П. Т. Медетбекова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, ф.ғ.к., medet_73@mail.ru МЕН/ БЕН / ПЕН / ЖӘНЕ ЖАЛҒАУЛЫҚ ШЫЛАУЛАРЫНЫҢ КВАНТИТАТИВТІ ТАЛДАУЫ Б‰гінгі таңда тіл білімі ғылымының дәс-
т‰рлі квантитативті және квалитативті лин-
гвистиканың дамуы жаңа ақпараттық техно-
логияны қолдану мен лингвистиканы компью-
термен меңгеруге зор ықпалын тигізеді. Бұл
тұрғыда квантитативті талдаудың тілдік эле-
менттер табиғатын тереңірек пайымдауға
м‰мкіндік беретінін атап өткен жөн.
Тіліміздегі Мен/бен/пен, және жалғаулық
шылауларының қызметін қазақ тіл білімінің
жалпы типологиялық ерекшелігі тұрғысынан
квантитативті зерттеуі бойынша, сондай-ақ
аталмыш жалғаулықтардың т‰рлі стиль мәтін-
дерінде қолданылу сипатына орай функцио-
налды-семантикалық талдауын да қамтиды.
Квантитативті талдау ‰шін осы жалғаулық-
тардың таңдалуы олардың әмбебапты ерекше-
ліктеріне бағытталған – кез келген тілдегі
жиілік категориялардың бірі ретінде жалғау-
лықтар тілдердің жалпы типологиялық белгі-
лерін танытуға қабілетті, т‰рлі стиль мәтінде-
рінде т‰рліше қолданылады, мәтінге автор-
лықты анықтауда сенімді белгі бола алады.
Квантитативті және квалитативті тал-
дау тіл білімінде кеңінен тараған және оның
тармақталуына негіз болған. Сондықтан да
квантитативті өлшемдер тілдің жаратылысын,
табиғатын бейнелеу арқылы оның ішкі меха-
низмін терең тануға тигізер көмегі зор. Сөз
ж‰йесін зерттеуде квантитативті және квали-
тативті тіл білімінің атқарар қызметі ерекше.
Тілді зерттеудің квантитативті (сандық) және квалитативті (сапалы) талдаулары тіл бі-
лімі тарихында әр т‰рлі мезгілде және бір-
біріне тәуелсіз дамып келді. Алайда бұл тәсіл-
дер бір-біріне қарама-қайшы бола алмайды.
Қазіргі таңда тіл білімінде квалитативті және
квантитативті әдістерді синтездеу, тілдік өл-
шемдерді және сандық әдісті кеңінен қолдану
– жинақталған мәлімет пен жиіліктің маз-
мұнын береді.
Квантитативті лингвистика тілдің лексика-
семантикалық ж‰йесін, морфологиялық және
синтаксистік құрылымы мен мәтіндердің сти-
листикалық ерекшеліктерін объективті т‰рде
анықтайды.