Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 147 тивті шындыққа айналдыруға көмектеседі не-
месе оның теріс екендігін дәлелдеп береді [2, 11].
Тіл білімінде статистиканы сәтті қолдану-
дың келесі шарты ғалымдардың статистика
базасында шешілетін лингвистикалық міндет-
тердің типтерін аз-кем айқын т‰сінуі, статис-
тиканың тілдік құрылымның әр т‰рлі салала-
рындағы және нақты тілдік немесе сөйлеу ма-
териалынан зерттеу абстракциясының әр т‰рлі
баспалдақтарындағы м‰мкіндіктерін ұғыну
болып саналады.
Мен/бен/пен, және жалғаулық шылаулары-
ның типологиялық құрылымын анықтайтын
және осы функционалдық тілдік бірліктердің
т‰рлі стильдік мәтіндерде қолданылу жағдай-
ларын көрсететін квантитативті өлшемдердің
қажеттілігімен айқындалатынын бірнеше жағ-
дайларға байланысты негізделеді. Атап айтар
болсақ: а) мәтіндегі мен/бен/пен vs. және жал-
ғаулық шылауларының таралу жиілігін кван-
титативті талдау арқылы; ә) әрбір варианттың
мәтіндегі орын алу жиілігінің көрсеткіштері
негізінде мен/бен/пен, және жалғаулық шы-
лауларының тілдегі жалпы қызмет сипатын
толықтыруға байланысты; б) мен/бен/пен, және жалғаулық шылауларының табиғатын сандық-
стилистикалық және функционалды-семанти-
калық тұрғыда талдау қажеттілігіне байла-
нысты; в) мен/бен/пен, және жалғаулық шы-
лауларының т‰рлі стилистикалық, сондай-ақ
т‰рлі жанрлық сипаттағы мәтіндердегі қыз-
метін квантитативті талдау қажеттілігі.
Осы аталған жайлардың барлығын анық-
тап, тілдік бірліктерді қазіргі квантитативті
лингвистика тұрғысында сипаттауда маңызды
деп санаймыз.
Мен/бен/пен жалғаулық шылаулары фоне-
тикалық варианттарының қолданылу аясы
тілдің жалғамалы сипатымен, типологиялық
(морфологиялық) құрылымының ерекшелігі-
мен сәйкестікте т‰сіндірілді.
Квантитативті өлшемдердің көмегімен стиль-
дік тұрғыдан әр т‰рлі мәтіндерде кездесетін
мен/бен/пен жалғаулық шылауларының вари-
анттары мен және жалғаулық шылауы жиілі-
гінің сандық көрсеткіштерінің нәтижесі өз
алдына нақтылықты беретінін атап өткен жөн.
Фонетикалық варианттар болып табыла-
тын мен/бен/пен жалғаулық шылауларының
барлық кезде бірізді тәртіппен (1-мен; 2-бен;
3-пен) орналасуы олардың т‰рлі стильдер
мәтіндерінде қолданылу жиілігінің сандық
көрсеткіштерінен гөрі, дыбыстық ‰ндестікке
негізделетіні анықталды. Жалғаулық шылау-
лардың бірізді осындай ретпен орналасуында
да тағы тілдің морфология-типологиялық ерек-
шелігінің зор рөл атқарып тұрғанын көреміз.
Яғни, қазақ лингвистерінің бұл жалғаулық шы-
лауларды осы тәртіппен орналастырулары қан-
дай-да бір заңдылықты саналы т‰рде ескер-
мей-ақ, тілдің ‰ндестікке құрылған табиғаты-
ның итермелеуінің нәтижесі болып отырғанын
аңғарамыз. Өзге тілді тұтынушы лингвист бұл
шылауларды әдеттегідей тәртіппен автоматты
т‰рде орналастыра қоюы екіталай, қазақ тілі-
нің ‰ндестікке негізделген морфология-типо-
логиялық табиғатының осы шылаулардың ор-
наласуынан іздеу ойға келе бермесі анық.
Мен жалғаулық шылауының бен және пен жалғаулық шылауынан ‰немі бұрын тұруы-
ның себебі оның барлық стильдер мәтінде-
рінде таралу жиілігінің жоғары көрсеткішке
ие болуы тұрғысынан дәлелденеді.
Сандық талдау сапалық талдаумен ұштас-
тырылып, жалғаулық шылаулардың семанти-
касы мен қызметі зерттеуді, ыңғайластық жал-
ғаулықтар парадигмасына енетін аталмыш
шылаулардың функционалды-семантикалық
антиномиялары ашылуы; қазақ тілін өзге тіл
ретінде меңгеру барысында осы жалғаулық
шылаулардың өзара орын ауыстыру м‰м-
кіндіктері зерттеуге негіз болады; сандық тал-
дау көмегімен осы шылаулардың қолданы-
луына байланысты тілдік норма тұрғысын-
дағы ережелерді анықтауға талпыныс жаса-
лады; мен/бен/пен, және жалғаулық шылау-
ларының публицистикалық, көркем әдебиет,
ғылыми стильдердегі квантитативті өлшем-
дерін талдау нәтижесінде шылаулардың са-
палық белгілері туралы жасалған тұжырымдар
өз алдына жаңалық берері де сөзсіз.
Сөйтіп, квантитативті линвистика әдісте-
рінің көмегімен алынған сандық көрсеткіш-
тер мен/бен/пен фонетикалық варианттарының
тілде пайда болуы және олардың әдеттегі
бірізді тәртіппен орналасуы дыбыстық ‰ндес-
тік тән қазақ тілінің морфология-типология-
лық құрылымына сәйкес негізделеді деген
тұжырым жасауға м‰мкіндік береді.
Мен/бен/пен мен және жалғаулық шылау-
ларының сандық жиілік көрсеткіштеріндегі
айырмашылықтары, сондай-ақ, олардың тіл-
дегі функционалды-семантикалық м‰мкіндік-
теріне де байланысты. Егер мен/бен/пен жал-
ғаулық шылаулары бір ғана мағыналық топқа
енетін бірліктерді байланыстыруға қабілетті