Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 7 Соншама білімді, терең парасат иесі Мәкең
ешкімнің сабағына кіріп, олардың құқына қол
салуды қаламады. «Мен дәріс оқу ‰шін кел-
дім. Бәрің де бір-бір саланың мамандарысың-
дар ғой, несіне кіремін?» – деп, көңілінде
алаңдаушылық бар оқытушылардың көңілін
де жайландырып қойды.
Мәкеңнің Қызылордаға қатынасы туралы
да сұрақтар қойылып жатты. Соның барлы-
ғына да аса байыптылықпен жауап берді.
Өзінің жетім қалған к‰ндерінде Қармақшы-
дағы нағашыларының қолында екі жылдай
тұрғанын, сол жерде мектепте оқығанын ай-
тып берді. Өзі де қолы босаған уақыттарда
қаланың сыртын, Сырдың жағалауын еркін
аралағаны бар. Сыр жағасында балық та асы-
лып, қонағымыз оны с‰йсініп жегені бар.
Араға бірнеше жылдар салып оралған Сыр
өңіріне деген жайма-шуақ көңілін де білдіруді
ұмытпайтын.
Мәкеңнен алған тағы бір өмір сабағымыз
киіну мәдениетіне қатысты болды. Қандай жағ-
дайда да Мәкеңнің шалбарының қыры сынбай-
тын, тап-таза қалпында тұратын. Сөйтсек, Мәкең
бір костюмге екі шалбар тіктіреді екен. Сон-
дықтан оның таза әрі мінсіз болуына м‰мкін-
дік болады екен. Қарапайым нәрсе сияқты
көрінгенімен, мұның өзі ол кісінің мәдениетін
танытар еді.
Мәкеңмен болған бір ай осылай өте шықты.
Осы уақыт ішінде ол кісіні тіпті жақын тани
т‰стік. Ол кісінің білімдарлығына ғана емес,
адами қасиеттеріне де тәнті болдық. Б‰кіл жұрт
кетерінде аса бір қимастықпен қоштасты.
Ол кезде мен кандидаттық диссертациям-
ды қорғағанмын. Бірақ әлі бекітілмегендіктен,
көңілімде алаңдаушылық та жоқ емес еді.
Соны сезген ұстазым телефонмен әр сөйлес-
кен сайын маған дем беріп, қанаттандырып
отыратын.
Бір к‰ні Москвадан – Мәкеңнен хат алдым.
Сөйтсем, Мәкең демалысқа барар жолда ВАК-
қа кіріпті. Соның жауабын ерінбей маған
қысқаша етіп былай жазыпты: «Талғат, мен Карловая Вараға кетіп бара жатып, Москвада ВАК-қа кірдім. Сенің жайың-ды білу ‰шін әдейілеп барғанымда, маған айт-қаны мынау болды: «Диссертация отзывқа жіберілді. Содан әлі жауап жоқ. Жақында тез-дет деген хат жаздық, жақын арада жауап келеді». Біраз к‰н шыда. Бітер істің ерте-кеші жоқ. Жөнге келер. 9.VІ.67. М.Балақаев». Міне,
нағыз
ұстаздық,
ағалық қамқорлықтың
осыдан асқан қандай ‰лгісі болмақ?!
Қарап отырсам, Мәкең ол кезде 60-тар ша-
масында екен. Сыр елін, жыр елін өзі де жа-
қын таныды, ол елге өзі де мол әдемі әсер
қалдырды. Жаны жақсы адамның жан жылуы
көпке жетеді екен. Мәкеңмен бірге болған сол
бір ай өмірімдегі аса бір бақытты шақтарым
екен. Көңіл төрінде «Шіркін, Мәкең орта-
мызда болса ғой!» деген де арман жоқ емес.
Асылы, армандай алған адам болашаққа ба-
тыл қадам жасайды!
Мәкең тағылымы осы...
_______________
1. Т. Сайрамбаев. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Сөз
тіркесі. Алматы «Арыс» 2010 жыл. 606-608 беттер.