Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет13/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 5 
ұстаздың өз білгенін жастарға ‰йретуге құш-
тарлығын, тіл ғылымының тылсым сырын
бай қазынасын жастарға ‰лестіруге, бөліп
беруге асыққан ағартушылық ынтасын шә-
кірттері әзір ұмыта қойған жоқ, ұмытпайды 
да.
Мәскеуден берілген «Отличник высшей 
школы СССР» (1986 жылдың мамыр айында) 
және «Қазақстан Республикасы білім беру 
ісінің құрметті қызметкері» (2009 жылдың 
сәуір айында) деп аталатын атақтары ол кісі-
нің еңбегінің жемісі.
Талғат Сайрамбайұлы Сайрамбаев – ғы- 
лымда да, өмірде де ‰лкен мұра қалдырған,
адалдықпен, пәктікпен, тынымсыз еңбекпен 
отбасына да, еңбек еткен ортасына да, әрбір 
шәкіртіне де сарқыла тағылым берген, әрбір 
дос-жаранына қимастай тұлға бола білген ар-
дақты әке, асыл ата, жақсы жар, адал дос және 
ғалым-ұстаз.
Аяулы ұстаз, көрнекті ғалым, жастарға 
жақсы аға, жаны жайсаң қадірлі дос Талғат 
Сайрамбайұлы Сайрамбаев 2009 жылдың 20 
қарашасында 73 жасында д‰ниеден өтті. Оның 
есімі әріптестері мен шәкірттерінің, туған-
туыстарының есінен шықпайтыны хақ.
 
 
Ф.ғ.д., профессор Т. Сайрамбаев 
 
ТІЛШІ-ҒАЛЫМ МӘУЛЕН БАЛАҚАЕВТЫҢ АЗАМАТТЫҚ, 
ҰСТАЗДЫҚ ҚЫРЛАРЫ ХАҚЫНДА 
Бұл 1965 жылдың көктемі еді... 
«Қызылорда 
пединститутына 
Мәулен 
Балақаев келіп, бір ай дәріс оқиды» деген 
хабар тарап, сол к‰н таянған сайын оқытушы-
профессорлар құрамында ол кісіні тағатсыз-
дана к‰тушілер қатары көп болды. Аты б‰кіл 
елге танымал мұндай кісіні қалай к‰теміз, 
қалай сөйлесеміз деген ішкі қобалжулар да 
байқалады. 
Әрине, Қызылордаға бұған дейін де елі-
міздің т‰кпір-т‰кпірінен Сыр өлкесін тамаша-
лауға сандаған сыйлы қонақтар келіп жата-
тын. Олардың қатарында оқу орнына Мемле-
кеттік емтихан комиссиясының төрағалығына 
немесе арнайы курстар оқу ‰шін келетін 
зиялы қауым өкілдері де аз болмайтын. Әйтсе 
де Мәкеңнің орны бөлек-ті. Ол кісінің жасы 
мен жолы ғана ‰лкен емес-ті. Ең алдымен, 
Мәулен Балақаев туған тіліміздің белді де 
белгілі маманы, тіл білімінің бірнеше сала-
ларында қалам тартқан айтулы ғалым, ондаған 
іргелі еңбектердің авторы болса, екінші
жағынан, осындағы оқытушылардың басым
бөлігі Мәкеңнің ізбасар шәкірттері еді. Ал
кейбір оқытушылар атағы әйгілі ғалымды 
көруге ынтықса, енді бірқатарының «сабағы-
мызға кіріп, дәріс деңгейімізді, білім дәре-
жемізді тексеруі де м‰мкін-ау» деген к‰дікпен 
мазасы да кеткен сыңайлы. Өйткені өмір бол- 
ған соң әрт‰рлі жағдайлар кездесіп жатады.
Мәселен, кейбір асыға к‰ткен қонақтардың
арасында елдің құрметі мен қошаметіне сы-
пайылықпен, кішілікпен ізет жасап, мәдениет-
тілік танытатындар да, керісінше, өзін тым 
жоғары санап, кеткенше елдің ығырын шыға-
ратындар да ұшырасып қалатын. 
Ақиқатын айту керек, Мәкеңнің Қызылор-
даға келгендегі өзін-өзі ұстауы, дәріс беру 
кезіндегі әдебі, көңіл к‰йі, телегей-теңіз бі-
лімі, т.б. қасиеттері кімге болса да ‰лгі етуге 
тұрарлықтай еді... 
Мәкеңнің Қызылордаға поезбен келуі, қар-
сы алушылардың бей-берекет мазасыздан- 
дырмай, әлдекімдердің тым пысықайлығы
мен асыра сілтейтін «қонақжайлығына» да 
жол бермей, бірден қонақ‰йге т‰суінен-ақ
ол кісінің адами парасаты мен мәдениеті
бірден аңғарылып еді. Институт ұжымының, 
жекелеген шәкірттерінің дастарқанға шақыр- 
ған ізеттеріне де байыпты жауап қайтаратын-
ды. 
Мәкеңді қонақ‰йге орналастырған соң, 
ертең институтқа мен келіп алып баратын 
болып келістік. Кафедра ұжымы ол кісіні 
институтта к‰тетін болды. Оқу корпусының 
алдына ‰ш студентті кезекшілікке тағайын-
дадық. Келісім бойынша қонақ‰йге барсам, 
Мәкең институтқа өз бетінше жаяу кетіп қа-
лыпты. Сөйтіп, Мәкең Қызылорда көшесімен 
аяңдап, асықпай институтқа да жетеді. Инсти-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет