Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет216/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   446
170 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
Атаулы сөйлемдер моделі интонацияны 
қажетті және міндетті (конструкциялық) құ-
растырушы компонент ретінде қолданады. 
Алайда интонацияны зерттеушілер сезім-
нің әрт‰рлі қалпында интонацияның барлық 
жеті негізгі т‰рлерін көрсете алатындығын 
көрсетеді. Осыған байланысты, арнайы көрі-
ніс грамматикалық және коммуникативтік ма-
ғына интонациямен тиянақталмаса, пікір диф-
ференциациясының бірден-бір құралы ретінде 
интонация қаралмайды. 
Хабарлаудың сипаты (констатация, бұй-
рық) нақтылы сөйлеу актында сөйлеу адре-
саты пікірдің интонациясы бойынша ғана 
емес, оның денотаттық мағынасымен анық-
талады, бірақ адам психикасының қабілетіне 
сәйкес хабарлауды толығымен бағалау, айту-
шының көңіл-к‰йін, сезімін, хабарлау актына 
қатысушылардың арасындағы коммуникатив-
ті және әлеуметтік қатынас пен орын, бол-
мыстың фрагменттері мен оқиғаларының 
арасындағы детерминатты байланысты ескере 
отырып, басқаша айтқанда, пікірді туғызған 
ортаны бағалау. Әсіресе, пікірдің сәйкестігі 
және денотатты мазмұны сөйлеу адресатына 
жіберілген хабарлауды бірдей қабылдауға 
м‰мкіндік береді. 
Атаулы сөйлемдердегі интонацияның құ-
раушы (конструктивті) мәні модальды- преди-
кативті мағынаны бейнелеудің формальды 
құралы ретінде, сөйлемді құрастыруға қатыс-
қандығымен шектелмейді, атаулы сөйлемдер-
дің интонациялық көрінісі б‰тіндігімен және 
өте к‰рделілігімен анықталады. Сөйлемнің 
құрылымдық негізіне кірмейтін элементтердің 
синтагматикалық актуализациялануы және 
синтагмалық м‰шеленуіне рұқсат етілмейді. 
Атаулы сөйлемдердің интонациялық көрі-
нісінің б‰тіндігі оның тема- ремаға м‰шелен-
бейтіндігімен т‰сіндіріледі, себебі интонация-
лы-құрастырушы тема-ремалық м‰шелену 
психологиялық байланыс элементтерін бейне-
лейді және тілімізде предикативтілікті атрибу-
тивтіліктен ажырататын белгі ретінде қызмет 
етеді [4]. 
Заттық категория - шындықты грамма-
тикалық тәсілмен көрсетудің бір т‰рі. Атаулы 
сөйлемдерде затты- қалыптық атаулар ж‰зеге 
асырады. Заттың шындығы туралы хабар 
бірінші орында тұрады. Атаулы сөйлемдердегі 
заттың шындығы туралы хабар, заттың бар 
екендігі, саны туралы хабарлаумен тең емес. 
Заттың бар екендігі, саны туралы хабарлау іс- 
әрекетке, етістікке с‰йенеді, ал заттың шын-
дығы туралы хабарлау зат есімге тән, заттық 
категорияға с‰йенеді. Заттың шындығы ту-
ралы хабарлау бұл санада зат елесінің (бей-
несінің) шындығы туралы хабарлау. Елестету 
мазмұнын құбылысты немесе затты тікелей 
бақылаумен сипатталуы м‰мкін, яғни болмыс 
фрагментінің уақытқа байланысты барлығы- 
мен сәйкес келеді. Елестету мазмұны затты 
немесе құбылысты қабылдаумен байланысты. 
Ауада мотор ‰нін естіп: “Самолет” дейміз. 
Атаулы сөйлемнің мәні біреу-ақ: жағдай-
ды бір сөзбен – зат есіммен белгілеп, санамыз-
да заттың шындық көрінісін елестету. 
Зат есімнің тәуелсіз формасы мен интона-
циямен берілген атаулы сөйлемдер уақыт 
ерекшелігін белгілейді. Сондықтан да атаулы 
сөйлемдердегі уақыт мағынасы грамматика-
лық категория емес, олардың модальдылы-
ғына қатысты дерексіз логикалық мағына. 
Кейде бұл дерексіз логикалық мағынаны 
“темпоральды” деп те атайды, темпоральдық 
немесе объективті уақыт тек морфологиялық 
немесе лексикалық құралдармен берілуі м‰м-
кін және де уақытты барлық тілден тысқары 
контекст элементтерімен де берілетіндігін ай-
тады. Мысалы: Қыстың басы. Ышқынған 
долы боран. Кеш. Ымырт жабылған кез. Бұл 
сөйлемдерде осы шақ мағынасы сөйлемнің 
синтаксистік құрылымында бейнеленген. 
Атаулы сөйлем құрылымы олардың кон-
текстік аумағына қарамай-ақ, тек осы шақта 
қабылданады. А. М. Пешковскийдің көрсет-
кеніндей, осы шақ белгісімен уақыттың грам-
матикалық (синтаксистік) мағынасын берудің 
айғағы ретінде осы сөйлем т‰рінің құрылымы 
қызмет етеді. Олай болса, атаулы сөйлемдерде 
уақыттың грамматикалық мағынасын беру 
‰шін тіл ж‰йесінде арнайы формальды лек-
сика-грамматикалық көрсеткіштері жоқ екен-
дігін байқаймыз [5;127]. 
Атаулы сөйлемдер - бұл өзіндік синтаксис-
тік құрылым, екі құрамды толымды сөйлем-
дерден ерекшеленетін өзіне тән белгілері бар 
бір құрамды сөйлемнің өзіндік бір т‰рі. 
Атаулы сөйлемдердің өзіне тән ерекше-
легі, біріншіден, пропозициялы емес, байым-
даумен сәйкес емес мағыналық құрылымда 
субъект-предикаттық қатынас құра алмайды. 
Оның мағыналық (логикалық, сигнификат- 
тық) мазмұны ойдың формасы - т‰сінікпен 
беріледі, яғни затты, оқиғаны м‰шелемей, зат 
есімнің негізгі мағынасында береді. Атаулы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет