Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет196/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 155 
тивтіліктің негізі екендігін кез келген ғалым 
мойындайды. Дегенмен, баяндауыш логика-
лық бастауыш болса да жақ, сан бойынша 
қиысатын, жіктік тұлғаларда тұлғаланып бас-
тауыштық болмыстың белгісіне ыңғайлана-
тын сөйлем м‰шесі екендігі даусыз, яғни 
бастауыш басқа сөйлем м‰шелеріне қарағанда 
ойдың иесі ретінде қолданылатындығы айқын. 
Бұл жағынан бастауыш басқа сөйлем м‰ше-
лерінен айқын ерекшелейді. Бірақ, сонымен 
қоса бастауыш жеке қолданылып өмір с‰ре 
алмаса керек, ол қалайда басқа сөйлем м‰-
шелерімен, оның ішінде баяндауышпен син-
таксистік байланыста айтылғанда ғана мағы-
налары айқындала т‰седі. Сонда бастауыш 
болатын сөздер қаншалықты ойдың иесі 
болуы негізгі шарт екендігі жеке тұрғанда іске 
аспаса керек. Олай болса бастауыш сөйлемде 
басты тұлға, бірақ оны бағынбайды деп айтуға 
келе бермесе керек.[3:66]. Сонымен бірге, 
предикативтік іс-әрекетті, сапаны білдіретін 
сөйлем м‰шесін баяндауыш дейміз. Сөйлем 
құрауға негіз болатын бас м‰шелер, әсіресе 
баяндауыш, ойды құрастыруға арқау болады. 
Бас м‰шелер болмаса басқа м‰шелердің 
болуы да м‰мкін емес. Өйткені анықтауыш, 
толықтауыш, пысықтауыштар, алдымен сол 
екі бас м‰шенің маңына топтанады, қала берді 
бірін-бірі анықтап, толықтырып, сөйлемнің 
құрамына ене алады. Осыларды ескере кел-
генде, предикативтілік – барлық сөйлем фор-
маларына тән, сөйлемді қарым-қатынас бірлі-
гіне жатпайтын сөз, сөз тіркесінен ажырата-
тын бірден-бір қасиет, белгі. Предикативтілік 
туралы тұжырымның екі қағидасы бар: бірін-
шісі – предикативтілік – сөйлемді сөйлем ететін 
ең басты синтаксистік категория. Предикатив-
тіктің мағынасы мен қызметі сөйлем мазмұнын 
шындық болмысқа теңестіру болып танылады. 
Бұл предикативтіліктің ажырамас қасиеттері – 
модальділік, шақтылық, жақтылық тәрізді 
синтаксистік категориялары арқылы іске 
асады; екіншісі – сөйлемді құраушы бөліктер 
(компонент) арасындағы арнайы қатынас.
Модальділік объективті және субъективті 
болып екіге бөлінеді. Объективті модальділік 
– сөйлемдегі хабарламаның (сообщение) шын-
дық болмысқа қатысы. Бұл екі тұрғыда көрі-
неді: біріншісі – реалды іс-әрекет, қимыл-қоз-
ғалыс, оның ‰ш шақта (осы, келер, өткен) 
өтуі; екіншісі – реалды емес іс-әрекет, қимыл-
қозғалыс, яғни, бұйрық, қалау, тілек, қажет-
тілік тәрізді хабарлама т.б. Реалды модаль-
ділік ашық райдың ‰ш шағында көрінеді. 
Мысалы: Қарашоқыдағы қыстауға келген соң 
Абай ең әуелі әкесіне бармай, К‰нкенің ‰йіне 
кірді. Мұнда Абайдың ең жақсы көретін 
туысқаны – Құдайберді көптен бері науқас 
болатын. Алдымен соған амандасып, жайын 
білмек. Құдайберді биік төсек ‰стінде жө-
теліп жатыр екен т.б. (М.Әуезов). 
Қазақ тілінде предикаттық қатынас екі 
т‰рлі жолмен айқындалады: бірінші, компо-
нентте екі негізгі м‰шенің бастауыш пен баян-
дауыштың қатар айтылуы арқылы, екінші, 
баяндауыштың тек жіктік формасы арқылы. 
Мұның алғашқысын предикаттық қатынастың 
аналитикалық немесе аналитика-синтетика-
лық тәсіл арқылы көрінуі де, соңғысын син-
тетикалық тәсіл арқылы көріну дейміз. Мы-
салы: Сендер тәлтіректеп белестен асып 
кеткенше, мен көз алмай қараумен болып едім 
(Б.Майлин). Ақырында осы отырған жұрт 
Нілді мен Қарағандыны мына Боздақ пен 
Байжандікі деп тапты да, өзгеміз соған қол 
көтеріп шықтық (Ғ.М‰сірепов). 
Мысалдың бірінші сөйлеміндегі бағының-
қы компонент баяндауышы болып тұрған 
«асып кеткенше» деген к‰рделі сөз ешбір жақ-
қа тәуелді емес, жеке алғанда оның бойында 
баяндауыштық қасиет те жоқ. Оны баян-
дауыштық дәрежеде көрсетіп, белгілі бір 
жақтық мән беріп тұрған – «сендер» деген 
бастауыш. Егер ол болмаса, тіркесте сөйлем-
дік қасиет, яғни предикаттық қатынас пайда 
болмайды. Предикаттық қатынастың бұл көрі-
нісі – аналитикалық тәсіл көріну деп аталады. 
Ал мысалдың соңғы сөйлемінде де преди-
каттық қатынас әр компонент баяндауыштар-
дың (Боздақ пен Байжандікі деп тапты, қол 
көтеріп шықтық) формасы арқылы да, олар-
дың әр қайсысының дербес айтылған бас-
тауыштары арқылы да (жұрт, өзгеміз) беріл-
ген. Бұл тәсіл предикаттық қатынастың екі 
жақты, яғни аналитикалық-синтетикалық жол-
мен көрінуі делінеді. Осы арада предикаттық 
қасиеттің көрсеткіші саналатын жақ кате-
гориясы жөнінде де айтып кетсек болады. Ол 
‰шін жақ категориясының бірден-бір құры-
лымы етістік болатындығын ескерген Т.Сай-
рамбаевтың осы мәселенің төңірегінде ай-
тылған пікірі негіз болуға әбден лайық. Ол 
«синтаксистік жақ категориясы – айтушы, 
тыңдаушы және ІІІ бір жақта айтылады да, ол 
көрсеткіш етістік арқылы көрінеді. Етістіктің 
жақ категоиясы отыр, тұр, ж‰р, жатыр етіс-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет