Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 149
Меңгеру әдетте етістік сөздермен байла-
нысты
қаралатыны белгілі, яғни етістіктің
семантикалық табиғаты белгілі бір септік
жалғауындағы сөзді іздеп тұрады. Сондықтан
есім сөздер септік жалғау формасындағы
сөздерді бағындыру м‰мкіншілігіне ие болу
‰шін сөйлемде етістіктің қызметін атқарып,
баяндауыш функциясында жұмсалуы керек.
Есім меңгеру негізінде құрылатын сөйлемдер-
дегі баяндауыштың
қызметін көбінесе сын
есімдер атқарады, зат есімдер бұл қызметте
сирек жұмсалады, жұмсалған к‰нде де, көп-
шілігінде септік жалғауындағы есім сөздерді
меңгере бермейді. Мұның өзі де сын есім-
дердің не
басқа да сапалық, модальдық есім-
дердің зат есімнен гөрі етістік табиғатына
жақындығынан болса керек. Меңгерiле байла-
нысқан сөз тiркестерiнiң ерекшелiгiн олардың
құралу тұрғысынан қарап айырамыз. Олар
ба-
рыс, шығыс, табыс, жатыс, көмектес жал-
ғауларының бiрiнде болады да, басыңқы сөз
сол жалғаудағы сөздi
керек ететiн етiстiк не
есiм болады. Меңгерушi сөз жетектеушi де,
меңгерiлушi оның жетегiне ерушi сөз болады.
Қарастырып отырған шығармада меңгерiле
байланысқан есiмдi сөз тiркестерi онша көп
кездеспейдi және барлық есiмдер бiрдей
ондай сөз тiркесiнiң меңгерушi сыңары бола
алмайды. Есiмдердiң iшiнде көбiнесе бас-
тауыштың к‰йiн,
халiн бiлдiретiн сөздер
есiмдi сөз тiркесiнiң басыңқы сыңары болып
жиi жұмсалады. Жалпы есім сөз таптарының
басыңқылық қызметі жайында алғашқы мәлі-
метті берген ғалым профессор М.Балақаев:
«Меңгеретін сөздер – етістіктер, есімдер (көбі-
несе сын есім, шылау сөздердің бірқатары;
кейде есім мен етістік бірлесіп меңгереді», -
деп, меңгеріле байланысқан сөз тіркесінің
басыңқы сыңары қызметінде жиі жұмсалатын
сөз таптары есімді
сөз таптары екенін айтқан
болатын [2; 208].
Профессор Ә.Аблақов: «Меңгеру, негізін-
де, етістікке тән қасиет, сондықтан есімдер
етістіктер сияқты септік жалғаулы сөздермен
еркін тіркесе бермейді», - деп, есімдерге қара-
ғанда етістіктердің тіркес құрау қабілеті мол
екендігін дұрыс көрсетеді [3;5].
Шығармада меңгеріле
байланысқан есімді
тіркестер барыс, шығыс, жатыс, көмектес сеп-
тіктерінде жұмсалған. Олардың әрбіреуінің
өзіндік қолданылу аясы мен жұмсалу ерек-
шелігі бар екенін байқадық. Олар негізінен
төмендегідей жолдармен жұмсалған:
Достарыңызбен бөлісу: