Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет215/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   446
 
Ж. Суйинжанова 
Лексикализация словосочетании и их семантические развития в казахском языке 
В статье рассматривается лексикализация словосочетании и их семантические развития в казахском языке.
 
J. Suyinzhanova 
Phrases lexicalization and their semantic development in Kazakh language 
In the article the phrases lexicalization and their semantic development in the Kazakh language are considered. 
 
 
Г. Қ. Темірбекова, 
ОҚПУ доценті, ф.ғ.к. 
 
АТАУЛЫ СӨЙЛЕМДЕРДІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ЖӘНЕ ГРАММАТИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ 
 
Атаулы сөйлемдер деп арнайы хабарлау 
мақсатында қолданылатын және осының 
негізінде предикативтілік пен модальділікті 
білдіретін синтаксистік мағына беретін, құ-
рылымдық негізін атау тұлғасындағы немесе 
заттанған форма құрайтын сөйлемді айтамыз.
Мұндай атау септігіндегі немесе заттанған 
форма аясында құрылған арнайы хабарлау-
ларды мына төмендегі мысалдардан көруге
болады: 16 желтоқсан. 1986 жыл. Республика 
алаңы. Кеш. Айдала. Көлдің биік қабығы. 
Әлсіз жел. Иесіз қыстау. Ақан. Тілсіз бала. 


Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 169 
Арнайы хабарлау дегеніміз сөйлеу адре-
сатына болмыс туралы кейбір мәліметтерді 
жеткізу мақсатындағы ерекше коммуникатив-
тік сөйлеу актын айтамыз. Адресат санасы 
мен сөйлеу адресатының болмысын м‰шелей 
келе, оны тілдік құралдармен белгілеп, арнайы 
хабарлау дегеніміз санада объективті заттарды 
(заттар, көріністер, белгілер және олардың 
арасындағы детерминативті байланыс) бейне-
лейтін және айтушы тарапынан оларға субъек-
тивті қатынасты біріктіретін тілдік қатынас, 
құрал коммуникативті жағдайдың белгісі бо-
лып табылады [1,14]. 
Атаулы сөйлемдер өздерінің референттік 
қызметін әрт‰рлі орындайды, әрт‰рлі дено-
татты мағына береді. Денотатты мағына де-
геніміз синтаксистік конструкцияның номина-
тивті (атаулы) құралымен көрсетілген бол-
мыстың шындықтағы немесе қиялдағы объек-
ті туралы жеке көрінісін айтамыз. 
Атаулы сөйлемдердің денотатты мағынасы 
жағдайдың белгісін немесе заттық атауын 
білдіретін болмыс туралы жеке көрініске қыз-
мет етеді. Бұлардың бәрі бейнелеудің арнайы
объекті өзіндік мән, маңыз ретінде қолда-
нылады. 
Атаулы сөйлемдердің мағыналық ерекше-
лігі арнайы сипаттағы сигнификатты және 
денотатты мағынамен байланысты болады. 
Сигнификатты мағына заттың атауы бере-
тін, сол зат туралы т‰сінікпен сәйкес, атаулы 
(бір құрамды есімді) конструкциялар. Бір 
құрамды есімді пікірдің денотатты мағынасы 
сөйлемді тікелей ж‰зеге асырушы ретінде зат-
тың жағдайы туралы хабарлаумен байла- 
нысты. Денотатты мағына коммуникативті 
сөйлеу актына қатысушылар санасындағы 
болмысты бейнелейді, ал болмыс фрагменті-
нің өзіне тең емес және тілдік сәйкестікте зат-
тың сөз-т‰сінік т‰ріндегі және шындық пен 
қиялдағы зат туралы жеке көрінісіне негізде-
леді [2,18]. 
Көптеген тілдік қатынастарда белгілеудің 
шындық объектілері қатынаспайды, тек олар-
дың денотаттары мен белгілері ғана қолда-
нылады, өйткені ол белгілер біздің д‰ние 
туралы, оның біздің санамыздағы объектілері-
мен сәйкес келеді. Олай болса , Алғашқы қар 
деген атаулы сөйлем сөйлеуде табиғаттың бір 
көрінісі бір мағына береді. Пікірдің денотатты 
мазмұны бірдей – алғашқы қардың т‰суімен 
байланысты табиғаттың шындық қалпы 
туралы хабарлау. 
Пікірдің немесе сөйлемнің мағыналық 
ұйымдасуы табиғат құбылысымен байланыс-
ты Алғашқы қар туралы хабар көптеген ассо-
циацияға толы болғанымен, сигнификатты 
және денотатты деңгейде бір компонетті бо-
лады. Олардың ойдағы және тілдегі кейбір 
бейнеленуі келесі сөйлемдердің мазмұны бо-
лады. 
Атаулы сөйлемдер предикативті белгі ре-
тінде тұрмыс процесін білдіре алмайды. Олар-
дың құрамында етістіктің нольдік формасы 
болмайды, байланыстырушы уақытқа және 
модальділік мағынасынан бөлек, баяндауыш-
тың бастауышқа формальды грамматикалық 
тәуелділігін көрсетеді, баяндауышты бас-
тауышпен байланыстырады. Байланыстыру-
шы тек екі синтаксистік компонеттен тұра- 
тын, бастауышты-баяндауышты қатынастағы 
грамматикалық байланыста қолданылуы м‰м-
кін. 
Атаулы сөйлемдерде екі бөлек мағыналы 
компонеттер де, бастауышты – баяндауышты 
қатынас та жоқ, байланыстырушы жоқ, болуы 
м‰мкін де емес. 
Атаулы сөйлемдердің құрылымдық және 
предикативті негізін тәуелсіз қолданыстағы 
зат есім формасы құрайды. Мысалы: Қыс. 
Ымырт. 
Атаулы сөйлем айтушының қабылдауы-
мен шектелген, уақыт шеңберіндегі табиғат-
тың қалпын белгілейді. 
Атаулы сөйлемдердің маңызды ерекшелігі 
зат есім мен атрибутивті сөз тіркесінің тәуел-
сіз сөз формасынан тұратын синтаксистік құ-
рылым ретінде ғана емес, бұл тәуелсіз сөз 
формасы доминантты қалыпта, бірақ арнайы 
интонациялық құрылымда іске асырылады[3]. 
Атаулы сөйлемдердің грамматикалық схе-
масы - есімнің тәуелсіз формасы мен хабарлы, 
бұйрықты интонациямен сәйкес келетін қо-
сынды. 
Есімді конструкциялардағы интонация
пікір деңгейінде, яғни сөйлемнің нақты іске 
асуында, сөйлем схемасы, сөйлем моделі
деңгейінде мағыналы, себебі мұнда интона- 
ция предикаттық мағынаны білдіретін бір- 
ден-бір грамматикалық құрал болып табы-
лады, объективті модальдылық мағынасы 
хабарлау жағдайында заттық бейнелеу тә- 
сілі ретінде коммуникативті қатынастың су-
бъективті жоспарын құрайды, хабарлау т‰р-
леріне бөледі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет