бір ілтипатпен айты-
латын әдемі сөз, қисынды қалжың алмастыр-
ғандай. Мәкең өзінің құрдасы Ісмет Кеңес-
баевпен арадағы кейбір оқиғаларды тілге тиек
етіп, көңілді отырды. Айналасындағылардың
өзінің ыңғайына бағынып кеткенін байқаған
ұстаз:
– Сендер менің ырқыма жығыла бермей
«өздеріңнің саясаттарыңды» да ұмытпаңдар,
мұндай басқосуды дұрыс пайдаланыңдар, –
деп кеңдік танытқанмен, ешкім де ондай
еркіндікке бой алдырмады. Осы тұста бір айта
кететін жайт – Мәкең ас қамымен ж‰рген қыз-
келіншектердің де ер-азаматтермен тең оты-
рып, әңгімеге еркін араласып отыруына назар
аударды.
Осындай бір отырыста сөз алған Алма
жеңгеміз (филология факультетінің деканы
Нұрлыбек Ж‰нісовтың жұбайы):
– Мәке, өзіңізбен Алматыда әлденеше рет
кездесіп, қонақта да бірге болып едік. Сол
кезде де Сіз қыз-келіншектердің ‰стел басын-
да бірге отыруын қалап едіңіз. Сіздің бұл
ісіңіз біздің жігіттерге ‰лкен сабақ болды.
Сонымен бірге олардың біздің алдымызда
әдептілік, инабаттылық сақтауына, бізбен
санасуына, орнықты да салмақты ұстауына
Сіздің әсеріңіз өте ‰лкен. Қазір өзіңіздің
кітабыңызда (Тіл мәдениетінде) айтатындай,
«былапыт сөздер» ойдан да, бойдан да алыс-
тады. Сондықтан біздер, қыз-келіншектер,
өзіңізге мың алғыс айтамыз, – деді.
Арада біраз к‰н өткен соң, кафедра мең-
герушісі Рахметолла Сәрсенбаев Мәкеңнің
қай пәндерден дәріс оқитындығын сұрады.
Мәкең синтаксистен оқулықтардың бар екенін
айта отырып, м‰мкіндігінше, өзі бастаған тіл
мәдениеті мен стилистикадан оқуды қалады.
Бұл тіл мәдениеті пәні жаңа қолға алына
бастаған кез еді. Оның негізін қалаушы –
Мәкеңнің өзі. Оның ‰стіне, осы саладағы
Мәкеңнің дәрісі өте қызықты әрі тартымды
болды. Ол кісінің мысалдары да өзгеше еді.
Сонымен қоса ұстаз өзінің ғылым саласында
бастан кешкен қызықты естеліктерін де орын-
ды кірістіріп отыратын.
Мәкең сондай сәттің бірінде мынадай оқи-
ғаны айтып берген-ді:
«Ленинградта аспирантурада оқып ж‰рген
кезімізде Малов, Боровков, Мещанинов сияқ-
ты ірі ғалымдардың дәрістеріне қатысып ж‰р-
дік. Бірақ олардың әрқайсысы әрт‰рлі оқу
орындарында істейтіндіктен, дәрістері қа-
тар келіп қалатын да кездері болатын. Әлі
есімде, бірде кезекті дәрістен шыға сала ке-
лесі ғалымның дәрісіне ‰лгеру ‰шін автобус,
троллейбуспен бару керек, бірақ оған ‰л-
гере алмаймыз. Көп жерді айналып баратын
транспорттан гөрі, алдымыздағы қатып жат-
қан өзеннен жаяу өткен жылдамырақ бола-
тын. Бірақ к‰н жылына бастаған шақ бола-
тын. Сонда да ‰ш жігіт мұздан өтуге тәуекел
еттік. Судың ортасына жақындаған кезде
мұздың сыр бере бастағаны. Абырой болған-
да ‰шеуміз де жақсы ж‰зетін едік. Соның
арқасында ғана арғы жағаға әзер дегенде аман
жеттік-ау...». Осы сөзінен ол кісінің жас кезі-
нен-ақ ғылымға құмарлығы айқын аңғарылар
еді.
Мәкеңмен әр кездесу студенттерге жаңа
бір әлемнің есігін ашқандай әсер берді. Тың-
даушылардың саны да к‰ннен-к‰нге арта
т‰сті. Мәкеңнің дәрістері құр баяндаумен
шектелмейтін, сұрақ-жауап, пікірталас т‰рінде
өте қызықты өтетін. Ол кісінің дәріс оқудағы
шеберлігі материалды ж‰йелі жеткізуінен,
қағазға қарамай-ақ мысалдарды нақты әрі
тартымды келтіруінен, өзін-өзі ұстауынан,
тіпті тыңдаушыларымен тең сөйлесуінен де
ерекше көрінді. Сондықтан да оның тағы-
лымы айрықша болды.