Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет17/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 9 
ізін жоғалтпау ‰шін М.Балақаев 1938 жылы 
қазақ балаларына арнап әліппе жазды. Ол 
әліппе бірнеше жылдар бойы қайта басылып 
отырды. 
Мәкең бастауыш сыныпқа арналған оқу-
лықтарында әрбір тақырыптарға байланысты 
не өлең, не әңгімеден ‰зінді алып кірістіретін. 
Осы мақсатта өзі де көп ізденетін. Оның куәсі 
ретінде Мәкеңнің ертеде өлеңдер жинағы да 
жарық көргенін айтуға болады. Сөйтіп, оның 
оқулықтарының ішкі мазмұны өз ұлтымыздың 
таным-сенім ерекшелігіне негізделетін. Әсі-
ресе Ы.Алтынсарин әңгімелерін оқулыққа жиі 
пайдаланатын.
Мәкең 1949 жылы 7 жылдық мектептер 
‰шін синтаксис оқулығын да жазды. Міне, 
осы еңбек арқылы Мәкең қаншама шәкіртке 
қазақ тілі грамматикасын ‰йретті, есімі қан-
шама қазақ жастарының жадында қалды. 
Ұзақ жыл М.Балақаев студенттерге білім 
берді, 30 жыл университетте кафедра бас-
қарды. Сонымен бірге қырықтан аса жас 
ғалымдарға жетекшілік етті. Олардың келе-
шегін айқындады. Қазақстанның бар аймағы-
нан келген қабілеті бар жастарды өз қара-
мағына алды, өсірді, ғылымда өз жолын та-
буына себеп болды. Олардың алды 80-ге таяп 
қалса, ең жас шәкіртінің өзі 60-қа келіпті. Осы 
кадрлар Қазақстанның т‰кпір-т‰кпірлерінде, 
Қарақалпақстанда, Өзбекстанда жұмыс істеп 
ж‰р. Мәкең шәкірттері тіл білімінің Морфо-
логия, Синтаксис, Аударма, Тіл тарихы, Әдеби 
тіл, Тіл мәдениеті, Стилистика, Орфография, 
Араб тілдерімен салыстыру салаларында және
оқыту әдістемесі ғылымында зерттеу ж‰ргізді. 
Мәкең шәкірттерінің бірқатары, атап айт-
қанда, Ш.Сарыбаев, Р.Әмір, Е.Жанпейісов, 
М.Томанов, Қ.Есенов, Ө.Айтбаев, М.Серғалиев, 
Х.Нұрмаханов, Л.Р‰стемов, Ф.Мұсабекова, 
Б.Хасанов, Б.Шалабаев сынды ғалымдар рес-
публикамызда және т‰ркологиядағы белгілі 
ғалымдар дәрежесіне көтерілді. Олар Ә.Хайдар, 
Р.Сыздықова, Ш.Сарыбаевтардан кейінгі тіл 
білімінің тұлғалары дәрежесіне көтерілді.
Енді сол шәкірттердің өзі қаншама шәкірттер 
дайындап, егеменді еліміздің таңдаулы тіл 
мамандарын тәрбиелеп келеді.
Мәкең шәкірттері ана тіліміздің Мем-
лекеттік тіл дәрежесіне көтерілуіне белсенді 
атсалысқан қайраткерлер сапында болды. 
Осылайша 95-ке толып отырған профессор 
М.Балақаев сынды ұлы ұстаздан тағылым 
алған шәкірттері енді өздерін ‰лкен жолда 
шыңдап келеді. 
М.Балақаев – қазіргі қазақ тілі білімінің 
негізін қалаған ғалымның бірі әрі бірегейі. Ол 
отандық ірі оқу орындарының оқытушысы, 
профессоры, кафедра меңгерушісі бола ж‰ріп, 
ғылымдағы жолын кеңейте т‰сті. Бірақ оның 
шығармашылық әлемі ішкі қайшылықтарға да 
кенде емес еді. М.Балақаев сынды ғалымның 
білімінің тереңдігі, мінезге байлығы, өзгелер-
мен сыпайы да табиғи қатынасы мен мәде-
ниеті өзге әріптестерінен шоқтығын биіктете 
т‰сетін. Ғалымдық қабілеті мен адами қа-
сиеттері бір-бірімен ‰йлесе келіп, ғылыми 
ортада оның беделін арттыра берді. Сондық-
тан да ол артына мол мұра қалдырған ғалым 
ретінде де, ешкімге ұқсамайтын ізгі болмысы-
мен де, әдемі әрі әсерлі әзілдерімен де жұрт-
шылықтың ж‰регінің төрінен орын алғаны 
кәміл. Оның айқын дәлелі ғалымның көзі тірі-
сінде де, кейін, өмірден озған соң да шәкірт-
тері тарапынан және әріптестерінен Мәкең 
туралы тек жақсы лебіздер ғана айтылатын. 
Тіпті Мәкеңнің шәкірттері де оның осы 
адами болмысын ‰лгі тұтатын, оған ұқсау- 
ға тырысатын. Мәкеңнің 80 жылдық мерей-
тойында сөйлеген бір кісі: «Мәкеңнің сон-
шама шәкірті бармыз, біздер ж‰рсек те, к‰л-
сек те, сабақ берсек те Мәкеңнің байсалдылы-
ғынан ұзап кете алмаймыз. Мәкең аспирантта-
рының ішінде жетекшісіне ұқсамайтын тек 
Б.Хасанов еді», – дегені бар.
Мәкеңнің өз ұстазына деген құрметі ерек-
ше еді. Әрине, ұстазым деген сөзді ол кісінің 
аузынан Құдайберген Жұбанов ақталғаннан 
кейін ғана естідік. Осы тұста кім кімнің шә-
кірті деген мәселе төңірегінде М.Балақаев, 
Ғ.Мұсабаев, А.Ысқақов және т.б. ғалымдар 
арасында пікірталастары да болатын. Жақын 
ж‰рген соң, ұстазымнан А.Байтұрсынұлы 
жайлы ойларын білгім келіп сыр тартқаным-
мен, «Ол кісіні біле бермеймін» дегеннен әріге 
барған емес. Шынын айту керек, А.Байтұрсын-
ұлы жайлы ол кісінің аузынан не жағымды, не 
жағымсыз бірде-бір сөз естімедім.
Байсалды ғалым сыртқа білдірмегенімен, 
ұстазы жайлы іштей тынып ж‰реді екен. 
Өйткені ол Қ.Жұбанов туралы шешіле сөйле-
генде, жыр айтқандай ерекше шабыттанушы 
еді. Кейін ұстазы туралы бірнеше естеліктерін 
жариялады, көптеген жиындарда салиқалы 
пікір білдірді. Ұстазымның ұстазына деген
риясыз құрметі оның әр ісінен, әр сөзінен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет