Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет197/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   446
156 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
тіктеріне тікелей жалғанады да, ал басқа етіс-
тіктерге т‰рлі қосымшалардан соң жалғана 
келе, етістік баяндауыштың қай жақта тұр-
ғандығын көрсетіп, әрі сол көрсеткіші арқылы 
бастауыш та белгілі болады. Мұның өзі 
баяндауыштағы жақтық көрсеткіші арқылы 
бастауыштың қай жақта тұрғандығы мен 
етістіктің де сол жақта тұруы бір-бірімен 
ұштасып, екі жақты байланысқа т‰седі де, 
бірін-бірі толықтырады. Бастауыш та, баян-
дауыш та екі жақты баяндауыштың бірінде 
баяндауыш арқылы көрінсе, бастауышта кө-
біне есімдіктер арқылы көрінеді. 
Сөйлемнің ең негізгі қаңқасы предикат-
тылық десек, одан кейінгі мәселе - сол сөйлем 
арқылы адамның қуану, шаттану, еркелету, 
шошу, ашу-ыза, к‰діктену, к‰шейту, әсерлеу, 
құптау, құптамау, жақтырмау, сену, м‰мкін-
дік, керектілік, болжалдық, т.б. қасиеттері
яғни, олардың семантикалық белгілерін 
айқындау – екінші орындағы мәселе. Ал сөй-
лемнің бойындағы мұндай қасиеттердің бар-
лығы да модальділік белгісі арқылы беріледі 
де, олардың негізгі көрсеткіштері рай кате-
гориясы, модаль сөздер мен демеулер және 
интонация болуы тиіс. Бұл Т.Сайрамбаевтың 
сөйлемге тән тағы бір қасиет модальділікке 
байланысты айтылған пікірі. Яғни, модаль-
ділік категория сөз иесінің беріліп отырған ха-
барға өзіндік көзқарасын байқатады. Ол өзінің 
мағынасы арқылы сөйлемнің айтылу мақса-
тын, сазын білдіреді. Модальділіктің сипатына 
қарай сөйлемдер хабарлы (Оқу басталды), 
бұйрықты (Ертең ерте кел), сұраулы (Мынау 
кімнің кітабы?), лепті (Қандай тамаша! Кө-
рінбе көзіме!) боп бөлінетіндігі белгілі. Модаль-
ділік категориясының сыртқы материалдық көр-
сеткіші- интонация мен әр т‰рлі морфология-
лық және лексикалық элементтер. Модальді-
лік мағынаның көрінісі, берілуі тілдерде бір-
келкі болмайды Модальділік мағына материал-
дық жағынан грамматикалық та, лексикалық 
та болады. Грамматикалық модальділік белгі 
сөйлемде негізінде етістік райлары арқылы 
жасалады. Бұл жағынан алғанда, модальділік 
категориясы передикаттық категориямен ‰нде-
седі десек болады. Ал лексикалық модальділік 
белгісі көбіне тілдегі модаль сөздер арқылы 
көрініс табады (Ол оқиды – ол, әрине, оқиды 
т.б.). Осының ішінде модальділік категория-
сының көрсеткіштерінің бірі демеуліктердің 
рай категориясына қарағанда өте эмоциональ-
дық қасиетін таныту жағы басымырақ екенін 
көреміз. Жалпы, демеулердің т‰рлерінің аты-
ның өзі олардың ондай сөйлемдерге қандай 
мағына ‰степ тұрғандығын көрсетуімен нақ-
тыланады [9:7]. 
Қорыта айтқанда, ғалым Т.Сайрамбаев 
қазақ тіліндегі сөйлемнің негізгі белгілерінің 
ғылыми теориясының қалыптасуына ‰лкен 
‰лес қосты деуге толық негіз бар. Ғалымның 
синтаксистік ғылыми жаңалықтары арнайы 
қарастыруды қажет ететін мәселелер. 
______________ 
1. Жубанов Х. Исследования по казахскому языку. 
Алма-Ата, 1966 
2. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қыс-
қаша курсы А.,1950 
3. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. А. 1966 
4. Сайрамбаев Т. Сын есімді етістік сөз тіркестері // 
Қазақ тілімен әдебиеті. № 1. 1999./ М.Жолшаевамен бірге. 
5. Виноградов В.В. Вопросы грамматического строя
М., 1955 
6. Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі к‰рделі сөз 
тіркестері. А., 1981 
7. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. А. 1966 
8. Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. А.,1998. 
9. Закиев М. Синтаксический строй татарского языка, 
Казань, 1963. 
* * * 
В статье рассматриваются принципы ученого профессора Т.Сайрамбаева о предложениях в казахском языке. 
* * * 
The article deals with the principles of sentences in Kazakh language according to Professor T. Sairambaev. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет